Географиядан сыныптан тыс жұмыстар. Географиядан оқу топ серуендері


Скачать/Жүктеу

Дәріс мақсаты:  Сыныптан тыс жұмыстар географияның оқу тәрбие жұмыстарына қажетті құрамды бөлігіекендігін ескере отырып,  сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формаларының сипатына талдау жасап, оны мектеп география курсында қролдану аясын көрсету, анықтау.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

1. Сыныптан тыс жұмыстар және оның ерекшелігі.

2.  Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формаларының сипаты.

3.  Топ серуен мектепте географияны оқыту фомаларының бірі.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):

Сыныптан тыс жұмыстар географияның оқу тәрбие жұмыстарына қажетті құрамды бөлігі. Сыныптан тыс жұмыстардың білімдік тәрбиелік мақсаты: саяси идеялық тәрбиелеу оқушылардың танымдық іскерлігін және географиядағы қызығушылығын дамыту, еңбек тәрбиесі, кәсіптік бағдар беру, экологиялық тәрбие.

Оқушылардың қоғамға пайдалы рөлінің артуы. Сыныптан тыс туристік өлкетану жұмыстарының ерекше рөлі.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формаларының сипаты (географиялық үйірме, сыныптан тыс оқу, конференция, сауық кештер, топ серуен, география апталығы, олимпиада) мазмұны, жоспарлау және әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігі.

Топ серуен мектепте географияны оқыту фомаларының бірі, оқытудағы өлкетану принципін жүзеге асырудағы, оқушылардың география ғылымы зерттеу әдістерімен таныстырудағы, оларды тәрбиелеудегі және таным әрекеттерін дамытудағы маңызы. Топ серуеннің оқушыларды еңбекке баулудағы рөлі. Мектеп бағдарламасындағы топ серуен жүйесі, оның географияны оқыту мазмұнымен байланысы. Физикалық география топ серуендері; олардың мақсаты, мазмұны және 6, 7, 8 сынып оқушыларына арналған сарамандық тапсырмалар. Қазақстан экономикалық және әлеуметтік география курсындағы өнеркәсіп орындарына топ серуен, оның мақсаты, мазмұны , оқушыларға арналған сарамандық тапсырмалар.

Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар;

1. География сабағы бойынша сыныптан тыс жұмыстар, оларды өткізу үшін қойылатын талаптар. Сабақтан тыс жұмыстардың негізгі түрлері: географиялық конференция, «география апталығы» т.б.

2. Топ серуен, олардың мектеп курсындағы атқаратын рольдері мен мазмұндары

3. География пәні бойынша оқу топ серуен, олардың оқытудағы маңызы. Экскурсияны ұйымдастыру.

Әдебиеттер:

  1. Бибик А. Е. Закрепление связи методики обучения географии с современной дидактикой. М.; 1992.

2. Максаковский В. П. О новой концепции    школьного географического образования. М.; 1974.

3. Герасимова Т.П., Коринская В. А. Методы и формы организации обучения. М.;1994.

4. Максаковский  В. П.,  Паншечникова   Л. М.   Новые взгляды на географическое образование. М.; 1981.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы