Әлеуметтік психологиясы идеяларының қалыптасу тарихы


Скачать/Жүктеу

Жоспар:
1. Халықтар психологиясы
2. Көпшілік психологиясы
3. Әлеуметтік мінез-құлық инстинктер теориясы.

Әлеуметтік психологияның дамуының алғышарттары негізінен басқа кез-келген ғылыми пәннің дамуына ұқсас, оның мазмұны, алдымен философия ғылымының қойнауында қалыптаса бастаған,бірте-бірте дербес ғылымға айналды, бірақ ол процесс тікелей емес, басқа екі ғылым арқылы (социология мен психология) іске асырылды.
Американ зерттеушісі О. Клейнбергтің көрсетуінше, әлеуметтік психологияның көптеген проблемалары ежелгі философия жүйелерінде пайда болған.

Әлеуметтік психологиялық түсініктердің негіздері ертедегі грек еліндегі ғұлама ғалымдар Платонның «Республика» еңбегінде, Аристотельдің «Саясат» және «Этика» еңбектерінде қаланған.
Әлемнің екінші ұстазы саналған ежелгі түрік елінен шыққан Әл-Фараби бабамыз өзінің «Қайырымды қала тұрғындары» деген еңбегінде былай деп жазған: «Адам өзінің табиғатына сәйкес өмір сүруі, дамуы және жоғарғы дәрежеге жетуі үшін көптеген заттарды қажет етеді, оларды жалғыз өзі тауып ала алмайды, ол үшін адамдардың қауымдастығы қажет».

Жаңа заман философиясында (XY-XYII ғ.ғ.) Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо, Гегельдерді атап кету қажет.
XIX ғ. орта тұсында, қоғамдық процестерге қатысты көптеген ғылымдар дамуында айтулы прогресс болды. Бұл кезеңде тіл білімі қарқындап дамыды. Осы кезеңде Европада капитализмнің дамуына байланысты, әр түрлі елдер арасындағы экономикалық қатынастар көбейіп, халықтар миграциясы белсенді бола түсті. Тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың, басқа халықтың психологиялық ерекшеліктерін ескеру проблемалары туындады. Бұл проблемаларды шешу жалғыз тіл білімінің қолынан келмеді.

Сонымен бірге, осы кездерде антропология, этнография, археология ғылымдарында көптеген деректер жинақталынып, оларды түсіндіруде де әлеуметтік психологияның көмегі қажет болды.
Американ антропологы Э.Тейлор алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті туралы еңбегін тамамдады, этнограф және археолог Л.Морган америка үндістерінің тұрмысын зерттесе, француз ғалымы (социолог және этнограф) Леви-Брюль алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың ойлау ерекшеліктерін зерттеді.

Бұл кезеңдегі психология, негізінен, индивидтер психологиясы тұрғысынан қалыптасқан еді. Адамның мінез-құлқын түсіндіруде психологияны қайта қарастыру бағдарламасы енді ғана дами бастады.

Социология ғылымына келсек, оның өзі дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың орта тұсынан бастап дамыды, оның негізін қалаушы француз философ-позитивісі Огюст Конт.

Социологияда психология бағыты тез дами бастады. Сонымен екі ғылымның (психология мен социология) дамуында бір-біріне қарай қозғалыс басталды, ал ол жаңа ғылым ретіндегі проблемаларды қалыптастырумен аяқталуы қажет болды.

Көптеген алғашқы әлеуметтік-психологиялық теориялардың алғашқы формасы ретінде XIX ғасырдың ортасында Германияда қалыптасты.

Халықтар психологиясы теориясын тікелей жасағандар философ М.Лацарус (1824-1893). 1859 жылы «Халықтар психологиясы туралы кіріспе тұжырымдары» деген мақаласында авторлар, негізгі идеяларын-тарихтың негізгі күші-халықтың өзін мәдениет, дін, тіл, аңыз, әдет-ғұрыпта көрсетуі — деп түйіндеді.

Халықтар психологиясы идеясын ары қарай дамытқан В.Вундт (1832-1920) көзқарастары. 1900 ж. Вундтың он томдық «Халықтар психологиясы» еңбегі жарық көрді. Вундтың көзқарасы бойынша, психология екі бөліктен: физиологиялық психология және халықтар психологиясынан құрылуы керек. Физиологиялық психология эксперименттік пән, бірақ эксперимент жоғарғы психологиялық процесстер-сөйлеу мен ойлауды зерттеуге жарамайды. Міне, нақ осы жерден халықтар психологиясы басталады. Оның әдістері де басқаша: тіл, аңыз, әдет-ғұрып, мәдениет өнімдерін талдау.

Ресейде халықтар психологиясы идеясы белгілі лингвист ғалым А.А.Потебня зерттеулерінде қарастырылды. Лацарус, Штейнталь, Вундтжәне Потебня проблеманы әртүрлі тұрғыда қарастырғанымен, тұжырымдамаларының идеясы ортақ: психология жеке индивид санасы емес,халық санасында қалыптасқан құбылыстарға тап болды, сондықтан, осындай ерекше проблемалармен айналысатын, өзіне тән әдістері бар,психологияның арнаулы саласы болуы қажет.

Қазақстанда осындай көзқарастарды ары қарай дамытқан этникалық психология мәселелерімен айналысқан, осы ғылымның негізінқалаушылардың бірі саналатын М.Мұқанов.
Әлеуметтік-психологиялық теорияның екінші формасы бұқара, көпшілік психологиясы. Бұл теорияда жеке адам мен қоғамның өзара қатынасы қарастырылды.

Үшінші, әлеуметтік-психологиялық көзқарастар жүйесіне әлеуметтік мінез-құлықтың инстинктер теориясы жатады. Бұл теорияны ұсынған ағылшын психологы В.Макдугалл (әлеуметтік психологияның негізін қалаушылырдың бірі), оның негізгі тезисі-әлеуметтік мінез-құлықтың түпкілікті себебі адамдардағы туа біткен инстинктер дегенге саяды. Макдугалл жеті пар инстинктерді және олармен қосарласа жүретін эмоцияларды бөліп көрсетті. Оның идеяларының өте танымал болғанына қарамастан әлеуметтік мінез-құлықтың бір мақсатқа («гормэ»- ұмтылу, тілек) жетуге талпыну ғана (санадан тыс) деген идеясы психология ғылымының тарихында теріс әсерін тигізді. Инстинктер теориясының бұл идеясы салдарларын жеңу ғылыми әлеуметтік психологияның қалыптасуының маңызды кезеңіне айналды. Аталмыш көзқарастардың бәрінде де эксперименттік зерттеулердің жеткіліксіздігі көзге ұрады. Дегенмен де «әлеуметтік психология» дербес пән деген ұсыныс жасалды, енді оның эксперименттік базасын тұрғызу қажет еді.

Әлеуметтік психологияның эксперименттік кезеңіне өтпестен бұрын, алдымен оның теориялық негіздерін қарастырған Маркстіңдүниетанымына тоқтала келейік. Бұл дүниетаным XIX ғасырдың ортасында қалыптаса бастады. К.Маркстің «Капитал» еңбегін Дж.Болдуин жеке-даралық және қоғамдық сананың арақатынасында түбегейлі өзгерістер тудырған еңбектердің бірі, — деп атап көрсеткен.

Әлеуметтік психология белгілі деңгейде қоғамдық ғылымдарға жататындықтан, маркизм теориясының іргелі теориялық қағидаларын(қоғамдық құбылыстар, адам табиғаты, қоғам) қабылдауына болады. Бұл тұрғыдан алғанда, қоғамдық құбылыстардың нақты әлеуметтік-психологиялық феномендерді зерттеуде қандай көрініс беретінін қарастыру. Сонымен бірге әлеуметтік-психологияның әдіснамалық құрал-жабдықтары маркизм теориясының негізгі қағидаларына сүйенеді. Әлеуметтік-психологиялық білімнің маңызды теориялық негіздері К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин және Г.В.Плеханов, А.В.Луначарский, А.Грамшит, т.б. еңбектерінде көрсетілген. Ұзақ уақыт бойы кеңестік психологтардың көзқарасында маркстік теориялар үстемдік етіп келді. Қазіргі кезде, әрбір ғалым-зерттеушінің қандай теорияны негізге алуы, зерттеу мақсат-міндеттеріне сәйкес өзінің тізгінінде.

XIX ғасырдың басы, әсіресе бірінші дүниежүзілік соғыстар кейінгі кезең, әлеуметтік психологияның эксперименттік ғылымға айналу кезеңідеп саналады. Ресми бастамасы ретінде Европада В.Мид, АҚШ ғалымы Ф.Оллпорт ұсынған, әлеуметтік психологияны эксперименттік психологияға айналдыру қажет деген талаптары болды. Әсіресе, Америкада капитализмнің қауырт дамуына байланысты, әлеуметтік психологтардың өзекті әлеуметтік- саяси мәселелерге көңіл аударып, қолданбалы зерттеулерді жүргізу қажеттілігі туындады.

 

Пысықтау сұрақтары

1. Халықтар психологиясы ұғымына анықтама

2. Әлеуметтік психологины зерттеушіле

3. Қазақстан зерттеушілері


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы