Скачать/Жүктеу
Дәрістің мақсаты: Тәуекел және анықсыздық жағдайын талдау, түсініктеме беру.
Тақырыпқа сұрақтар:
- Тәуекел мәні, түрлері, тәуекелді өлшеу әдістері
- Анықсыздық ұғымы
Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер):
Тәуекел дегеніміз – алдын ала қарастыратын болжам немесе жоспарланған нәтижемен салыстырғанда зиян шегу немесе табысты азырақ алу ықтималдығы. Түрлері:
- өндірістік;
- коммерциялық;
- қаржылық;
- несиелік;
- проценттік.
Жарамды тәуекел деңгейі сол қызметке (келісімге) қатысушы адамдар санына кері пропорционал болады деген түсінік бар. Тәуекелден арнайы сақтандыру кәсіпкерлігімен айналысатын мекемелерде сақтандыруға болады.
Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:
- статистикалық (өткен шақтағы шегілген зиян статистикасы негізінде болашаққа болжам жасалады);
- эксперттік (тәжрибелі бизнесмен, арнайы мамандар пікірі ескріледі);
- есептеу – аналитикалық (математикалық тәсілдерге негізделеді).
Қазіргі батыс экономистері бір анықтамасында пайданы тәуекел мен анықсыздық үшін төлем деп қарастырады.
Динамикалы экономикада болашақ үнемі анықсыздықпен байланысты. Ол кәсіпкерліктің тәуекелділікпен қатар жүретіні білдіреді.
Тәуекелдің сақтандырылмайтын түрі де бар. Ол рыноктық конъюнктура немесе экономикалық цикл нәтижелері. Экономика құрылымы да біртіндеп өзгерістерге ұшырайды. Тіпті толық жұмысбастылық пен инфляциясыз экономика жағдайында да тұтынушылар талғамы, ресурстар ұсынысы өзгеруі ықтимал. Осы өзгерістер жеке фирмалар, сала шығындары мен кірістерін өзгерістерге ұшырата отырып, өндіріс көлемін кеңейтеді немесе қысқартады.
Мемлекет өз кезегінде реттеуші саясат құралдарын пайдалана алады. Сәйкесінше қаржы — бюджеттік саясат, несие — ақша саясаты т.с.с.
Экономикалық пайда мен зиянды экономикадағы құрылымдық және циклдік тәуекелдермен байланыстыруға болады.
Бақылау сұрақтары
- Тәуекел түсінігі, мәні
- Тәуекел түрлрі, ерекшеліктері
Әдебиеттер тізімі:
- Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. Т. 1, 2. — М.: Финансы и статистика, 1992
- Вэриан X. Микроэкономика. Промежуточный уровень. Современный подход. — М.: ЮНИТИ, 1997
- Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика. Т. 1, 2. — СПб.: Экономическая школа, 2002