Скачать/Жүктеу
1991 жылдан 2000 жылға дейінгі кезеңді шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең — 1991-1994 жж. жалпы ішкі өнімнің орташа есеппен 10 пайызға жыл сайынғы қарқынды төмендеуімен; бағалардың жоғары қарқынмен өсуімен; ішкі валютаның тұрақсыздығымен сипатталады. 1993 жылы қарашада ұлттық валюта теңгенің енгізілуі, бірінші жылдары ең алдымен макроэкономикалық тұрақтылыққа бағытталған экономикалық және қаржылық саясат жүргізудің бастауы болды. Қатаң ақша-несиелік және бюджеттік саясат нәтижесінде тұрақтанудың алғашқы белгілері 1995 жылы, яғни теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануының жылдық деңгейі екі мәнді деңгейге – жылына 60%-ке, ал девальвацияның жылдық қарқыны 18%-ті құрағанда байқала бастады, бұл оның нақты нығаюын білдірді.
Дерек көзі: ҚР Ұлттык есептері, 1990-1999, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
Аталған шарттарға жету келесі кезең ішінде (1995-2000жж.) сауда мен баға қалыптастыруды ырықтандыру саласында, ақша-несиелік саясат, банктік жүйеде, салық және бюджеттік салада, шаруашылық субъектілерін басқаруда, әлеуметтік салада және т.б. салаларда жүйелік өзгерістерге мүмкіндік туғызды. Жүргізіліп отырған саясаттың негізгі мақсаты экономикалық өсімді қайта жаңғырту болды. 1996 жылдан бастап, Қазақстанның негізгі экспорттық үрдістеріне азиялық және ресей қаржылық дағдарыстың кері әсері, әлемдік бағалардың түсімі, сондай-ақ қолайсыз ауа-райы-климаттық жағдайлар ЖІӨ алдыңғы жылға қарағанда 1,9%-ке кеміткен 1998 жылдағы жағдайларды есептемегенде, экономиканың нақты өсімі байқалды.
Он жыл ішіндегі көрсеткіштер талдауы үйлестірудің екі түрлі жүйесіндегі параметрлерді салыстыру болып табылады. Сондықтан да бұны ары қарай қарастыруда экономика құрылымының трансформациялануы туралы мазмұнды түйін алу үшін базалық жыл ретінде 1995 жыл алынады.
Табиғи көлем индекстері (% өткен жылға)
1995 1996 1997 1998 1999 2000 2000, 1995=100%
Жалпы ішкі өнім 91,8 100,5 101,7 98,1 102,8 109,6 112,8
Ауыл шаруашылығы 75,6 95,9 99,1 81,1 121,6 96,7 89,7
Өнеркәсіп 91,1 101,5 103,8 97,6 102,7 114,6 119,9
Құрылыс 62,0 78,2 108,0 115,0 108,0 115,0 130,8
Қызмет көрсету өндірісі 100,6 103,0 99,5 100,4 98,5 107,9 109,4
Дерек көзі: ҚР Ұлттық есептері, 1990-1999, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
Нақты ЖІӨ өсу қарқыны 2000 жылы 1995 жылғы деңгеймен салыстырғанда 12,9% құраған.
Жыл сайынғы өсімнің жоғарғы қарқыны 2000 жылы алдыңғы жылға қарағанда 9,6 % байқалған.
Жалпы 1995 жылдан 2000 жылға дейінгі кезеңде өсімнің аса жоғары қарқыны құрылыста байқалған, яғни ол 30,8%-ті құрады. Әйтсе де құрылыстың ЖІӨ үлесі бұрынғыдай еш өзгеріссіз қалған және ол 2000 жылы ЖІӨ 5,3%-ін құраған (1995 жылы — 6,1%).
Нақты ЖІӨ соңғы бес жылдағы өсімі көп жағдайда (құрылыстан кейінгі) өнеркәсіптік өндірістің 19,9%-ке өсуі және қызмет көрсету саласының — 9,4%-ке өсуі есебінен қамтамасыз етілген болатын.
Жалпы ішкі өнім құрылымы (ағымдағы бағаларда, % жиынтыққа)
1995 1996 1997 1998 1999 2000
Жалпы ішкі өнім 100 100 100 100 100 100
Өнеркәсіп 25,4 23,8 24,7 24,4 28,2 31,9
Ауыл шаруашылығы 12,3 12,2 11,4 8,6 9,9 8,6
Құрылыс 6,1 4,1 4,0 4,9 4,7 5,3
Қызмет көрсету өндірісі 51,8 55,0 55,3 56,1 51,5 48,6
Таза салықтар 4,4 5,0 4,6 6,0 5,6 5,6
Дерек көзі: ҚР Ұлттық есептері, 1990-1999, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
1995 жылдан 2000 жылға дейінгі кезеңде ЖІӨ құрылымы тұрақсыз болып қала берген, бұл оның динамикасына әсер ететін факторлар қатарымен, оның ішінде: Қазақстанның негізгі экспорттық позициясы болып табылатын әлемдік тауар нарықтарындағы шикізат ресурсына сұраныспен, ауа-райы-климаттық жағдайлармен, астананың көшірілуімен байланысты құрылыс қызметтерінің өсуімен, төлемге қабілетсіз кәсіпорындардың банкроттығымен түсіндіріледі.
Сол сияқты, қызмет көрсету өндірісі, бұрынғыдай басым болып қала берді және ол 2000 жылы ЖІӨ 48,6%-ін құрады, бұл 2,8 пайыздық пунктке тауар өндірісінің (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс) үлесінен жоғары. Тауар өндірісі дамуының оң динамикасы, өз кезегінде өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және құрылыстың өндірісін қамтамасыз ететін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым қызметіне сұраныстың өсуіне себеп болып табылды.
Қарастырылып отырған кезеңдегі өнеркәсіптің алдыңғы қатарлы өсімі өнеркәсіптің ЖІӨ үлесінің 1995 жылы 25,4 %-тен 2000 жылы 31,9%-ке өсуіне негіз болды.
Дефлятор* (% өткен жылға)
1996 1997 1998 1999 2000 2000, 1995=100%
Жалпы ішкі өнім 138,9 116,1 105,7 113,3 117,4 226,8
Ауыл шаруашылығы 144,8 111,8 96,0 110,4 116,4 199,8
Өнеркәсіп 130,4 118,1 104,7 131,1 127,0 268,4
Құрылыс 121,6 105,1 111,9 103,5 115,0 170,3
Қызмет көрсету өндірісі 143,7 119,4 104,9 108,4 112,5 119,3
Дерек көзі:ҚР Ұлттық есептері, 1990-1999, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
Бағалардың орташа деңгейі 2000 жылы 1995 жылғы деңгейден 2,3 есе жоғары болды. Мұндайда, соңғы бес жыл ішінде бағаның орташа өсімі жеткілікті түрде төмен инфлициялық болжамдар аясында қалыптасты. Бағалардың біршама сілкіністері 1999 жылы, теңгенің девальвациялануына байланысты, және 2000 жылы, экспорттық бағалардың елеулі өсіміне байланысты байқалды.
Ауыл шаруашылығындағы бағалар деңгейі соңғы бес жылда екі есеге өскен, бұл бағаның орташа деңгейінен 27 пайыздық пунктке төмен болып отыр. Ауыл шаруашылығындағы баға құрылымының негізгі факторлары болып астық пен мақтаға әлемдік бағаның деңгейі саналады.
Өнеркәсіптегі баға өсімінің индексі 2000 жылы 1995 жылғы деңгеймен салыстырғанда 168%-ті құрады. Мұндайда, 2000 жылы өнеркәсіптегі баға өсімінің қарқыны ЖІӨ бойынша баға өсімінің қарқыны орта есеппен 10 пайыздық пунктке өскен, бұл шикізаттық ресурстардың экспорттық баға өсімімен байланысты. Өнімнің шикізаттық түрлері бойынша экспорттық баға деңгейі 2000 жылы өткен жылғы деңгейге қарағанда орта есеппен 39%-ке жоғары болды, бұл 2000 жылы ЖІӨ дефляторынан 20 пайыздық пунктке жоғары.
1998 жылға дейін құрылыста баға өсімінің төмен қарқыны байқалған, бұл кәсіпорындар мен халықтың жинақ ақшасының жеткіліксіз деңгейімен байланысты және астананы көшіруге дейін құрылыс қызметіне сұраныстың жеткіліті болмауымен байланысты.
Қызмет көрсету өндірісіндегі бағалардың өсімі бұл кезеңде қаржы, коммуналдық қызмет, қонақүй және мейрамханалық бизнес салаларында, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларында байқалды. Бұл бағаны ырықтандырумен, мемлекеттік меншікті жекешелендірумен, сонымен қатар осы қызмет түрлеріне сұраныстың төлем қабілеттілігінің артуымен байланысты.
Қызмет көрсету саласының табиғи көлем индекстері (% өткен жылға)
1995 1996 1997 1998 1999 2000 2000, 1995=100%
Қызмет көрсету өндірісі 100,6 103 99,5 100,4 98,5 107,9 109,4
Сауда; автомобильдер мен заттарды жөндеу 104,4 110,1 103,3 96,8 102,1 104,0 117,2
Қонақүйлер мен мейрамханалар 103,6 113,5 99,4 111,8 96,0 105,1 127,3
Көлік 86,8 101,8 104,0 98,2 98,8 118,0 121,2
Байланыс 95,2 99,4 98,9 105,8 104,8 125,3 136,7
Қаржылық қызмет 97,1 90,4 91,3 109,9 99,9 108,3 98,4
Мемлекеттік басқару 101,0 101 97,0 106,0 97,7 106,2 95,5
Білім беру 98,3 97,0 98,9 99,0 101,0 103,6 97,7
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету 97,2 97,7 90,6 98,0 91,7 100 82,4
Басқа коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызмет көрсету 109,7 105,6 101,1 100,6 97,6 105,7 110,7
Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және кәсіпорындарға қызмет көрсету 111,4 98,7 91,8 106,3 92,9 103,5 92,6
Дерек көзі: ҚР Ұлттық есептері, 1990-1999, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
Алдыңғы қатардағы нақты өсім қарқыны, жалпы қызмет көрсету өндірісі бойынша орташа қарқынмен салыстырғанда, көлікте, байланыста, қонақүй және мейрамханалық бизнесте, сондай-ақ саудада байқалады.
Көлік қызметтерінің нақты өсу қарқыны 2000 жылы 1995 жылғы деңгеймен салыстырғанда 121,2%-ті құраған. Мұндайда, өндірістік инфрақұрылымның құрамдас бөлігі саналатын көлік қызметінің өсу қарқыны өнеркәсіптің өсу қарқынына пропорция. Осылайша, өнеркәсіп көлемінің динамикасы көлік қызметтері секторының дамуын болжайды.
Байланыс секторындағы нақты өсу қарқыны соңғы үш жылда коммуникацияның жаңа түрлерінің (интернет, ұялы байланыс және т.б.) қарқынды дамуымен байланысты болып отыр.
Қаржылық саланың өте төмен даму қарқыны соңғы бес жылда банктік жүйенің реформалануымен, кейбір коммерциялық банктерді тарату және біріктірумен байланысты.
Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік бюджеттен нақты қаржыландыру көлемінің кемуі олардың көлемінің 2000 жылы 1995 жылмен салыстырғанда 6,4%-ке азайғандығының дәлелі.
Қызмет көрсету саласының табиғи көлем индекстері (% өткен жылға)
1995 1996 1997 1998 1999 2000
Барлық қызмет көрсету 100 100 100 100 100 100
Сауда; автомобильдер мен үй заттарын жөндеу 33,6 31,6 28,7 27,0 26,4 25,8
Қонақүйлер мен мейрамханалар 0,76 0,86 0,92 1,15 1,10 1,13
Көлік 18,1 17,6 18,7 21,8 20,5 21,5
Байланыс 2,48 2,92 2,45 2,73 2,89 3,2
Қаржылық қызмет 1,1 0,6 1,1 2,0 3,5 3,4
Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және кәсіпорындарға қызмет көрсету 24,6 26,0 26,7 23,3 23,2 23,8
Мемлекеттік басқару 4,47 4,7 5,16 5,18 5,1 4,77
Білім беру 7,41 7,66 7,97 7,93 8,16 7,78
Денсаулық сақтау 4,25 4,56 4,56 4,83 4,64 4,09
Басқа коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызмет көрсету 3,0 3,25 3,55 3,76 4,3 4,15
Дерек көзі: ҚР Ұлттық есептері, 1990-1999, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
8 кесте
Қызмет көрсету саласындағы жалпы қосымша құн дефляторы (% өткен жылға)
1996 1997 1998 1999 2000 2000, 1995=100%
Қызмет көрсету өндірісі 143,7 119,4 104,9 108,4 112,5 219,3
Сауда; автомобильдер мен заттарды жөндеу 125,9 104,8 102,2 102,1 114,4 157,5
Қонақүйлер мен мейрамханалар 148,4 126,3 118,4 107,2 118,6 281,9
Көлік 141,3 121,5 125,2 101,3 108,1 235,4
Байланыс 175,7 100,3 111,0 108,6 104,4 221,9
Қаржылық қызмет 86,9 235,3 177,0 184,8 109,2 730,4
Мемлекеттік басқару 150,9 136,8 99,9 105,9 109,3 238,5
Білім беру 157,6 124,4 106,0 109,5 111,6 254,2
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету 162,8 129,5 110,2 112,5 106,9 279,4
Басқа коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызмет көрсету 155,1 127,7 111,1 124,2 112,3 306,9
Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және кәсіпорындарға қызмет көрсету 158,5 132,6 86,5 114,6 120,3 250,6
Дерек көзі: ҚР Ұлттық есептері, 1990-1999, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі
Жалпы қызмет көлеміндегі сауданың үлесі 1995 жылы 33,6%-тен 2000 жылы 25,8%-ке дейін қысқарған. Бұл жоғары деңгейдегі бәсекелестікпен түсіндірілетін сауда қызметінің бағаларының аса төмен өсу қарқыны есебінен жүзеге асырылды.
Көлік қызметінің үлесі қарастырылып отырған кезеңде шамалы өскен –орташа өсу қарқынымен салыстырғанда аса жоғары қарқынға қарамастан, 2000 жылы 1995 жылмен салыстырғанда 3,4 пайыздық пунктке өсіп, 21,5%-ті құраған.
Қызметтердің едәуір үлесі жылжымайтын мүлікпен операция жүргізу саласына (жалға беру, делдалдық қызметтер, есептеу техникасы және онымен байланысты қызмет, зерттеулер мен әзірлемелер, жарнама, ғимаратты тазалау және жинау және т.б.) тиесілі, ол 2000 жылы 23,8% құрады. Аталған қызмет түрлерінің табиғи көлемінің кемуі соңғы бес жылда оларға бағалардың елеулі түрде 150,6% өсуімен өтелді.
Осылайша, көлік қызметініңғ нақты өсу қарқыны 2000 жылы 1995 жылмен салыстырғанда 121,2%-ке өсті. Мұндайда, өндірістік инфрақұрылымның құрамдас бөлігі болып саналатын көлік қызметінің өсу қарқыны өнеркәсіптің өсу қарқынына пропорцианалды. Осылайша, өнеркәсіп көлемінің динамикасы көлік қызметі секторының дамуын алдын ала анықтайды.
Кен өндіруші саланың негізгі капиталына тартылған инвестициялардың жалғасып отырған өсімі экономиканың жалпы өсімін ынталандырады, бірақ елдің шикізаттық бағдарын ұлғайтады және өңдеу саласының тауар импортына тәуелділігін күшейтеді.
Экономиканың шикізаттық бағдарын күшейту өнімдердің жеке түрлері бойынша да, жалпы экономика бойынша да ресурс қорларының мөлшеріне және әлемдік баға конъюктурасына тәуелділігін нығайтуға әкеп соқтырады.
Шикізаттық емес секторда бәсекелестікке қабілетті тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапалы өсімінің болмауы және өндірілмеуі ұзақ мерзімді келешекте экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Өнеркәсіптің өңдеу саласын және ауыл шаруашылығын, өндірістік инфрақұрылымды дамыту үшін жаңа қадамдар мен құралдар әзірлеу қажет.