Ақпараттандыру жағдайында білім ұйымдары басшыларының инновациялық кедергілерден шығуы туралы


Скачать/Жүктеу

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жұйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып өз құрылымын өзгертіп отыруы қажет. Сондықтан педагогикалық инновация бiлiм беру жүйесiн жaңартудың қажеттi факторы болып табылады. Бұл мәселеге көптеген еңбектер арнaлған мәселен, М.С Бургин (2), Н.Д Молахов, Н.И, Лaпин, А.И. Пригожин (5) «инновация», «инновациялық құбылыс» түciініктерінің негiзiн қарастырса, К. Ангеловский (1), В.А. Сластеннв (6), В.С Лазерев, С.,Ц Поляков(4), М.М Поташнвк, от. Хомерики (9) бiлiм саласындағы инновациялық құбылыстардың мазмұнын анықтайды. Инновациялық өзгерiстердiң әлеуметтiк- психологиялық кедергілерi туралы В.И Антошок, в.г Зазыкнна., Р.Л. Кричевский, Л.К Маркова, Н.Р. Юсуфбекова (10) зерттеулерiнде талдаулар жасaғaн.

Fылыми әдебиеттердегi инновациялық мәселелердiң теориялық негiздерiнiң жеткiлiктi зерттелуiне қарамастан бiлiм беру саласын ақпараттандыру iciнe жасaлған тандаулар көрсеткендей, жаңалық мектеп басшылары тарапынан үнемi түciнicтiк табыла бермейдi, кейде педагогтар тарапынан табанды қарсылықтар да кездесiп қалады. Бiлiм ұйымдары басшылары педагогтар тарапынан қалыптасып қaлған кәсптiк стереотип жаңалықты шеттеушілік, жаңашылдыққа ұмтылудың болмауы сиякты кедергiлердi кездестірiп жүp. Бұл бағыттa төмендегідей көптеген қайшылылықтарға тап болуда.

Олар:

       бiлiм беру жүйесiне деген қоғамның объективтi талaптaры мен жүйенiң жaғдайлары арасындағы;

       мектеп жүйесiне енгiзiлiп жатқан өзгерiстер мен оның қалыптасуын дәстүрлi өмip салтын сақтауы арасындағы;

      инновация жағдайында мектептi басқару қажееттіліг мен бiлiм  беру саласындағы инновациялық үpдicтi басқару теориясының жоқтығы;

      басқару қызметiнiң дәстүрлi деңгейiн жүзеге асыру мен мектеп пен қоғамның қазiргi қажеттiлiгiне сай жаңашыл шығармашылықпен  ойлай алатын басшы-нпаваторлар арасындағы сәйкессiздiк.

Бұл қайшылықтарды тек бiлiм бөлiмдерiнiң арнайы ұйымдастырған жұмысы арқылы ғaнa шешуге болады.

«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол — «жаңару, өзгеру»    дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады. Егер орыс тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiне қарасақ онда «жаңалық» сөзiнiң төркiнiнде өмiршендiк немесе тиiмдiлiк тyралы ештеңе айтылмайды, яғни «жаңа» деген жаңадан жасалған, таныс емес, белгiсiз, өткеннің орнына лаық болған деп керсетiлген .

Мектеп басшылары бұл берiлген анықтамаларды сараптай келе жаңалықтың барлығы ылғи да жағымды нәтиже бере бермейдi деген тұжырымға келдi:

-         кез келген жаңа дүние мектептiң көкейкеcтi мәселесiн шешуде басты құрал бола бермейдi;

-         әрбiр жаңа дүние белгiлi бiр жағдайда ғана туындайды және нақты бiр ғана педагогикалық мәселенi шешуге бағытталады;

-          жаңалықты пайдаланушьшар санының көбеюi, жаңа тәжiрибелердiң пайда болуы және оларды игеру жаңалықты меңгерудiң тиiмдi жағдайларын қиындата түceдi.

Әрбip жаңа педагогикалық әдiстiң екі жағы болады: технологиялық-әдісті пайдаланудың өзіндік ерекшелiктерi және жаңалықты игеруге өзіндiк әсер eтyi.

Қазiргi педагогикалық сөздiктер педагогикалық инноватиканы педагогикалық ic-әрекеттiң жаңару үрдiсiн, оның принциптерiн, зандылықтарын, әдic­-тәсiлдерiн зерттейтiн сала ретiнде қарастырады, ал педагогикалық инновация деп тәрбие мен бiлiм берудiң тиiмдiлiгiн артгыру мақсатында педагогикалық ic-әрекетке енгiзiлген жаңалыктар деп түсiндіріледi.

Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұгалiмдерден өз мінез-құлқтарын, ұстанымдарын Mүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Инновациялық ic-әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады . Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.

Креативтiк компонент икемделу, өзгеру, қайта өзгеру, бар тәжiрибенi қайта жаңарту, оны педагогикалық жағдайларға ыңғайластыруды қамтамасыз етедi. Технологиялық (iс-қимылдық) компонент инновациялық ic-ерскеттiң жүзеге асуымен байланысты, яғни жаңалықты педагогикалық үpдіске енгiзу және оның жүру барысын, іске асуын бақылау деген сөз.

Шартты компонент белгiлi бiр инновациялық жүйенi көптеген нақты зерттеулер нәтижесiмен өлшей отырып, иновацлиялық ic-әрекеттiң мақсатын, зерттеу объектiсi мен нәтижесiн түйсiнуге және бағалауға мүмкiндiк бередi.

Әдiстемелiк оқудың соңында инновацию, «педогогикалық инновация деген түсініктерді зерделей келе аудан мектеперiнiң басшылары, оқу ісінің меңгерушiлерi инновациялық жағдайда жұмыс iстейтiн бiлiм беру ұйымдарының басшылары үшiн төмендегі маңызды шарттар қажeт деп тоқталды:

-         Педагогтар бiлiктiлiгiн  жетiлдiре отырып    мектептi     басқарудағы

басымдылықтарды анықтау;

-         өзгертушi күшi бар басқаруды жүзеге асыру;

-          басқарушылық iс-әрекетте педагогикалық та, басқарушылық та тиiмдi технологияларды қалыптастыруға бағыттау.

Әдістемелік семинардың бiр сабағы бiлiм саласындағы инновациялық кедергiлердiң басты себептерін анықтауға арналды. Ф.М.Русинов, В.И.Антонюк сияқты зерттеушiлер психологиялық кедергiлер дегенiмiз әрекеттердiң, түнiктердiң, ой қорытулардың, күтудің жиынтығы дейдi, жаңалықтарға қарсы қызметкерлердiң саналы немесе ойланбай, ашық немесе жасырын, әдейi немесе кездейсоқ бiлдiретiн тepic әлеуметтiк­-психологиялық көңiл күйлерi деп түсiндiредi.

Әрекет ету және оны түciнy кезіндегi қиындықтардың пайда болуы белгiлi бiр жағдайларды объективтендіруге де бaйланысты, өйткенi ол жаңа ойлардың пaйда болуы мен дамуын тудырушы алғы шарт болып табылады.

Біздің пайымдауымызша, әрекет кедергiлерi адамның ақыл-ой қызметінің  жандануына түрткі болады, қалыптасқан «қиын» жағдайлардан шыудың әдiстерi мен тәсілдерін табуға әсер етіп, жәрдемдеседi.

Инновациялық кедергiлердiң анықтауыштары ретiнде мына параметрлердi қарастыруға болады:

  • Кедергілердің құрамы, яғни қызметкерге кері әсер етyшi нақты факторлар;
  • Кедергілер дәрежесі, теpic пікірлердің қызметкерлердiң санымен анықталады;
  •  Кедергілердің сипаты, яғни теpic пiкiрдегi қызметкерлердiң қарсылық бiлдiруiнiң формалары;

Жеке топтарда жұмыс iстей отырып басшылар инновациялық кедергiлердiң жaғымды да, жaғымсыз да жақтары бар екедігiн анықтады. Кедергiнiң оңды жақтары, бiрiншiден ол жете ойластырылмaған және шапшаң күштеумен енгiзілетiн инновациялық шешiмдердiң жүзеге асуына бөгет жасайды, өйткенi оған әлi объективтi жағдайлар пiсiп жетiлген жоқ, екiншiден, ол инновациялық үpдicтe қоздырушы күш рөлiн атқарады, жаңашылдардың қызмeтiн жандандыра отырып, олардың қол жеткенге тоқтап қалмай, iлгерiлеуi үшiн күш жұмсауын талап eтeдi, үшiншiден, кедергi әрқашан да индикаторлық қызметтi аткарады, жаңашылдарға оперативтi, тұрақты, нақты хабар бере отырып, қабылданған шешiмдердiң осал жақтарын көрсетiп бередi және инновацияның әлi де толық жұмыс жасамаған элементтерiн анықтап, аса қажеттi түзетулер жасайтын негiзгi бағыттарды көрсетедi.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы