Скачать/Жүктеу
1.Әскер тәртіптің мәні мен мағынасы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жоғарлату бойынша көптеген факторлардың ішінде әскери тәртіпті нығайту барысында жауынгерлік дайындықтың дәрежесін нығайтуға мән беріледі.
Әскери тәртіп мемлекеттік тәртіптің бір түрі болып табылады. Ол әскери ұжымның ішінде әскери құрылыс қағидаларын енгізіп, ішкі тәртіп ережелерін ретке келтіріп, ұйымдастыру факторының рөлін атқарады. Оның ережелері мен нормалары әскерилер арасындағы қарым-қатынасты бір-біріне тең әскери атақтары бойынша реттеп отырады. Сөзсіз әскери тәртіп әскердің жауынгерлік дайындығының бір бөлшегі болып табылады.
Тәртіптік жарғыға байланысты әскери тәртіп дегеніміз әскери қызметшілер арасындағы заң бойынша белгіленген ережелерді қатаң сақтап, орындау болып табылады. Бірақ та әскери тәртіптің көп қырлы қиындығы жарғыда көрсетілгеннен де күрделі. Заң мен әскери тәртіп арасындағы тығыз байланысқа қарамастан айырмашылықтары да бар. Конституциялық қағида мемлекеттік органдардың , қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың, қызметтік тұлғалардың заңы болса, ал әскери тәртіп әскери басқарма орталығы қызметінің қағидасы болып табылады.
Одан басқа әскери қызметкерлерге қойылатын бірқатар талаптар, мысалы, «әскери қызметтің қиындығын қажымай көтеру», «әскери жолдастықты бағалау», «үнемі әскери кәсіптік біліммен қарулану» және т.б ұғымдар толығымен заңи тұрғыда қамтылмайды. Әскери тәртіптің заңнан айырмашылығы құқықтық нормаларды ғана талап етіп қоймай, сонымен бірге жекелеген үзінділерді, техникалық нормалар мен ережелерді, құқықтық сипатта орындауды талап етеді.
2.Әскери тәртіптің әскери қызметкерлерге қойылатын талаптары
Әскери қызметкерлерді әскери тәртіп неге міндеттейді? Мемлекеттік тәртіптің бір түрі ретінде жалпы сипаттағы Әскери тәртіпке міндеттейді. Әскери ұйымдардың әскери қатынастарындағы ерекшелікті ескере отырып, әскери тәртіп мынадай айрықша белгілерді атап өтеді.
Біріншіден, әскери тәртіп әскери қызметкерлерге қойылатын талаптарды, нақты ұсынып, басқа мемлекеттік тәртіп түрлерінен айырмашылығы реттеп отырады. Мысалы, бұйрықтарды беру және орындауға байланысты қатынастар, әскери сыпайылық ережесі, тәртіпті бұзып, шектен шыққандарға шара қолдану және тағы басқа.
Екіншіден, әскери тәртіп ережесі қызметтен тыс салаларға да таралады, мысалы, еңбек тәртібінің ережесі жұмыс уақытында еңбектегі міндеттерін орындауға байланысты жұмысшы мен қызметшілерге ғана қатысты таралады.
Үшіншіден, әскери тәртіпке басқа тәртіптер мен салыстырғанда жоғары талап қойылады. Мысалы, әскери қызметтің қиындығын қажырлылықпен көтеру, әскери борышты қайсарлықпен орындау, адал, шыншыл , тәртіпті және жігерлі болу, командирлерге сөзсіз бағыну және соғыста оларды қорғау болып табылады.
Төртіншіден, командирлер мен бастықтардың тәртіптік құқықтың көлемі басқа қызметтік тұлғаларға ұарағанда кеңірек. Жекелей алғанда ол Тәртіптік жарғыда қарастырылған кейбір аяқ астынан болған жағдайларда қаруды пайдалану кезінде көрінеді.
Бесіншіден, тәртіптің басқа түрлерімен салыстырып қарағанда әскери тәртіптің талабын бұзғаны үшін өте қатаң түрдегі заңды жауапкершлік белгіленген. Әскерилерге қылмыстық жауапкершілік, жасаған қылмысын мойнына алып өкінбегені , бұйрықты орындамағаны, бөлімді өз бетімен қалдырғаны үшін белгіленеді.
3.ҚР Қарулы күштеріндегі әскери тәртіптің ерекшеліктері
Сонымен әскери тәртіптің ерекшелігі оны бұзған дәрежесі мен сипатында, мазмұны мен талаптарына қойылатын салаларда көрінеді.
Аталған әскери міндеттердің анализі, заңды түрде ғана емес, сонымен бірге моральдық мінезді де нақты түрде көрсетеді. Мысалы: адал, тәртіпті, жүректі болу, әскери жолдастықты нығайту, әскери істі ізеттілікпен орындау және т.б.
Тәртіптік жарғының 3 бабында жазылған, әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіні міндеттейді;
- қоғамдық орындарда өзін мақтанышпен ұстай білу;
- қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу, азаматтарды бұзақылардан қорғау;
- оң шешімін табатын ынта білдіру;
- әскери қимылдарды жүргізудің халықаралық ережелерін қалтықсыз сақтау және білу;
- жаралыларға, ауруларға, тұлғаларға, кеме апатына ұшырағандарға, атыс болған аумақтардағы азаматтарға, сонымен бірге әскери қызметкерлерге үнемі көмек көрсету;
- командирлер мен старшиналарға сыйластық көрсетіп, әскери сыпайылық құқығын сақтауға міндетті.
ҚР Қарулы күштерінде әскери қызметкерлердің қызметтік және арнаулы міндеттері белгіленген. Қызметтік міндеттер оқу орындарында, мекемелерде, әскери бөлімдердің ұйымдастыру құрылысында әскери қызметкердің қызметімен анықталады. Қызметтік міндеттер жалпыға бөлінеді. Мысалы, барлығына арналған бастық және нақты бастық ( бригада командирі, батальеон командирі, рота және взвод командирі).
Әскери қызметшінің арнаулы міндеті әскери қызметшінің атағы бойынша тең келетін әскери қызметшілердің қарым-қатынасымен байланысты уақытша сипат алады. Олар әскери қызметшілерге міндеті мен құқығынан тыс тапсырма беруден туындайды. Мысалы, патрульдік қарауылдың құрамын, тәуләітік нарядқа түсушіні, тексеру жүргізу үшін іссапарға жібергенде, инспектрлік тексеру жүргізуге тағайындауда қосымша тапсырма беріледі. Арнаулының тізіміне әскери атақтарына байланысты бастықтар мен қарамағындағылардың, үлкен мен кішінің міндеттері жатады.
Сонымен әскери тәртіп объективтік және субъективтік жағынан диалектикалық біртұтастық ұғымды қалыптастырады. Объективтік жағы әскер қызметшілерге қойылатын тәртіп пен оны орындау талаптарын бекітіп, тәртіптің құқықтық жағын анықтайды. Бұл деген әскери норманың құықтық негізін құрап, белгіленген тәртіпті сақтау оның субъективтік жағы болып келеді. ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің жауапкершілік туралы жалпы ережелерінде мыналар аталған: «Әскери қызметшілердің жауапкершілігі» , «Әскери қызметкерлерді және олардың отбасы мен мүшелерін әлеуметтік қорғау мен статустары туралы» бөлімінде бекітілген. Онда әскери қызметкерлер қоғамға қауіпті құқық бұзу дәрежелік сипатына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарының негізінде жауапкершілікке тартылады деп айқындалған. Әскердегі әскери тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстың барлығы сендіріп, күтеу әдістеріне негізделіп, бірінші рөлде сендіру орын алады. Сонымен бірге сендіру күштеуді де алып тастамайды. Көптеген әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі бойынша әскери қызметшілердің көпшілігі жарғы мен заңның талаптарын жазалау шараларынан қорыққандықтан өз еріктерімен орындаймыз деп жауап берген. Күштеу мүмкіндіктері шындыққа жанаса келе, белгілі бір тәртіпті сақтауға психологиялық тұрғыдан көмектеседі. Әскери қызметкерлердің әскери тәртіптің талаптары туралы көзқарастары оларды орындау түсінігінен ғана тұрмайды, сонымен бірге мемлекеттік күштеу шаралары да бар, әскери тәртіпті нығайту бойынша заң тұрғысынан қарастырылған, талаптарды орындауға кепілдік беретін органдар да бар екенін білулері керек. Бұл басқарушылық қатаң жарғылық тәртіптік тұрғыдан қызметшінің мүддесіне қолданылу керек. Тәртіпті нығайту бойынша құқықтық құрал заң жүзінде командирлерге (бастықтарға) беріледі:
- көтермелеу шаралары;
- әскери тәртіпті бұзушы шаралары;
- тәртіптік жазалар;
- тәртіптік іс қимылдарға қосымша шаралар.
Тәртіптік іс қимылдарының ішінде Тәртіптік жарғымен қарастырылмаған айырмашылықтар да бар. Дегенмен заң жүзінде бекітілген командирлер мен бастықтардың тәртіптік практикасында жиі қолданылатын мынадай шаралар бар:
- міндетті демалыстың мерзімін қысқарту;
- арнаулы әскери мекемедегі оқуды тоқтату;
- әскери қызметшіні әскери форманы дұрыс кимегені және әскери сәлемдесу ережесін орындамағаны үшін ұстау;
- сапқа тұру дайындығы мен жарғыны оқу бойынша комендатурада әскери сабақ өткізу шаралары бар.