Микроэкономика пәніне кіріспе


Скачать/Жүктеу

Дәрістің мақсаты: пәнді оқыту мақсаты микроэкономика  пәнінің логикасы мен құрылымын, негізгі экономикалық түсініктерді және зерттеу әдістерін меңгеру.

Тақырыпқа сұрақтар:

  1. Негізгі экономикалық түсініктер
  2. Экономикадағы таңдау және шектеу
  3. Микроэкономика субьектілеріне сипаттама (кәсіпорын, сала, нарық).

Тақырыпқа қысқаша мазмұндама (тезистер): 

Микроэкономика экономикалық ілімнің бір бөлімі ретінде экономикалық мамандықтарда жеке ғылым, жеке пән түрінде оқытылады. Микроэкономика жетілген және жетілмеген бәсекелі рыноктар механизмін, фирма ілімін бизнесті ұйымдастыру формаларын, өндіріс факторлары рыноктарын, рыноктық механизмнің артықшылықтары мен кемшіліктерін, тұрмыс жағдай туралы экономикалық ілімдерді талдайды. Микроэкономика- рыноктағы жеке меншік фирма, мемлекеттік кәсіпорын, адамдар топтары және жеке адамдар сияқты бірліктердің экономикасын зерттейтін

экономикалық ілімнің бөлімі. Мироэкономиканы оқып, білу көптеген сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді. Өйткені рыноктық шаруашылықта индивидуалды таңдау мәселесі орын алады: не өндіру керек, қалай өндіру керек, кім үшін өндіру керек, не сатып алу керек, уақытты қалай бөлу, демалыс пен қосымша жұмыс арасында қандай таңдау жасау керек т.б. Орталықтандырылмаған жүйе туралы әңгіме болғанда (рынок) баға шешім қабылдауда ақпараттық сигнал болып табылады. Микроэкономиканы сондықтан баға құрылу туралы ғылым деп те атайды.

Әртүрлі товарлар мен қызметтерге, өндіріс факторларына бағалардың қалыптасуы ортақ зейін қоятын мәселе болады. Микроэкономика рыноктық механизмді альтернативті шаруашылық жүйелерімен салыстыруға және қызмет ету тиімділігіне баға беруге жол ашатын ғылым.

Кез келген экономикалық жүйе алдында  3 негізгі сұрақ тұрады:

  1. не өндіру керек?
  2. қалай өндіру керек?
  3. кім үшін өндіру керек?

Рыноктық экономикада осы сауалдарға жеке индивид жауап беруі тиіс, олардың таңдау еріктіліг бар.

Не өндіру керек деген сұрақты қарастырғанда өндірістік мүмкіндіктер қисығы (ЛПВ) моделі қолданылады. Ол қолда бар ресурстардың көмегімен өндіруге болатын 2 түрлі товарлар комбинациясын көрсетеді.

Қалай өндіру керек деген сұрақ ресурстармен технологияларды таңдап алуға байланысты (изокванта,изокоста). Изокванта – қандайда бір өнімді өндіруге пайдалануға болатын ресурстар комбинациясын көрсетеді, басқаша өндірістік функция графигі деп аталады. Изокоста — өнім өндіруге жұмсалған шығындар графигі. Екеуінің жанасу нүктесі оптималды өндірістік теңдік нүктесі болады.

Кім үшін өндіру керек деген сұрақ кіріс дифференциациясын қарастырады.

Бақылау сұрақтары:

  1. микроэкономика ұғымы
  2. микро және микроэкономиканың айырмашылығын және олардың бір-бірімен байланысын, микроэкономика субъектілері
  3. Әр түрлі экономикалық жүйелердегі ұштастыру мәселелері. Айналым моделі

Әдебиеттер тізімі

  1. Мамыров Н.К., Кулекеев Ж.А., Султанбекова Г.К. Микроэкономика. — Алматы: Экономика. КазГАУ, 1997
  2. Микроэкономика. Практикум. Задачи, тесты, ситуации. — СПб.: Литера плюс, 1994
  3. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. — Алматы.: Казак университетi, 2001
  4. Нереев P.M. Курс микроэкономики. — М.: Норма, 2001
  5. Пиндайк Р., Рубенфельд Д. Микроэкономика. — М.: Дело, 2001

Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы