12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫНЫҢ БЕЙІНДІК ҚАБІЛЕТІН ДИАГНОСТИКАЛАУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ РӨЛІ


Скачать/Жүктеу

Мақалада 12 жылдық мектепке өту барасындағы оқушылардың бейіндік қабілетін анықтаудағы психологиялық қызметтің рөлі, мақсаты, жұмыс бағыттары қарастырылып сипаттама берілген. Мектеп оқушыларының бейіндік қабілеттерін анықтауда қолданылатын әдіс- тәсілдердің сипаттамасы берілген.

В статье рассматривается актуальная проблема перехода на 12 летнее обучение. В этом аспекте раскрывается развитие профессиональной направленности и способности старшеклассников в системе 12- летнего обучения. Данная проблема освещается с точки зрения роли психологической службы, цели, задачи, направления работы в процессе обучения в профильных классах. 

In this article is shown actual problem of transition to the 12-th year education. According to this aspect, the development of professional directions and the abilities of senior pupils in the system of the 12-th year education are opened.

Current problem is revealed from the point of vein of roles of psychological work, aims, tasks, directions in the process of teaching in the specialized classes.   

Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік  және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы- білім беру ұйымдарында бейіндік оқытуды ұйымдастыру мен оқушылардың бейімдік қабілетін анықтаудағы психологиялық қызметін құру көкейкесті мәселе болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы халыққа Жолдауында әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдің қатарына қосылу міндеті қойылған [1]. Оны жүзеге асырудың бір өлшемі- еліміздің білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау болып табылады. Білім  беруде қазіргі таңда өзекті болып отырған бейіндік оқыту аталған мәселені шешудің бір жолы болып табылады.

Елбасымыз алдыға міндет етіп қойғандай өзіндік өмір өрнегін жасай алатын, өзіндік даму арнасын белгілеп, өмірдің қиыр көкжиегіне батыл қадам басатын бүгінгі бәсекенің қатал заңына икемді ұрпақтың тұғыры мектептен басталады. Оның алғы шарты оқушы бойында өмірлік бейімділіктерді қалыптастырумен орындалады [2].

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдаяттар білім беру ұйымдарының түлектеріне елеулі жоғары талаптарды жүктейді. Бұл жағдайда жалпы білім беру мақсаты көп міндетті құзырлармен, шығармашылық іс- әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларда бағдарлана алуға дайын адамды дамыту болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін- өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген [3]. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпаққа бейіндік оқыту мен тәрбие беру, әрі оны психологиялық тұрғыдан алдын- ала анықтау қажет деп санаймын.

Бейіндік оқыту-оқушылардың өздерінің танымдық қызығушылықтарына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға негізделген. Ол оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Әр топтағы оқыту үрдісі түрліше жүреді: білім мазмұнымен ерекшеленеді, оған қандай да бір оқыту әдістерінің, түрлерінің және формаларының басымдық рөлі, оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым- қатынас стилі өзгереді.

Бейіндік оқыту-білім беру процесінің құрылымы, мазмұны және ұйымдастырылауына өзгерістер енгізу арқылы оқышылардың қызығушылығы, бейімі мен қабілеттерін толық есепке алуға, оқушыларға олардың кәсіптік сұраныстары мен білім алуды одан әрі жалғастыру мүмкіндіктеріне сәйкес оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құралы болып табылады [4].

Оқушылар есейген сайын олардың мүддесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды. Белгілі бір пәнге қызығу мен қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай алады және тәжірибе көрсеткендей, қандайда бір пәнге қызығу танытпаған оқушылар кәсіпті таңдап алуға қиналып, оны жиі өзгертеді. Психологиялық және педагогикалық зерттеулер 13-14 жасқа дейін кәсіби ниет пен пәнге деген қызығу арасындағы ешқандай байланыс байқалмайтындығын, ал 14 жастан бастап бейімдік таңдау нақты оқу пәніне деген қызығуымен айқын байланыса бастайтындығын көрсетеді. Бұл байланыс тікелей және нақты (мысалы, физиканы зерделеуге қызығатын оқушы физик болғысы келеді) немесе жалпы сипаты (оқушы техника саласында қызмет істегісі келеді) болуы мүмкін.

Бейіндік сыныптарға арналған оқу бағдарламаларын түзу және оқулықтарды әзірлеу кезінде меңгерілетін білім мен біліктіліктердің оқушылардың психикалық дамуымен байланыста екенін түсінудің мәні үлкен [5]. Осы себепті де мектепте психологиялық қызметті құру өте тиімді болып табылады, өйткені бейіндік оқыту барысында төмендегідей мәселелер қамтылып, оқыту мен тәрбиенің сапасын арттыруға өз үлесін қосары анық, олар:

  1. Жастық деңгейге сәйкес оқушылардың тұлғалық, интеллектуалдық дамуына ықпал ету, олардың өзіндік дамуы мен анықталу қабілеттілігі қалыптастырылады.
  2. Оқушылардың кәсіби бейімділіктері анықталып, оның жан- жақты дамуына жағдай жасалады.
  3. Мектепте әлеуметтік- психологиялық жағдайдың жақсаруына жағдай туғызуға әсер етеді.
  4. Оқушыларының тұлғалық, интеллектуалдық мүмкіншілігіне сәйкес білім бағдарламаларын меңгеруде психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету қарастырылады.
  5. Әлеуметтік жағдайдың дамуына психологиялық талдау жасау, әрі келелі мәселенің туындауының алдын-алу, шешімін табуда құралдар мен жабдықтар пайдаланады.
  6. Оқушыларының тұлғалық дамуының ауытқуын анықтау, профилактикалық жұмыстар жүргізу.
  7. Психолого-педагогикалық сабақтастықтың шарттарын қарастыру, әрі оқушының жан-жақты дамуына жағдай тудырады.
  8. Оқу-тәрбие процесінде мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды психологиялық ғылыми- әдістемелік іс- әрекетпен қамтамасыз етеді
  9. 9.     Таным белсенділігі мен деңгейлері жеткіліксіз оқушылармен қосымша коррекциялық жұмыстар жүргізіледі. ж.т.с.с.

Бейіндік бағытта оқытылатын мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты болып:

  1. Тұтас педагогикалық процесті психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету;
  2. Мектептегі оқушылардың жеке- бастық, психологиялық, әлеуметтік дамуына жағдай жасауын негіздеу;
  3. Оқушылардың таным белсенділіктері мен психологиялық процестерінің даму динамикасының өсуіне жағдай жасауға ықпал ету;
  4. Оқушылардың бейіндік ерекшеліктерін анықтау мен оның дамуына жағдай жасау болып табылады.

Бейіндік оқыту барысындағы психологиялық қызметтің іс- әрекетінің негізгі бағыттары:

  • Психодиагностика- тұлға туралы жан-жақты психологиялық ақпарат жинау.
  • Психопрофилактика- дезадаптация, белгілі бір жағдайға бейімделмеудің алдын-алу немесе жағымды психологиялық жағдайды  жасау, баланың психологиялық жұмысбастылық деңгейін төмендету және алдын-алу жұмыстарын жүзеге асыру.
  • Психокоррекция-баланың психикасына  мақсатты түрде әсер ету, оның негізгі деңгейге, әрі жастық ерекшелігіне сәйкес теңестірушілік жұмыстарды жүзеге асыру.
  • Психологиялық кеңестер-ұстаздарға, ата-аналарға, оқушыларға қажетті психологиялық ақпарат бере отырып, өмірінде кездесетін қиыншылықтарды, өтпелі кезеңдерді (жастық дағдарысты) жеңуге, әрі сапалы нәтижеге жетуіне ықпал ету.
  • Психотерапия-тұлғаны сапалы тұрғыға өзгеруіне байланысты  мәселелерді жүзеге асыруға бағытталады. (Тек адамның психикалық ауытқушылығы болмаған жағдайда).

Бейнідік қабілетті дамыту мен шыңдау барысында психологиялық қызметтің жұмыс бағыттарының жүзеге асуына қатысушылар: барлық сынып оқушылары, мектептегі мұғалімдер ұжымы мен әкімшілік, оқушылардың ата-аналары.

Оқушының бейіндік қабілетін анықтауда қолданылатын психодиагностикалық әдіс-тәсілдер қатарына: сұрақнама, сауалнама, тест, іс-әрекет нәтижесіне талдау, сұхбат, байқау және тағы басқа да зерттеу әдістерін жатқызуға болады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда 12 жылдық мектеке өту барысында білім беру ұйымдарында оқушыларды  бейіндік сыныптарда оқыту келесідей көрсеткіштерге қол жеткізуде мүмкіндік береді: біріншіден, сыныптағы оқушының барлығы бірдей тереңдетілген пәнді оқуға бұрын міндетті болса, енді белгілі блоктық жүйенің бірін таңдап, бала қалауымен оқуға мүмкіндік алады. Екіншіден, бейіндік пәндерлі таңдау бойынша қабілеті есепке алына оқытылғандықтан, мұндағы оқыту үрдісі де тиімді, үйлесімді, сапалы болып шығады. Тереңдетіле құрылған бағдарламаны жақсы игеруге мүмкіндік алды. Оқыту сапасы артады. Үшіншіден, тек жақсы оқитын оқушылар ғана емес оқу қабілеті орта оқушылар да өз мүмкіндігіне қарай белгілі бір мамандықтың біріне бейімделе оқытылады. Төртіншіден, мұндай қалауымен  біріккен топты оқыту мұғалім еңбегіне жеңілдік береді, әрі оқушының қызығушылығы ескеріліп, оның бейімділігі арта түседі. Сөйтіп болашақта жоғары оқу орнында оқуға мүмкіндігі бола бермейтін шәкірттерге сұранысқа ие алғашқы кәсіптік білім беру қолға алынады. Оқушының өмірден өз орнын таба аларлық мүмкіндікке ие болуының әлеуметтік мәні бар екені көрінеді.

 Білім беру ұйымдарында бейіндік оқытуды ұйымдастыру барысында психологиялық қызметін құруда мектеп әкімшілігі мен психолог маман келесідей мәселелердің шешімін табуға ықпал етуі қажет, ол:

  • бейіндік оқыту мәселесін тереңнен зерттеуді ұйымдастыру (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес арқылы), оқушылар мен ата- аналар арасында жүргізу;
  • білім беру мен білім алуға деген сұрасынтарға диагностика жүргізу;
  • белгілі бейімділікке байланысты оқытуда арнайы кабинеттер мен оқу орындайын даярлау, құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету.
  • оқушылардың кәсіби бейімділіктерін анықтау, психодиагностикалық жұмыстар жүргізу, соның негізінде қажетті әдебиеттерді алу;
  • элективтік курстарды ұйымдастыру;
  • әр оқушының бейімін ескеру мен оның жан- жақты дамуына психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан жағдай жасау.

Қорыта келгенде 12 жылдық мектепке өту барысында оқушының оқудағы, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік қызмет саласындағы  құзіреттілігін айқындай отырып, жеке жетістіктерінің негізінде өз бейінін айқындау мен шыңдай түсуде оқытудың жаңа формалары мен психологиялық қызметті құру, әрі оның жан -жақты жұмыс жасауы көптеген тиімділіктерді береді деген сенімдеміз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында». Астана. 2006. 43б.
  2. Рахимжанов А.М. Профильное обучение: проблемы перехода и создание           эффективной образовательной среды. //Білімдегі жаңалықтар. 2008. №1 С.10-11.
  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Орталық Қазақстан. 2003. 27 желтоқсан. 3б.
  4. Мұқатаев  А.А. Бейіндік оқытуды ұйымдастыру. Қарағанды, 2009. 103б.
  5. Айсмонтас Б.Б. Педагогическая психология. Москва, 2002.  С. 102-104.

Автор туралы мәлімет 

  1. Айқынбаева Гүлден Қанатқызы
  2. Доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты, Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі
  3. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті психология кафедрасы
  4. Астана Аблайхан даңғылы 10(6), 58 пәтер 37-48-03 жұм. 35-21-03 үй. 8-701-358-77-57 Gulden_1975@mail ru

 

НАЗВАНИЕ СТАТЬИ НА 3-х языках

Айқынбаева Гүлден Қанатқызы 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫНЫҢ БЕЙІНДІК ҚАБІЛЕТІН ДИАГНОСТИКАЛАУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ РӨЛІ

Айкинбаева Гульден Канатовна РОЛЬ ПСИХОЛОГИЧЕСКОЙ СЛУЖБЫ В ОПРЕДЕЛЕНИИ ПРОФИЛЬНЫХ СПОСОБНОСТЕЙ УЧАЩИХСЯ ПРОЦЕССЕ ОБУЧЕНИЯ В 12 ЛЕТНЕЙ ШКОЛЕ

Aikinbaeva Gulden Kanatovna

THE ROLE OF PSYCHOLOGICAL SERVICES IN DETERMINING THE PROFILE OF ABILITIES OF PUPILS IN THE LEARNING PROCESS IN THE 12 SUMMER SHOOL.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы