Скачать/Жүктеу
Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпияда сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғи әсем де шұрайлы жайылымдар еді. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбританияда, Қытай, Франция, Үндістан, және Пәкістанда сыналған. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр Ресей мен Лонбор, Қытай, Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.
Атырау облысы Қазақстан республикасының экологиялық зардапты облыстар қатарына жатады. Дегенмен соңғы жылдары облыста табиғи байлықтарын игеруге баса көңіл бөлінуде. Аймақтың экологиялық және социалдық жағдайларына олардың шеккен зардаптарына әлі күнге дейін мән берілмей келеді.
Адамзаттың күшті геологиялық күшке айналатынын оның ойымен еңбегімен биосфераның қайта құрылуы мүмкіндігін ғалымдар бұдан бірнеше жыл бұрын дәлелдеген «Табиғатты бағындыруға және оны қалпына келтіруге болмайтыны, бірнеше жылдардан кейін кейбір процестерді өзгертуге де болмайтыны ақиқат. Міне, сол кезден бастап табиғи орта адамзаттан кек алуға кіріседі» деп Вернадский 1943 жылы өз пікірлерін айтқан еді.
1950-1994 жылдарда жердің биосферасында 2049 ядролық сынақтар жүргізілген, оның ішінде АҚШ-та – 1032, Невадада – 715, Семейде – 456, ал Азғыр бөлімінде – басқа сынақтарды есептемегенде осы жылдардың ішінде 24 атомдық жарылыс басқада бірнеше мыңдаған снарядтар жарылыс сынағынан өткен. Сол ракеталардың сынақтарынан қалған қалдықтарын, пайда болған апандары әлі күнге дейін Азғыр-Нарын-Тайсойған жерлерінен кездестіруге болады.
Осы тәжірибелердің нәтижесінде байқалғаны сынақ бөлімдері судың, ауаның ластануына, топырақтың эрозияға ұшырауына соқтырып, Қазақстан жерінің 1/3 бөлігіне қамтыған. Бұл айтылғандардың бәрі адам денсаулығына әсер етіп, өмір сүру ұзақтығын төмендетіп, адам ағзасының ауруға қарсы тұратын қабілетінің азаятыны жиі байқалуда. Ядролық жарылыстардан кейін кең тарайтын ядролық улы, ауыр металдар,радиоактивтік элементтер газ не, шаң күйінде тарайтыны, соның әсерінен осы бөлімшелерде өсімдіктрдің азаюы, кейбір жерлерде жабайы жануарлардың жойылып бара жатқаны анық. Кейбір деректер бойынша «Халықтың өсіп-өнуі жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуінен ешбір айырмашылығы болмайтыны» олардың өсуі, саны ғажайып жылдамдықпен өсетіні белгілі, ал Азғыр сынақ аймағында адамдардың тұрақтануы да сиреп бара жатқаны да байқалады.
Нарын құмында ядролық сынақ жүргізген жылдарда, тұрғын үйлер, мектептер, мәдениет сарайлары, мал қоралар құлап сынып жарамсыз болғаны, оған қоса құдықтарда құлап адамдарды ауыз сусыз қалдырғаны нәтижесінде сынақ жасалған жерлер аласарып қалғаны баршамызға белгілі. Осы зоналарда зерттеуші ғалымдар жасаған мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерде үңгір пайда болып және тұзды сумен толып шамамен 200 метрге дейін тереңдікте болатыны белгілі. Жер асты суы арқылы қуыс кеңейіп, біртіндеп жердің беткі қабатына жақындап адамдарға, жануарларға зиянын тигізетіні тұжырымдалған. Кейбір мәліметтерге жүгінсек, сол сынақ жасалған жерлердің сәуле шыгаратын тұздары бар топырақты екі метр тереңдікте көму арқылы тазарту жұмысы жүргізілген. Соңғы мәліметтерге қарағанда сынақ жасалған жердің топырағында әліде сәуле беретін зиянды элементтер бар болуы мүмкін деп тұжырымдауда. Сәуле шашатын зиянды ауыр тұздарды әдейі көмбелерде көміп бетін бетонмен әр жерден жауып тастаған жерлердің жанынан ұзындығы 100м; ені 500м көл пайда болған, көлдің суы қара түсті, тірі жәндік, жануарлар көзге шалынбады.
Зиянды сәуленің таралуы ядролық құрылымдардың булануы арқылы ауаға таралатыны және олар тұрақтанғаннан кейін ыдырап зиянды элементтер жиынтықтарыжер астындағы қуыста сәуле шығаратын элементтердің жиналатыны ғылымда дәлелденген. Жоспар бойынша сынақ жаслатын жер алдын ала бұрғылау жұмысы жасалып, керекті тереңдікке дейін бұрғыланған жер цементтеліп беті жабылуы керек. Осы жұмыстардың кезінде шала жасалуынан зиянды сәуленің ауаны, суды, топырақты, өсімдіктерді улап жануарларға, адамдарға зияны тигізетіні белгілі.
Ленинградтық ғалымдардың тұжырымдауынша кейбір бөлімдерде радицезий, радиостронций-90 және плутоний тұздары мөлшерден 11-17 есе артық екенін анықтаған. Аталған зиянды-улы тұздар жер асты суы, топырақ арқылы таралатынын, аталған элементтер азық-түлік тізбесі арқылы адамдардың күнделікті тағамдарына енуі мүмкін деп ғалымдар жорамалдайды.
Осы сынақ зонасындағы өсімдіктер мен топырағын зиянды химиялық тұздарын тексергенде олардың мөлшерден әлде қайда жоғары екендігі зерттелген, бұндай жағдай сәуле шығаратын тұздар топырақтың өсімдікке жайылып баратқанын ескертеді. Қазіргі кезде радиациялық жағдай бірқалыпты болғанымен, сынақ кезінде бірнеше рет нуклидтердің ауаға тарағанын, олар кезінде адамдардың, ауылшаруашылық малдарға үлкен зиянын тигізгенін ескерген артық болмас.
Азғыр зонасында жер асты суы ауыр металдар тұзымен ластанғаны топырақта – алюминий, магний, калций, калий тұздары керекті мөлшермен салыстырғанда сегіз есе артық екені анықталды. Жылдар өткен сайын жерастындағы қуыс біртіндеп улы тұздары таратпау қасиетінен айырыла бастайтыны, сол кезде қуыс жер асты суымен толып радионуклидтер топырақтан басқа жерлерге таралатыны белгілі.
Биосфера адамдардың өмір сүруі үшін баға жетпейтін маңызды орта болып саналады, ал экосистеманың ең басты элементі өсімдіктер екені заңды құбылыс. Сол себепте өсімдіктер химиялық элементтер сіңіруіне қатысатын ауадағы оттегінің мөлшерін бір қалыпты сақтауға, көмірқышқыл газын бөліп шығаруға қатысып, нәтижесінде барлық тіршілік атаулының дұрыс өмір сүруіне жағдай жасайтында осы өсімдіктер. Өсімдіктер керекті химиялық элементтерді жапырақтары, тамырлары, тағы да басқа бөліктеріне топырақтан сіңіру арқылы алатыны белгілі, сол себепті микроэлементтердің топырақ құрамы мен байланысы ең басты жағдай болып саналады. Өсімдіктер топырақтан ерітінді түрінде микроэлементтерді қабылдап бойына сіңіре алатыны, ал енді сіңіру жүйесі негізінен топырақ ерітіндісінде микроэлементтердің аз болған кезінде ғана жүзеге асырылады.
Сынақ зонасындағы өсімдіктер бойындағы ауыр тұздарға тексеру Қалмақ университетінің химия лабораториясында бірлесіп жүргізілді. Көп жылдардан бері зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарағанда көптеген әртүрлі химиялық элементтер өсімдіктердің әр бөліктерінде әр түрлі мөлшерде сақталатыны анықталды.
Полигон өсімдіктерінде мырыш, қорғасын, кадмий, қалайы мөлшерден жоғары, ал мыс пен марганец мөлшерден төмен екені анықталды. Осындай зиянды элементтердің көбейіп, не азайып кетуінен кейбір өсімдіктердің жойыла бастағаны байқалады. Өсімдіктер мен топырақ құрамындағы кейбір химиялық элементтерді зерттеу мақсатында құм өсімдіктерінің кейбір ерекшеліктерін ескере отырып, келесі тексеру жүргізген тұздардың калий мен натрий сынақ жүргізілген жерлердің топырағын, өсімдіктерін жинап, олардың әрбір бөлігі химиялық тексеруден өткізілді. Жиналған өсімдіктердің ішінде – шабындық жалбыз, түйе тікенек, жүзгін, құм жусаны, құм сұлысы, кекіре және құм желкегі. Өсімдікте қандай да болмасын микроэлементтер жетіспесе, олардың өсіп дамуы, өсу мөлшері кемитіні, болмаса әрі қарай дамуы тоқтайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Өсімдіктердің биологиялық өсіп-өнуі үшін калий мен натрий, бірінші орындағы қажетті, әсіресе оларға минералды сіңіру үшін ең басты элементтер болып саналады. Ең қажетті элементтер дейтін себебі калий суды сіңіру және тасымалдауға қатынасса, натрий судың алмасуына және өсімдіктер бойындағы қысымды реттеуге оның иондары ұлпаларының ұлғаюына кедергі жасап судың өсімдік денесіне таралуын тежейді. Тексеру нәтижесінде калий мен натрий элементтері негізінен өсімдіктердің ұлпаларында, жапырақ бүршіктерінде жиналатыны белгілі болды. Өсімдіктерде калий жетіспегенде жапырақтары сарғайып тіршіліктерін тоқтата бастайды.
Азғыр сынақ зонасының жағымсыз жақтары жалғасып жатқан экосистемаға өз әсерін тигізуде. Олар топырақты радиациялық қалдықтармен әсіресе жер асты және жер үстіндегі болған жарылыстар әсерінен ластанған. Жалпы сынақ зонасында негізінде қоңыр сусыз құм топырақ жиі кездеседі. Топырақ физикалық, химиялық құрамына қарай ластануға әртүрлі бағытта жауап береді. Сол себепте, топырақтың ылғалдығының әр түрлі болуына байланысты және әр түрлі биологиялық құрамының түрліше болуы, топырақтың өзін-өзі тазалауымен, оның артық зиянды заттарды қабылдауымен оны тасымалдауымен ерекшелінеді. Зона төңірегіндегі топырақтың ластануы, ондағы ауыр тұздардың жиналуы мен органикалық қосылыстар, экосистеманың метаболикалық дамуына үлкен әсерін тизізеді.
Өсімдік жамылғысы биосфераның орта түзуші екені белгілі, сол себепті тіршілік ортасын түзуге биосфераның рөлі құнсыз, базалық элемент — өсімдік болып саналады. Өсімдіктердің қажеттілігі: олардың химиялық элементтерді, неорганикалық заттардан органикалық заттардың жасақтануына, атмосферадағы оттегі қорын ұстап тұруына, көмірқышқыл газын сіңіруіне байланысты, яғни барша тіршілікті қамтамасыз ететін қолайлы жағдайды туындатады. Сонымен қатар, өсімдіктер көптеген пайдалы қасиеттерге ие, оның ішінде судың айналасын қамтамасыз етуге, топырақ бетінің құнарлығын түзуге, рельефтің түзілісіне ішкі және сыртқы факторлардың өзара байланысына қатысады. Бұл зоналарда өсімдік жамылғысының әртүрлері кездеседі, олар ландшафтылар мен аймақтарға климаттық қайталанбас әртүрлігін жасақтайды. Өсімдік жамылғысы мен табиғаттың сақталуы, адамзат өміріне ең қажетті жағдай. Ядролық және атомдық жарылыстар жүргізілген бөлімшелер мен мал жайылымдарында өсімдіктердің дегредацияға ұшырағаны байқалады. Бұл ботаникалық құрамның өзгеруіне және пайдалы өсімдіктердің жабайы және улы өсімдіктермен алмасуына әкеліп соқтыруда. Қазіргі кезде сынақ жасалған жерлерде өсімдіктер жамылғысы азайып бара жатқанын айтуға болады. Полигон орталығына жақын жерде ауданы кең бөлімдерде жалаңаш сорлар, тақырлар кең етек алған.
Мамандардың бағалауы бойынша, Батыс Қазақстанның тұз күмбездеріндегі ядролық жарылыстардың толып жатқан қолайсыз зардаптары болған. Ласталған тұздың суға еріп, ерітінді ретінде жер бетіне шығуы, аумақтың жер асты шығуы, аумақтың жер асты суларының радиоактивті ластануы орын алатыны күмән келтірмейді, бұған қоса сынақ зонасында, жер асты ядролық жарылыстары өткізілген жерлерде, бірнеше жыл бойы хлор мен сутегі жер бетіне шығып, тұз қышқылын бөліп улы «ақ тұман» түрінде жер бетін бүркеуде.
Нарын құмының басқа жерлерімен салыстырғанда көптеген айырмашылығы бар. Бұл жерде күн радиациясы жоғары, құмның көшпелілігі, тәулік бойында температурадағы үлкен өзгерістер және жауын-шашынның аздығы, кейбір зиянды химиялық элементтердің өсімдікте, топырақта сақталуына әсерін тигізуде. Нарын құмы теңіз түбі болғандықтан, топырақ түрі тұрақталмаған, сол себепте ғалымдардың пікірі, жер асты суын және жер бетіндегі ылғалдылықты ластаудан сактай алмау деген тұжырымда. Осыған орай құдықтар суы ауыр металдар тұздарымен әсіресе Тайсойған зонасында қорғасын, таллий, кадмий тұздарымен қаныққан. Осы ауыр тұздардың әсері сынақ зонасында кейбір өсімдіктердің, жануарлардың азайып кетуіне бірден бір себеп болып отыр. Әсіресе сынақ орталығынан 15-20 шақырым жерде өсімдіктер сирек кездеседі, ал бар өсімдіктер көбісі жапырақсыз, тамырлары жер бетіне шығып жатыр. Тірі ағзаға Менделеев таблицасындағы 26 элементі өте қажет болып саналады, олардың ішінде 14 элемент: темір, мыс, мырыш, кобальт, марганец, хром, никель, селен, кремний, ванадий, қалайы, молибден, фтор иоднегідері болып саналады. Олар адам, өсімдік ағзаларында әртүрлі биохимиялық өзгерістерді қамтамасыз етуге қатысып, гармондардың, витаминдердің, ферменттердің құрамына кіреді. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде осы аталған 14 элемент ағзаға белгіленген мөлшерден асып кетсе тері не ішкі мүшелер ауруға шалдығады.
Жарылыс кезінде пайда болған қуыстарды бір не төрт жылдан кейін де ашқанда газ тәрізді радионуклидтердің төрт күннен он бір айға дейін қоршаған ортаға таралатыны, олардың радиоактивтілігі өсетіні дәлелденген. Газ тәрізді заттардың ауаға таралу активтілігі Чернобыль атом станциясындағы авариямен бірдей екендігі анықталған. Бұндай ауаға тарайтын зиянды сәулелер адамның негізделмеген қызметтері әдетте өсімдіктер мен жануарлар әлеміне: құстар, балықтар, моллюскалар, насекомдар, пайдалы бактериялар және басқа да биосфера компоненттерінің тіршілігінің төмендеуіне әкеліп соқтыратыны белгілі, осыған байланысты қоршаған ортаның ластануы кезінде биосфера өнімдерін бағалау әдістемесінің жасақталуы өзекті мәселе болып есептеледі.
Облыс көлемінде сынақ аймақтары мен техникалық бөлімдерінің дұрыс сақталмауынан көптеген жерлерде соңғы он жыл ішінде топырақ сорланып құнарсыздануы жиі байқалуда. Азғыр сынақ аймағында кейбір өсімдіктердің және жабайы аңдардың кейбір түрлердің азайып бара жатқаны байқалуда, болмаса өткен жылдарда (1972-1984) үй жануарлары арасында аурулар көбейіп, оларды көп шығынға ұшыратты. Басқа жерлермен салыстырғанда полигонға жақын Нарын, Тайсойған жерлерінде орналасқан отарларда мал шығыны көбірек болғаны байқалды. Сол кездерде, бұл улы тұздар мен зиянды сәулелер зияндылығы жөнінде сөз болып, ол көбіне жабық аудиторияларда айтылды. Жасыратыны жок, соңғы кездерге дейін бұрынғы Одақтағы Атомэнергмяпром министрлігінің мекемелері жарылыстардың зардаптары жөнінде мәліменттерді хабарлаған жок. Азғыр мен Тайсойған полигондарына таяу аймақтардағы тұрғындарымен жануарлар арасында көптеген әртүрлі аурулардың орын алуы, Чернобыль апаты жағдайындағыдай едәуір абыржушылық туғызды. Осыған орай полигондардың әрекет зардаптары, тұрғындарға және жергілікті шаруашылықтарға келтірген экологиялық және экономикалық зияндары туралы дұрыс баға алу мақсатында Облыстық экология басқармасы арнайы – білімді – ғалым экологтарды шақырып, комиссия мүшесін құрып, зерттеу жұмыстары жүргізген. Зерттеулер нәтижесінде, ғалымдар сынақ зонасындағы радиоактивті зақымданудың жергілікті көздері бар екендігі анықталған. Жануарлар дүниесі табиғи ортаның құрамды бөлігі, кез-келген елдің табиғи байлығы, оның ішінде омыртқалылардың тамақ өндірісінде, жеңіл өнеркәсіпте, медицинада және халық шаруашылығының басқа салаларында маңызы зор. Әртүрлі географиялық ландшафтыларға таралған кейбір жануарлар туралы мәліметтер өте сирек кездеседі.
Азғыр өңіріндегі жануарлар түрлері: күзен, борсық, түлкі, қасқыр; ал кеміргіштерден: құм тышқаны, сұр атшалман, саршұнақ, қосаяқ, үй тышқаны, тарбаған, соқыр тышқан кездеседі.
Табиғатты қорғаудың басты мақсаттардың басты мақсаттардың бірі барлық тірі ағзалардың, генефондасын, ең алдымен жойылып кету қаупі төніп тұрған биологиялық түрлерді қорғап қалу болып табылады. Сондықтан қоршаған ортаны әсіресе, оның қазынасын қорғау өндіріс орындарының, мекемелердің, жеке адамдардың тікелей міндеттері болып саналмақ. Негізгі басты міндет – ауадағы, және топырақтағы залалды заттардың мөлшерін азайту, олардың мөлшерін тұрақты бақылап отыруды керек етеді. Экология және табиғатты қорғау мекемелері мен кәсіпшіліктер бірлесе отырып іс-шараларын жүргізгені жөн болар еді.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде әртүрлі радиакция әсеріне ұшыраған тышқандарда, ферменттер инфекциялық аурудан қорғаушы болып қанның ақ түйіршіктерін қорғайтыны анықталған. Созылмалы формасы бар радиация әсерінің эффектісі, интенсивті жоғары радиациамен салыстырғанда маңызды болып есептеледі. Осыған байланысты радиация күшін азайтканда биологиялық зақымданудың доғасы азаятыны анықталған.
Жануарларды зерттегенде ядролық қаруды сынау кезінде алынған жануарлар ағзасынан табылған стронций концентрациясы шамадан тыс жоғары көрсеткіш дозасын көрсеткен. Әртүрлі дозаны енгізген екі жануарларды пайдалана отырып, жілік майы клеткаларының саны стронций концентрациясы төмендеген сайын эффект жоғарлайтынын ескере отырып, радиацияның әр деңгейінде азаятындығы анықталған.
Радиоактивтік сәулелеудің клеткалардың генетикалық аппаратына қалай әсер ететіні жайлы жан-жақты зерттеулер жүргізілді, әсіресе, атом энергиясы пайдаланудың тәсілдері анықталды. Радиоактивтік сәулеленудің адам өміріне аса қауіпті екенін біле тұра атом энергиясын пайдаланып, халықты жаппай қырып жоятын атом бомбасы Хиросима мен Нагасаки қалаларында сыналды. Ол биология ғылымына Хиросима мен Нагасаки трагедиясы деген атпен қалыптасты. Өйткені атом бомбасы жарылғаннан кейін көптеген радиоавтивті сәулелер бөлініп, мыңдаған адамдарды сәуле ауруына шалдықтырды. Адамзат баласы өмірінде мұндай құбылыс бұрын-сонда болмаған, сондықтан сәуле ауруына шалдыққан адамдарды емдеу әдісін табу және сәулеге қарсы қорғану тәсілдерін жетілдіру міндеті қойылды. Сәуле ауруынан емдеудің тиімді әдістері туралы теориялық зерттеулер жүргізіліп, ғылымға және практикаға қажетті ғылыми аса бағалы қорытындылар жасауда. Адамның ғарыш кеңістігіне шығуына және оны игеруіне сәйкес радиацияның ғарыш жағдайында адамның жоғарғы жүйке жүйесіне, ағзаларға тигізетін әсерін зерттеуге көп көңіл бөлінуімен радиоэкологияның жедел дамып келе жатқан жаңа саласы – ғарыш экологиясы пайда болды.
Тайсойған деп аталатын сынақ бөлімі Қызылқоға ауданының 750 мың гектар жерін алып жатыр, бұл жер 1952 жылдан бастап әскери қызмет мақсатында қолдануға берілген. Содан бері бұл зона стратегиялық мақсаттағы ракета мен әуе соғыс күштерін сынауға пайдалануда. Бұл сынақ бөлігі әр түрлі бағыттағы үш бөлімнен тұрады, оның біреуі балистикалық зымырандардың бірінші бөлігі түсетін Мақат деп аталатын алаң, бұл бөлім барынша уытты деп саналатын галит ғарыш отыны қалдықтарымен және зымыран бөліктерінің сынақтарымен ластанған. Бұл жерлер шаруашылыққа пайдалануға жарамсыз, 11 мың гектар анықталған. Бұл жерлерді қалыпты жағдайға айналдыру үшін 20 жылдың үстінде мезгіл қажет етеді деп ғалымдар анықтаған. Сынақтың келесі бөлімінде, «Әуе-Жер» текті, ал үшінші бөлімінде «Жер-Жер» текті зымырандар сынақтан өткізілген.
Сынақ жүргізілген жерлердің қоршаған ортаға қаншалықты зиянды әрекеті болатыны нақтылап айту мүмкін емес. Дегенмен, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жер бетінің топырағына, ауаға, суға, адамдардың денсаулығына белгілі бір әсері екені байқалуда. Жер асты ядролық жарылыстары жүргізілген Тайсойған территориясының өсімдіктері мен топырағының элементтік құрамына радиоактивті сәулеленудің әсері толығымен зерттелмеген, олар Батыс Қазақстан территориясындағы табиғи радиоактивті фон уран, радий және цезий элементтерімен байланысты. Тайсойған территориясында жүргізілген радиометрлік зерттеулер табиғи радиоактивті фонмен салыстырғанда сәулелендірудің қуаты 2-17рет өскендігін көрсетеді.Өсімдіктер мен жануарлар өздерінің ағзаларына радиоактивті изотоптардың концентрациясын өздерін қоршаған ортасынан бірнеше есе артық жинайтыны белгілі. Осы себепке байланысты олар радиоактивті зақымданудың күшті индикаторы болып табылады. Ядролық сынақтың зардаптарының бірі территорияның адам мен жануарлар ағзасына жағымсыз әсер ететіні химиялық элементтер мен ластануы болып табылады. Осындай мүмкіндікті болжау үшін Тайсойған полигоны территориясынан спектрлі-эмиссионды анализ әдісін пайдалана отырып, топырақ пен өсімдік улгілерін олардағы химиялық элементтердің концентрациясын анықтау жүйесі жүргізілді.
Полигон топырағындағы химиялық элементтердің мөлшерінің жоғарлануына полигон территориясында жүргізілген ядролық сынақ есебімен ғана емес, сонымен қатар жер қыртысының терең қабаттарын бұрғылау кезінде жер бетіне химиялық құрамы өзге жыныстардың шығуы да себеп болу мүмкін. Анықталған ластанудың экологиялық қауіп дәрежесін бағалау үшін қуаңшылдыққа ұшыраған жазық даламен жартылай шөлейт жерлердегі ашық қоңыр топырақтарындағы элементтер концентрациясының орташа үлесін салыстыру арқылы, ал қалған аймақтарда ластану зонасындағы топырақтағы улы элементтерді анықтау жүргізілді. Топырақ үлгілері анализінен кейін Тайсойған полигоны мен оның маңында 2-15км арақашықтықтағы технологиялық алаңнан жиналған өсімдіктер үлгілеріне жүргізілген зерттеулерге қарағанда сынақ өсімдіктерінде көптеген химиялық элементтерінің мөлшерден жоғары екені байқалды.
Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелер бүлдіріліп, жарамсыз етті. Полигондарға пайданылған жерлердің ауа, сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Оның басым бөлігі Семей өңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауруымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша жоғары.
1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейлегі бұл шешім “Семей – Невада” қоғамдық қозғалысының жемісі болды.
Жоспары:
1. Шұрайлы қазақ жерлерінде жүргізілген ядролық сынақтар.
2. Табиғатты бағындыруға, өзгертуге, кейін қалпына келтіріге болмайтыны ақиқат.
3. Азғыр-Нарын-Тайсойған сынағының зардаптары.
4. «Табиғи орта адамзаттан кек алуға кіріседі»
Пайдаланған әдебиет:
1. «Азғыр-Нарын-Тайсойған» С. Х. Хамиев
2. «Полигоны Казахстана» Тлеубергенов