Скачать/Жүктеу
ҚХР төрағасы, ҚХР Мемлекеттік Кеңесі, ҚХР Орталық әскери Кеңесі туралы түсінік беру.
Студенттердің ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру.
Жоспар:
- ҚХР билік органдары
- ҚХР төрағасы
- ҚХР Мемлекеттік Кеңесі
- ҚХР Орталық әскери Кеңесі.
Тақырыпқа қысқаша сипаттама (тезисы):
Қытай Халық Республикасының Төрағасы және оның орынбасары Бүкіл Қытайлық Халық Өкілдер Жиналысының шешімімен тағайындалады. ҚХР-ның 45 жасқа толған әр азаматы сайлауға қатысуға және сайлануға құқығы бар. Әрине, егер мүмкіндігі болғанда. ҚХР-ның Төрағасының және Тҡраға орынбасарының қызмет ету мерзімі 5 жыл, және осы қызметте 2 рет қана сайлана алады.
ҚХР-ның Төрағасы БХӨЖ-ның және оның Тұрақты комитетінің негізінде заңдарды талқылайды және қабылдайды; Мемлекеттік Кеңестің Премьерін және оның орынбасарын таңдап, тағайындайды. Сонымен қатар, Мемлекеттік Кеңестің басқа да мүшелерін, яғни министрлерді, комитет төрағаларын, бас ревизорды, Мемлекеттік Кеңестің хатшылығының басшысын, мемлекеттік дәрежелерді береді және құрметті атақтарды тағайындайды. Мемлекетке байланысты бұйрық шығарады, мемлекет атынан шешім қабылдайды. Әскери жағдайға да араласады, соғыс мәселесін де шешеді. Мобилизацияға байланысты бұйрықтарды шығарады. Мемлекет атынан өзге елдердің дипломаттық өкілдерін қабылдайды, мемлекет үшін ҚХР-ның дипломаттық өкілдерін тағайындайды және өзге мемлекеттерге жібереді.
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы — ҚХР-ның Мемлекеттік Кеңесі. Тағы да, Орталық халық билігі деп те аталады. БХӨЖ негізінде жҹзеге асады және БХӨЖ бен БХӨЖ Тұрақты Комитетінің алдында есеп береді. Мемлекеттік Кеңестің құрамына премьер, оның орынбасарлары, Мемлекеттік Кеңестің мҹшелері, министрлері, мемлекеттік комитеттің төрағалары жэне комиссиялары, бас ревизоры, хатшылық басшысы кіреді. Премеьрдің, Премьердің орынбасарының және Мемлекеттік Кеңестің мүшелерінің сайлану уақыты 5 жыл мерзім және бұл қызметке олар екі рет қана сайлана алады. Мемлекеттік Кеңес ағымдағы саяси мәселелерді шешеді, министер жұмыстарын басқарады, нормативті актілерді таратады, бұйрықты өзгерте алады, сондай-ақ қабылданған бұйрықтан бас тарта алады. Министрлікте, ведомстваларда және жергілікті органдарда басқару жүргізе алады. Ұлттық эконимиканы дамыту үшін жоспар құрып, оны іске асырады
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
- ҚХР билік органдары?
- ҚХР төрағасы?
- ҚХР Мемлекеттік Кеңесі?
- ҚХР Орталық әскери Кеңесі?