Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер


Скачать/Жүктеу

Дәріс мақсаты; Қосөзен. Египет. Мәденипеттің үнді-буддизм типі. Мәдениеттің Конфуцийлық- даосистік типі. Мәдениеттің ежелгі көшпелілік типі. Ежелгі түрік өркениеттерімен таныстыру.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

1. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер. Қосөзен. Египет.

2.Мәдениеттің үнді-буддизм типі.

3. Мәдениеттің Конфуцийлық- даосистік типі.

4. Мәдениеттің ежелгі көшпелілік типі. Ежелгі түрік өркениеті.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);

Адамзат тарихындағы алғашқы «алтын ғасыр туралы» поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазып, дүниежүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар «Месопотамия – архивтер отаны» деп тегінен атамағынын көреміз. Шумерліктер ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының тұңғыш күнтізбегін жасаған да осы шумерліктер еді.

Қос өзеннің байырғы тұрғындары-шумерлердің діни наным-сенімдері де, мифологиясы да жанжақты дамыған. Өз құдайларын «діңгір-тәңір» деп атаған шумерлер әлемнің жаралуының басын «Ан — Ки» деп білген. «Аны – аспан», «Киі – жер» демек, көк иесіне «Ан» деген ,ал жер иесіне «Ки» деген атақ берген.

Мәдениеттің үнді-буддизм типі. Жер шарында қасиетті де құдіретті мәдениеттердің бірі Үнді мемлекетінде қалыптасып үнді-будда мәседниеті. Үнді елі әдеби ескерткіштерге де өте бай болып келеді. Ежелгі Үндістанның аса құнды әдеби мұрасы – б.з.б. үшінші ғасырдың аяғында жазылған атақты «Махабхарата» және «Рамаяна» поэмалары. Эпикалық «Рамаяна» поэмасы Раманың ерліктеріне арналған. Бұл поэмалар – үнді халықтарының салт — дәстүрлерінің қалыптасуына эстетикалық және адамгершілік идеаларының жоғары көтерілуіне және бүкіл үнді мәдениетінің өркендеп дамуына ықпал етті.

Көне заманда қытайлықтар жер жүзіндегі басқа халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады. Б.з.б. бір мыңжылдықтың ортасында Қытай елінде кейіннен философиялық жүйеге үш басты идеологиялық бағыт қалыптасты. Олар: даосизм, Конфуций ілімі, және Үндістанда пайда болып, кейінен Қытайға кеңінен тараған – буддизм. Бұл ілімдердің Қытай мәдениетінде алатын орны ерекше, осы заманға дейін қытайлықтардың қоғамдық өмірінің барлық жақтарына өз ықпалын сақтауда.

Қос өзен (Ежелгі Месопотамия) мәдениеті. ХІХ ғ. Соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер — Аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозныйдың шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон мәдениетінің негізін қалаушылар болып саналады.

Алтайдағы Түрік қағанаты кезеңінен қалған тарихи мәдени скерткіштердің бірі — Орхан жазбалары. Ескерткіштр — тіл жағынан түркі тайпаларының бәріне қатысты жазба мұралар. Зерттеушілердің анықтауы бойынша ескерткіштерді тілдік айырма әртүрлі аймақтан табылғандығына сәл де болса айырым белгілеріне қарай 3 топқа бөлініп келеді:

1. Енисей жазу ескерткіштері

2. Талас жазу ескерткіштері

3. Орхон жазу ескерткіштері

Қазақ халқының мәдениеті – ежелгі заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілеріде орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдение мұралары ұрпақта-ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы