Скачать/Жүктеу
Жұмысқа қабылдануды ресімдеп жатқан қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қандай құжаттар қажет екендігін білуі тиіс. Мұны көбіне кәсіпорынның кадр бөлімінің қызметкерлері айтады. Әдетте, жұмысқа қабылданушы қызметкерден талап етілетін құжаттар төмендегідей болады:
● жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;
● еңбек кітапшасы;
● білімі туралы куәліктің, жоғары білімі болса, дипломының көшірмесі;
● салық төлеушінің нөмірінің (СТН) көшірмесі;
● әлеуметтік жеке кодының (ӘЖК) көшірмесі;
● жинақтаушы зейнетақы қорымен жасасқан шартының көшірмесі;
● әскери билетінің көшірмесі;
● өмірбаян және т.б.
Жұмысқа қабылдауды ресімдеуші қызметкер тағы да басқа құжаттарды сұратуы мүмкін. Жұмысқа бірінші рет қабылданып тұрған адам еңбек кітапшасын сол кәсіпорында ресімдейді. Көпшілік компанияларда жұмысқа қабылданушы адам мекеме басшысының атына өтініш жазады.
«Арқау» ЖШС-нің директоры
Н. Асановқа
Алматы қаласы, Абай д-лы,
4-үйде тұратын
Г. Ермековадан
ӨТІНІШ
Мені 2007 жылдың 02 қыркүйегінен бастап мұрағатшы ретінде қызметке қабылдауыңызды сұраймын.
02.09.2007 ж. Қолы Г. Ермекова