Скачать/Жүктеу
- Жоспар
- Психолгияның жалпы тарихы
- Психлолгия ғылым ретінде. Психикалық процестер
- Негізгі түсініктер. Психология категориялары: психика, қызмет, ақыл, тұлға, мінез-құлық.
Тілдерді оқытуды ақпараттандыруға байланысты зерттеулерге сүйене отырып, орыстілді топтарда қазақ тілін оқытудағы мультимедиалық ақпараттық қорлар мен электрондық оқу құралдарының негізгі қызметтерін жіктеп көрсеттік:
1) мультимедиалық ақпараттық қорлар оқу материалын қөрнекі түрде ұсынудың, әртүрлі ақпараттарды алудың және талдаудың құралы бола алады;
2) мультимедиалық қорларды қолдану арқылы танымдық міндеттер мен тілдік оқу жағдаяттары негізінде ойлауды дамытуға; оқу материалын меңгеруге байланысты танымдық қызметті ұйымдастыруға; оқушылардың сөйлесім әрекетінің оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым түрлері бойынша тілдік және коммуникативтік дағдылары мен біліктерін және лексика-грамматикалық дағдыларын қалыптастырып, жетілдіруді ұтымды ұйымдастыруға болады;
3) мультимедиалық қорлар оқушылардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру мен басқарудың құралы бола алады. Зерттеу жұмысында мультимедиалық ақпараттық қорлардың бұл аталған ерекшеліктері мен қызметтері ғылыми негізде дәйектеліп, нақты мысалдар арқылы дәлелденді.
Шетелдік және отандық педагогикалық, әдістемелік тәжірибелер көрсеткендей, мультимедиалық бағдарламаларды тілдерді оқытуда қолдану оқушылардың тілді үйренуге деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру үшін ерекше жағдай туғызады. Оқытуда мультимедиа құралдарын қолдану дидактиканың негізгі қағидаларын кешенді түрде іске асыру үшін өте қолайлы. Экрандағы сөздердің қимыл-қозғалысы, түрлі-түсті графикалық бейнелер, аудиовизуалды көрнекіліктер, бейнеқатар, бейнефильм, диктордың даусы – мұның барлығы оқушының белсенділігі мен жоғары мотивациялық қызығушылығын тудырып, саналы түрде, өз бетінше ешқандай қорқынышсыз еркін жұмыс істеуіне, сөйтіп, оқу үрдісінің тиімді ұйымдастырылуына оң әсер етеді.
Мультимедиалық оқыту өзінің икемділігімен және вариативтілігімен де тиімді: оқытуды әр түрлі формада (өз бетінше, мұғалімнің басшылығымен) ұйымдастырудың, тіл үйренушінің тілді меңгеру деңгейі мен жеке қызығушылықтарын, ерекшеліктерін ескере оқыту мүмкіндігі зор. Тіл үйренуші үшін ең жақсы жазылған дәстүрлі оқулықтан гөрі мультимедиалық оқу бағдарламалары мен электрондық оқу құралдары арқылы тілді меңгеру әрі қызықты, әрі ыңғайлы. Әрине, мультимедиалық оқу бағдарламаларының, электронды оқу құралдарының сапасы туралы мәселенің маңызы өте зор, сонымен бірге мультимедиалық оқыту жағдайындағы оқытушының рөлін де жоққа шығаруға болмайды. Тілді мультимедиалық оқытуда мультимедиалық оқу бағдарламаларының сапасы, олардың оқу мақсаттарына сәйкестігі, оқу үрдісінде (аудиторияда, аудиториядан тыс), сабақта мультимедиалық бағдарламаны қолданудың кезеңдерін, оқытушының рөлін анықтау мәселелері өте маңызды. Сабақта тіл үйренушілердің коммуникативтік дағдылары мен біліктерін қалыптастыру мен дамытуды компьютерге біржолата сеніп тапсыруға болмайды, сондықтан мультимедиалық оқыту жағдайында оқыту үрдісін басқару мен технологияландырудағы оқытушының жаңаша рөлі мен қызметін анықтаудың маңызы зор. Оқытушының көмегінсіз, кеңесінсіз, оқытушының оқу үрдісін коммуникативтік тұрғыда ұйымдастыра және басқара алу құзырлылығынсыз қажетті коммуникативтік дағдылар мен біліктерді қалыптастыру, дамыту мүмкін емес. Сондай-ақ нақты коммуникативтік серіктессіз тілдік ортаны қалыптастыру мүмкін емес, ал тілдік орта болмаған жағдайда коммуникативтік дағдылар мен біліктер де қалыптаспайды. Зерттеу барысында мультимедиалық оқыту жағдайындағы компьютер мен білім алушының арасындағы «диалогтық серіктестік» пен тілді оқытудағы «коммуникативтік серіктестік» деген ұғымдардың ара жігі ажыратылып көрсетілді. Диалогтық серіктестік – мультимедиалық оқыту жағдайында барлық пәнді оқытуға қатысты дидактикалық ұғым, ал коммуникативтік серіктестік – тілді оқытудағы негізгі ұғымдардың бірі. Компьютерлер мен компьютерлік, мультимедиалық бағдарламалардың қазіргі техникалық, дидактикалық мүмкіндіктері жағдайында компьютердің диалогтық серіктес бола алатындығын, ал компьютер мен тіл үйренушінің коммуникативтік серіктес болу мүмкіндігі шектеулі екендігін ескере отырып, «шынайы коммуникативтік серіктес оқытушының өзі және оқытушының ұйымдастыруымен, басқаруымен құрылған коммуникативтік серіктестер жұбы немесе тобы бола алады» деген тұжырым жасадық. Тілді оқытуда тіл үйренуші мен оқытушының, оқушы мен оқушының арасындағы шынайы тілдесімнің, коммуникативтік қарым-қатынастың маңызы өте зор. Ал грамматикалық және тілдік дағдыларды қалыптастыруды, сөйлеудің эталондық үлгілері арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды белгілі дәрежеде компьютерге сеніп тапсыруға болады. Сонымен бірге, тіл үйренушілердің тыңдалымдық, айтылымдық, оқылымдық және жазылымдық дағдылары мен біліктерін қалыптастыру мен жетілдіруде, лексика-грамматикалық дағдылар мен біліктерді сөйлесім әрекетінің жазылым түрі арқылы дамытуда, тіл үйренушінің ойлау қызметін қарқынды етуде мультимедиалық бағдарламалардың атқарар қызметі зор.
Орыстілді топтарда қазақ тілін мультимедиалық бағдарлама арқылы оқыту үрдісін ұйымдастыруда тілді оқытудың және нақты сабақтың мақсат-міндеттеріне сәйкес сабақта компьютерді қолданудың кезеңдерін дұрыс анықтаудың, оқушылардың мультимедиалық бағдарламамен өзіндік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың, оқушылардың тілдік серіктестер тобындағы жұмысы кезеңінде орындалатын жаттығулар мен тапсырмалардың түрлерін мақсатқа сай дұрыс іріктеп, дайындаудың маңызы өте зор.
Зерттеу жұмысының «Қазақстандық-сингапурлық жоба бойынша дайындалған мультимедиалық оқыту бағдарламасының мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері» деп аталатын бөлімшесінде Ұлттық ақпараттандыру орталығында дайындалған орта мектептердің орыстілді сыныптарына арналған мультимедиалық оқыту бадарламасының мазмұны мен өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасалды.
Қазақ тілі бойынша дайындалған мультимедиалық бағдарламалардың мазмұны білім берудің мемлекеттік стандарттарына және типтік оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленген. Оқу материалдарын құрылымдау тақырыптық-модульдік негізде құрылған, бұл оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру үшін өте оңтайлы. Бұл бағдарламалар «Елтану», «Тұлғааралық қарым-қатынастар», «Әдет-ғұрыптар, мерекелер», «Өнер», «Саяхат», «Салауатты өмір салты», «Ғылым және техникалық прогресс» сияқты тақырыптар жүйесін қамтиды. Әрбір тақырып бойынша «Тыңдалым», «Айтылым», «Оқылым», «Жазылым», «Грамматика», «Сөздік» және «Жетістіктерді тексеру» модульдері бар.
Ғылыми-танымдық мәтіндерге байланысты берілген лексика-грамматикалық тапсырмалардың әр алуан түрі, оқушылардың монологтық және диалогтық сөйлеуін жетілдіруге бағытталған жаттығулар коммуникативтік, тілдік дағдыларды тиімді қалыптастыруға ықпал етеді. Мультимедиалық бағдарламалардың негізгі ерекшелігі сөйлесім әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым түрлерін кешенді түрде, бір-бірімен байланыста меңгертуге бағытталғандығында. Яғни, әрбір модуль сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгертуге байланысты берілген интерактивті жаттығулар мен тапсырмаларды қамтитын кіріктірілген кешен болып саналады. Бұл модульдер мынадай жұмыстардың түрлерін қамтиды: тыңдалым – мәтінді бейнеқатардың көмегімен есту арқылы қабылдау, түсіну; оқылым – мәтінді тікелей оқу, мәтін мазмұнының негізінде оқушының жадын, логикалық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған жаттықтырушы жаттығуларды орындау; жазылым – сөйлемдер құрастыру, суреттер бойынша мазмұндама жазу, диктант жазу; айтылым – мәтін мазмұны бойынша берілген суреттердің атауын дыбыстау, диалогпен жұмыс, өзінің диалогын құрастыру және өз даусын таспаға жазу, т.б. .
Мәтіндерді оқуда және сұрақтарға ауызша жауап бергенде, оқушының өз даусын жазуы, оны өзінің тыңдауы, диктордың – тілді тасымалдаушының сөзімен салыстыруы және лайықты қорытынды жасай білуі өте маңызды. Оқытушының да басқа оқушыларға кедергі жасамай, белгілі бір оқушының компьютеріне қосылуға, оның іс-әрекетін бақылауға, жауабын тыңдауға немесе онымен диалогқа түсуге мүмкіндігі болады.
«Грамматика» модулі теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Модульдің теориялық бөлімі визуалдық құралдардың (анимациялық кестелер, суреттер, сызбалар, т.б.) көмегі арқылы ұсынылған грамматикалық ережелерден, практикалық бөлімі оқушылардың жазу, байланыстырып сөйлеу дағдылары мен біліктерін дамытуға арналған жаттығулар кешенінен тұрады.
«Сөздік» модулі оқу материалын аудиовизуалды берудің көмегі арқылы оқушыларды жаңа сөздермен таныстыруға, жаңа сөздерді дұрыс айту және оларды түрлі грамматикалық құрылымдарда дұрыс қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. «Сөздік» модулімен жұмыс жасау оқушылардың сөздік қорын байытып, лексикалық дағдыларын дамытады.
Әрбір модульде ойын элементтерін енгізу арқылы әзірленген анимациялық жаттығулар бар. Жаттығулардың мазмұнына ойын элементтерін енгізу, оларды анимациялық түрде беру оқушылардың мотивациялық қызығушылығын тудырып, белсенділігін арттырады.
«Жетістіктерді тексеру» модулінде оқушылардың теориялық және практикалық материалдарды меңгеруінің негізінде алынған дағдылары мен біліктерін тексеру жүргізіледі. Оқушылардың оқу жетістіктері мен нәтижелерін тексеру лексика-грамматикалық тест тапсырмаларының көмегімен және түрлі тақырыптарға шығарма, диктант жұмыстарын жазғызу арқылы жүргізіледі, оларды оқытушы желілік технологияның көмегімен өз компьютерінде тексере алады.
Бірінші бөлімнің үшінші бөлімшесінде (Орыстілді топтарда қазақ тілін мультимедиалық бағдарламалық қорлар арқылы оқытудағы тілдік білім берудің мақсаты мен нәтижелері) шетелдік және отандық зерттеушілердің өзгетілдік білім берудің нәтижелері жайлы ой-пікірлеріне толық талдаулар жасалды.
Шетел тілдерін оқытудың теориялық, әдістемелік мәселелерін зерттеуші ғалымдар Н.И.Гез бен Н.Д.Гальсковалардың зерттеулерінде «тілдік білім беру» ұғымының көпжақтылығы туралы айтылып, олар «тілдік білім беруді»
1) құндылық; 2) процесс; 3) нәтиже; 4) жүйе ретінде қарастыруды ұсынады.
Ғылыми зерттеулерге талдау жасау барысында тілдік білім берудің нәтижесі үш деңгейде анықталатындығына көз жеткіздік: 1) жеке-тұлғалық; 2) қоғамдық-мемлекеттік; 3) жалпыөркениеттік.
Ұсынылған әдебиеттер
1.Истомина-Нуркеева А.В. Психологические основы в менеджменте и маркетинге: учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2008. – 428с.
2. Розанова В.А. Психология управления: учеб. пос.. – М.: «Альфа-Пресс», 2008 .- 384с.
3.Сластенин В. А., Каширин В.П. Психология и педагогика: учебное пособие для студентов. – М.: «академия», 2003. – 480с.
4.Руденко А.М. Психология социально-культурного сервиса и туризма.-Ростов н/Д: Феникс, 2007.- 313с.