Сақтандыру


Скачать/Жүктеу

Жоспар
1. Сақтандырудың экономикалық мәні және  қызметі
2. Сақтандырудың жіктелуі
3. ҚР-дың сақтандыру ісін ұйымдастыру

Лекцияның мақсаты: сақтандырудың негізімен, жіктелуімен, ҚР-дағы сақтандыру ісінің ұйымдастырылуы мен дамуы

Лекцияның мәні

1. Сақтандырудың экономикалық мәні және  қызметі
Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржының белгілі бір бөлігін құрайды. Бірақ қаржы табыстарды бөлістірумен байланысты болса, сақтандыру -қайта бөлістіру қатынастарынан бөлек барлық қатынасты қамтиды.
Қоғамдық экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандырудың жағдайын сипаттайтын белгілерге келесілер жатады:
•    Адамдардың жағдайы және табиғи ерекшеліктері (ауру, қартаю, өлім, баланың дүниеге келуі)
•    Адамдардың тәуекелділік сипаттағы еңбек қатынасына қатысуы: (жарақаттану, мүгедектік)
•    Өндірістің қолайсыз жағдайлары (күннің қатты сууы немесе күрт ысуы);
•     Стихиялық жағдайлар (катастрофа, өрт);
•     Халық шаруашылығының дамуындағы теңсіздік
Сақтандырудың экономикалық категория (санаты) ретіндегі негізгі нысандарын атап өтуге болады:
1. Сақтық қатынастардың ақшалай сипаты
2. Сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатынасуы.
3. Сақтандырудың іс  қимылы ақша қорларын жасап пайдаланумен қосарланып жүзеге асырылады.
4. Сақтандыру қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы.
Сақтандыру барысындағы қалыптасатын ерекшеліктер оған келесі анықтаманы береді:
Сақтандыру – бұл қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың ерекше аясы.
Қоғамдық өндірістің үзіліссіздігі шығындарды жабуды қажет етеді. Осыған байланысты қоғамда бөлістіруге қажетті қаражаттар болуы тиіс. Мұндай ақшалай қаражаттар сақтандыру ұйымында резервті және сақтандыру қорлары түрінде қалыптасады.
Қолайсыз табиғи жағдайлармен байланысты шығындардың ақшалай қаражаттармен жабылуы сақтандырудың жеке санатын – сақтандыру категория (санатын ) береді.
Сақтандыру мақсаты – қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс үрдістерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады
Сақтандырудың негізгі ерекшеліктерін келесілер жатады:
1)    Қатынастардың ықтималдылық сипаты
2)    Қатынастардың төтенше сипаты
Сақтандырудың мәні оның қызметтері арқылы анықталады. Сақтандырудың келесідей қызметтері бар:
1.    Тәуекелділік функциясы қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтыру белгілі бір тәуекелділікке келумен байланысты.
2.     Сақтандырудың ескерту функциясы да бар ол сақтану салдарының деңгейін, салдарын анықтайды
3.      Сақтандырудың жинақтау функциясы ақшалай қаражаттардың жеткілікті болаған жағдайында жүзеге асырылады.
4.     Бақылаушылық функциясы сақтық төлемдерін жмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды  қамтамасыз етуге байланысты болатын  тараптардың  нақты қатынастарында көрінеді.  Бұл функция сақтандыру қатынастарындағы   3-арнайы функцияның қалыптасуын сипаттайды.
Сақтандыруда сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі әдісі қолданылады:
1)    Бюджеттік
2)    Сақтандыру
Бюджеттік әдіс бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтандыру әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші  субъектлер мен халықтың жарналары  есебінен жасаудыалдын-ала қарастырады. Жарналардың мөлшері және  және оларды төлеудің тәртібі  сақтандырудың түріне, келісімнің шартына  қарай  беліленеді.
Қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс, әлеуметтік сақтандыруда  – бюджеттік және сақтандыру әдісі, мүліктік және жеке сақтандыруда  – сақтандыру әдісі қолданылады.
Сақтандыру қорлары сақтанушылардың жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.  Нарықтық  экономикада  сақтық қатынастардың едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі  өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуді талап етеді.
Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру, коммерциялық аядағы инвестициялық қаржыларды табыс алу үшін сақтандыру сақтандыру ісін береді.
2. Сақтандырудың жіктелуі 
Жіктелу негізгі бір талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл талаптар салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Сонымен қатар сақтандырудың келесідей нысандарын атауға болады:
Міндеттілік дәрежесі бойынша – міндетті және ерікті
Сақтандыру объектісі бойынша  -  жеке және мүліктік
Сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес
Сақтандыру объектісінің әртүрлілігіне сәйкес сақтандыру қатынастарының жиынтығын бес салаға бөлуге болады:
1.    Мүліктік сақтандыру
1.    Әлеуметтік сақтандыру
2.    Жеке сақтандыру
3.    Сақтандыру жауапкершілігі
4.     Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру
Міндетті сақтандыру- Заң негізінде жүзеге асырылатын сақтандыру түрі.  Ол сақтанушының есебінен жүзеге асады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады.
Ерікті сақтандыру- Тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын  сақтандыру түрі.
Жеке сақтандыру – Сақтандыру объектісі ретінде адамның өмірі, денсаулық және еңбек қабілеті саналатын сақтандыру саласы.
Мүліктік сақтандыру- Мүлікті иелену, пайдалану және сатуға қатысты сақтандырушының сақтық төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру жиынтығы.
Жинақтаушы сақтандыру  кез-келген бағыттар бойынша сақтандыру ісінің жүзеге асырылуы.Ол сақтандыру келісімі арқылы жүзеге асырылады.
Жинақтаушы емес сақтандыру қоры  сақтандыру жағдайы туындағанда ғана жүзеге асырылатын сақтандыру түрі.
ҚР сақтандырудың салалар бойынша жіктелуі келесі түрде жүзеге асырылады.
§    Салалар бойынша
§    Түрлері бойынша
§    Сыныбы бойынша
Өмірді сақтандыру екі сыныптан тұрады.
•    Өмірді сақтандыру
•     Аннуитетті сақтандыру

Жалпы сақтандыру  16 сыныптан тұрады.
Ø    Күтпеген жағдайдан сақтандыру
Ø    Медициналық сақтандыру
Ø    Автомобилді, темір жол, ауа және су транспортын сақтандыру
Ø    Жүктерді сақтандыру
Ø    Мүлікті сақтандыру
Ø    Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
Ø    Көлік иелерін азаматтық-құқықтық сақтандыру
Аннуитеттік сақтандыру – Сақтандырушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек қабілетін(жасына, мүгедектігіне, науқастығына байланысты)жоғалтқан асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайда немесе сақтандырушының жеке табысының кемуіне немесе одан айрылуына әкеліп соққан  өзге де жағдайларға байланысты зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Медициналық сақтандыру-сақтандырушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлернің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру – көлік құралын иеленуге, пайдалануға байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне  көлікті пайдалану барысында келтірілген зиянды  сақтандыру болып табылады.
Жүктерді сақтандыру- жүктерді иеленуге, пайдалануға байланысты адамдардың мүліктік мүддедеріне  жүктерді жоғалту салдарынан қалыптасатын  зиянды  сақтандыру болып табылады.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру – кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде  іс-қимыл жасайтын  келісім-шарт жасаушы агенттерінің өз міндетттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі  немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі.
Азаматтық –құқықтық жауапкершілікті сақтандыру – келісім-шарт бұзылған жағдайда сақтандырудың барлық түрі бойынша сақтандырудың жиынтығы. Сақтандыру органдарына жаңа тәуекелді сақтандыру түрлерін жасау құқығы берілген.  Қазақстандағы сақтандыру ісінің құрамына ұзақ мерзімді  жинақтаушы сақтандыру кіреді:
ü    Аймақ өмірін сақтандыру
ü    Жер сілкінісі уақытында сақтандыру
ü    Әскер қатарына шақырушыларды сақтандыру
ü    Туу жағдайында әйелдерді сақтандыру
ü    Жеке меншікке тиіскен уақытта сақтандыру
ü    Заңды тұлғалардың банктік депозитттерін сақтандыру

3.ҚР сақтандыру ісінің ұйымдастырылуы
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік сақтандыру ісіне деген монополиялық үстемдік  жойылған. Кеңестік дәуірде барлық мүліктік және жеке сақтандыруды жүзеге асыратын –Мемлекеттік сақтандыру болатын. Бүгінгі уақытта сақтандыру нарығында әр түрлі меншіктегі ұйымдар жетерлік.Олардың қызмет ету аясы тәуекелді сақтандыру аясын қамтиды:  биржалық келісімдерді, жүктерді, несиені сақтандыру және коммерциялық, құқықтық және басқа да арнайы тәуекелдерді сақтандыру. Қазақстанда экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру коперациясы құрылған. Бұл кооперацияның негізгі мақсаты қазақстандық тауар өндірушілерді және тауар экспортын әлемдік нарықта тәуекелден сақтандыру.
ҚР сақтандыру нарығының  қатысушыларына келесілер жатады:
1)    Сақтандыру ұйымы
2)    Сақтандыру брокері
3)    Сақтандыру агенті
4)    Сақтандырушы
5)    Аудиторлық ұйым
6)     Өзара сақтандыру қоғамы
7)    Сақтандыру қызметімен айналысатын кәсіпкерлік қызмет
Мемлекет ҚР Үкіметі негізінде ғана сақтандыру ұйымының құрылтайшысы бола алады. Жарғылық қорының 50% астамы мемлекетке қатысты  ұйым  сақтандыру ұйымының құрылташысы бола алмайды.    Сақтандыру ұйымдары міндетті түрде келесі  түрдегі ұжымдық органдарды қалыптастырады:
1)     директорлар кеңесі – басқару органы
2)    басқару – атқарушы орган
3)    ревизиялық комиссия – бақылаушы орган
Жарғылық капиталдың минималды мөлшері мемлекеттік тіркеу уақытысында толығымен төленген болуы тиіс.
Төлем қәбілеттілік. Сақтандыру ұйымының өз міндеттемелерін толығымен уақытысында орындай алу мүмкіндігі.
Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы дегеніміз сақтандыру келісіміне сәйкес барлық міндеттемелерді жаба алу мүмкіндігін келісім –шарт уақытысының соңына дейін сақтау болып табылады.
Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылық көсеткіштеріне келесілер жатады :
1)    Меншікті және жарғылық капиталдың минималды мөлшері
2)    Активтердің құны және  диверсификация деңгейі
3)    Сақтандыру резервтері мен басқада жағдайлардың көлемі
4)    Төлемқәбілеттілігі көрсеткіштері
5)    Сақтандыру және қайта сақтандыру міндеттемелерінің көлемі
6)     Сақтандыру қызметінің пайдалылығы
7)     инвестициялық саясатты жүзеге асыру тиімділігі
Сақтандыру ұйымының төлемқәбілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері пруденциалды нормативтер мен міндетті нормалар мен лимиттер арқылы жүзеге асырылады.
Пруденциалды нормативтер мемлекеттік органдар арқылы бекітіледі  және оның құрамына:
1)    төлем қәбілетілігі нормативтері
2)    қаржылық тұрақтылық нормативтері кіреді.
Сақтандыру ұйымдарының міндеттерінің көлемі өздерінің меншікті капиталының 10 пайызынан аспауы тиіс. Қазақстанның сақтандыру нарығы бүгінгі таңдақалыптасу кезеңінде. Экономикалық және құқықтық негізі бойынша ол әлемдік деңгейден көп артта қалуда. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру қызметінің түрлері –500ге жетсе, Қазақстанда бар болған-40. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сақтандыру ісі бизнес аясының тиімді саласы болып табылады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы