Скачать/Жүктеу
Дәріс мақсаты; Қазіргі заман мәдениетінің басты сипаттарымен таныстыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
Жаһандандыру және оның әлемдік мәдени үрдістерде әсері.
Бұқаралақ мәдениет, оның бастаулары.
Техника мен мәдениет. Техногендік мәдениет және мәдениет экологиясы.
Модерн және постмодерн. Жаһандандару және этно-аймақтық мәдениеттерді жандандыру мәселесі.
Қазақ мәдениеті және түркі әлемі.
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер);
Жаһандану дегеніміз – бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы
Бүгінгі таңда қазақ елі өз төл мәдениетімен біршама халықтарды таныстырып, солардың қошеметіне ие болды. Сонымен қатар «бұқара мәдениеті» деген ұғым сөздігімен кіріп қана қоймай, соның «отандық үлгілері» жасалуда.
Бұқаралық мәдениет, оның бастаулары. (ағылшын. Mass culture – бұқаралық мәдениет) – ХХ ғасырдағы батыс елдеріне тән мәдени тип.
Техника ұғымының тар мағынасы — табиғатты өзгерту үшін адамның өз іс-әрекетінде қолданысқа түсетін құрал-сайман. Өз әрекетінің ішкі табиғаты мен логикасы арқылы техниканың ғылымдармен зерттелетін, адам арқылы жасалынатын кейбір обьектілерінің пайда болуы мен қабылдпнуы адам іс-әрекетінің спецификалық түрі — инженерлік өнер болып табылады. «Техника» ұғымының кең мағынасы технологиялықтан тыс мағынада қолданылыс табады — әлеуметтік құндылық, тарихи өркениеттік мәенге ие болуымен оны адамзат өркениетінің жемісі десек қастелеспеген болар едік. Кең мағынада –жабдықтар жиынтығы, қоғамдық дамудың бір бөлігі әлеуметтік динамиканың ілімі десек те жөн.
Модернизм (франц. moderne — ең жаңа, қазіргі) — ХІХ ғасырдың соңы — ХХ ғасырдың ортасында әдебиет пен өнерде, мәдениетте қалыптасқан философиялық — эстетикалық қозғалыс. Модернизмді норвегиялық сыншы Э. Ховардсхолм шындыққа жанасу талабын жоққа шығаратын және айнала шындықты өзге аспектіде қабылдайтын өнер деп анықтайды. Модернизм –ХХ ғасырда өнерде қалыптасқан, бағыттардың жиынтығы. Модернизм мәдениет құбылысы ретінде бірқатар ерекшеліктері бар:
«Постмодерн» дегеніміз не? Бұл дүниеге көзқарастың ерекше типі, өмірлік кеңістікті қалыптастыруға бағытталған, ең маңызды құндылық болып адамзаттың қызметіндегі барлық еркіндік, ойындық бастама.
Қазіргі постмодерн жағдайында азаматтық қоғам мен мемлекеттің қажеттігі күмән тудырмайды. Алайда бұл қажеттілікті іске асыру азаматтық қоғамның да мелекеттің де бақса сапалық мазмұнын болжайды. Бұл билік беделінің атрибутивті – бұйрықты құқығын қоғам мен адамның өзара байланысының құлықтық бастауымен тығыз тұтасуын қажет етеді.