Скачать/Жүктеу
Механикалық көлік құралының жүргізушісі мыналарға міндетті:
Мыналарды өзімен бірге алып жүруі және ішкі істер органдарының (полиция) оған уәкілетті лауазымды адамдарыныңталап етуі бойынша оларға тексеруге беруге;
көлік құралын жүргізу құқығына жүргізушінің куәлігі (жүргізуші куәлігінің орнына беріл-генуақытша куәлікжәне жүргізушініңжеке басын куәландыратын құжат); жүргізуші куәлігініңталоны; көлік құралдарына тіркеу құжаттары;
көлік құралының иесі болмағанда басқарған жағдайда — осы көлік құралына иелік етуді немесе пайдалануды, немесебилікету құқығын растайтын құжат; мемлекеттіктехникалықбайқаудан өткендігі туралы құжат;
заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі және/немесе жолау-шылардың алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі;
белгіленген жағдайларда жол қағазы мен таситын жүкке құжаттар.
Заңдарда көзделген жағдайларда, тексеру үшін Көліктік бақылау комитетінің қызмет-шілеріне арнаулы рұқсаттаманы, халықаралықтасымалды жүзуге асыру кезіндегі рұқсат-тама мен лицензияны (немесе есеп құжатын) көрсетсін. Арнаулы рұқсаттама мен рұқсат-тама болмаған жағдайда Көліктік бақылау комитетінің қызметшісіне көлік құралын басқа-ру құқығы үшін жүргізушінің куәлігін (жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік пен жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжат) алу үшін көлік құралына арналған тіркеу құжаттарын, жол жүру парағы мен тасылатын жүкке арналған құжаттарды тапсырады.
Қауіпсіздік белдігімен жабдықталған көлік құралдарында қозғалыс кезінде белдік-тенген болуы, белдіктақпаған (12жасқа дейінгі балаларды, үйретуші көлік құралын басқарған кезде үйренушінің, ал елді мекендерде, тұрғын-үй аймақтарында, бұдан басқа, шұғыл және арнаулы қызмет автомобильдерініңжәне такси жүргізушілері мен жолаушы-ларына белдік тақпауына жол беріледі) жолаушыларды тасымалдамау.
Мотоциклді басқарған кезде түймеленген мотошлем киюге және түймеленген мото-шлем кимеген жолаушыны тасымалдамау.
Халықаралықжол қозғалысына қатысушы механикалықкөлікқұралын жүргізуші: өзімен бірге Жол қозғалысы туралы конвенцияға сәйкес келетін көлік құралына тіркеу
құжатын және жүргізушінің куәлігін;
көлікқұралында өзітіркелген мемлекеттіңтіркеу және айырым белгілерін алып жүру-ге міндетті.
Көлік құралыныңжүргізушісі мыналарға міндетті:
Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі Негізгі ережелерге** және лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылар жол қозғалысы қауіпсіздігін қам-тамасыз ету жөніндегі міндеттемелеріне сәйкес көлік құралдарының дұрысжай-күйі шығар алдында тексеру және жолда қамтамасыз ету.
Ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің 5.3.-тармаққа сәйкесберілген талап етуі бойынша аялдау және оның нұсқауларын орындау.
Ішкі істер органдары қызметкерініңталап етуі бойынша мастығы туралы куәландыру өту.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін-де белгіленген жағдайларда Ережелерді білуін тексеруден өту.
Көлікқұралыныңөздігінен қозғалып кетуін болдырмайтын шара қолданбайынша, көлік құралын тастап кетуге және оны бөтен адамдардың пайдалануына бермеу.
Көлікқүралын: жолжөнекей бағытта медициналық қызмет көрсетуге кетіп бара жатқан медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ қозғалыс бағытына қатыссыз, жедел медициналықжәрдем қажет ететін азаматтарды емдеу мекемелеріне алып бару үшін медицина қызметкерлеріне, ішкі істер, органдарының және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне;
авария кезінде зардап шеккен көлік құралдарын тасымалдау, табиғи апат болған жерге жету үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақзаңда көзделген, өзге де кейін қалдыруға болмайтын жағдайларда ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметі мен ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне беру
Ескертпе:
1. Көлік қурәлдарын беру турапы тапап ету шет ел мемлекеттері өкіл-діктерінің және диппоматияпық иммунитеті бар халықаралық уйымдардың көлік қуралдарына қол-данылмайды.
2. Көлік қурапын пайдаланган адам жүргізушінің талап етуі бойынша анықтама беруі немесе жоп қагазынә жазба (жүрудің қанша уақытқа созылгандыгы, жүріп етіпген қашық-тықты, өзінің тегін, лауазымын, қызметтік куәлігінің нөмірін, өз уйымының атауын көрсетіп) жасауы тиіс.
3. Мемлекеттік уйымдардың жогарыда атапган қызметкерлеріне көлік қуралдарын беруге байланысты келтірілген шыгыстарды көпік қуралы иесінің тапап етуі бойынша белгіпенген тәртіппен осы уйымдар өтейді.
Көлік құралы жүргізушісінің құжатын тексеруге немесе көлік құралын пайдалануға құқығы бар адам жүргізушініңталап етуі бойынша қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті.
Жол-көлік оқиғасы кезінде, оған қатысы бар жүргізуші:
Ереженің 7.2.-тармағыныңталаптарына сәйкес көлік құралын дереу тоқтатуға (орын-нан қозғамауға), авариялық жарық сигнализациясын іске қосуға және авариялық аялдау белгісін (жанып-сөнетін қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттардыңорнын ауыс-тырмауға;
зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолдану, «медициналықжедел жәрдем» шақыру, шұғыл жағдайларда зардап шеккендерді жол-жөнекей аттандыру, ал егер бұған мүмкіндік болмағанда, өзінің көлік құралымен жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізуге, өзініңтегін, көлік құралының тіркеу белгісін хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізушінің куәлігін және көлік құралын тіркеу құжатын көрсетіп) оқиға болған жерге қайтып келуге; болған жағдай туралы жақын жердегі ішкі істер органына кешіктірмей хабарлауға, көзімен көргендердің тегі мен мекен-жайларын жазып алуға және ішкі істер органдарының қызмет-керлерінің келуін күтуге;
егер басқа көлік құралдарының қозғалысына мүмкіндік болмаса, жолдыңжүретін бөлігін босатуға; жүру бөлігін босату немесе зардап шегушіні өзінің көлік құралымен емдеу мекемесіне жеткізу қажет болған жағдайда куәлардың қатысуымен көлік құралының орналасуын, оқиғаға қатысы бар іздер мен заттарды алдын ала белгілеп, олардың сақталуына мүмкін болатын барлық шараларды қабылдауға және оқиға болған жерді айналып өтуді қамтама-сыз етуге міндетті.
Егер жол көлік оқиғасының нәтижесінде зардап шегушілер болмаса, жүргізушілер болған жағдайды бағалауда өзара келісімге келіп, алдын ала оқиғаның схемасын жасап және оған қолдарын қойып, оқиғаны ресімдеу үшін ішкі істер органының жақын жердегі жол полициясы постына немесе бөлімшесіне келулеріне болады.
Жүргізушіге:
Мас күйінде (алкогольді, есірткі немесе өзге де), құлақ асуды және назар аударуды әлсірететін дәрілік заттар әсерінде; жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретіндей ауру немесе шаршаған жағдайда көлік құралын басқаруға. Ақауы бар немесе мемлекеттіктехникалықбайқаудан өтпеген көлік құралдарын пайдалануға.
Иесі заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын және жолаушылардың алдында тасымалдау-шының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамаған көлік құралын пайдалануға.
Мемлекеттіктіркеу нөмірі белгілері болмаған немесе олар тіркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда көлік құралын пайдалануға.
Маскүйіндегі, жауапты қимыл жасауды және назар аударуды әлсірететін, дәрілік заттар әсерінде отырған адамдарға, ауру немесе шаршаған адамға, сондай-ақжүргізуді үйретушіден басқа, өзімен бірге осы санаттағы көлік құралын басқаруға құқық беретін жүргізушінің куәлігі (жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлікк және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжат) жоқ немесе жол (маршрут) қағазында көрсетілмеген адамға көлік құралын басқаруға беруге.
Үйымдасқан (оның ішіндежаяу жүргіншілер де) колоннаны кесіп өтуге және оның ішінен орын алуға.
Жүріс бөлігіне қоқыс, қозғалыс үшін қауіп туғызатын заттар лақтыруға тыйым салынады. Бұл талап жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қойылады.
Тыңдауышты немесе қатты дауысты байланысты қолдану жағдайла-рын қоспаганда, көлік қуралын жүргізу кезінде телефонды не радиостанцияны пайдалануга тыйым салынады.
Тежегіштіңжұмысжүйесі немесе рульдік басқаруы жұмыс істемейтін болса, ақауы бар тіркеу құрылғысымен (поезд құрамында), сондай-ақтәуліктің қараңғы уақытында жол-дарда жасанды жарықтандыру болмағанда немесе жеткіліксіз көрінетін жағдайларда — фарлар мен артқы үлкен оттары жанбайтын болса, жаңбыр немесе қар жауып тұрғанда жүргізуші жағындағы терезе тазалағыштың ақауы болса, көлік құралының қозғалысына тыйым салынады.
Жол жүргенде Негізгі ережелермен көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын және жүргізуші анықтай алатын басқа да ақаулар және жағдайлар туындаған жағдайда, оны жоюы тиіс, ал егер бұл мүмкін болмаса, жағдайда, онда қажетті сақтық шараларын сақтай отырып тұрақ немесе жөндеу орнына апаруына болады.