Скачать/Жүктеу
Жоспар
1. Мемлекеттік несиенің мәні мен мазмұны
2. Мемлекеттік несиенің түрлері, нысандары және әдістері
3. Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері
Лекцияның мақсаты: мемлекеттік несиенің мәнімен, түрлерімен, нысандарымен танысу; мемлекеттік қарызды реттеу әдістері
Лекцияның мазмұны
1. Мемлекеттік несиенің мәні мен мазмұны
Мемлекеттік несие – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да рөлінде көрінуі мүмкін.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарда банк несиесімен шатастыруға болмайды. Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:
1) мемлекеттік несие жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді — өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады;
2) алынған және берілген кредиттер үшін есеп айрысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің – үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатың қаражаттар «антиципацияландырылған салықтар”, яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп салынады.
Мемлекеттік несие ақша қаражаттарын қайта бөлу қызметін орындайды Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлер арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттік бағалы қағаздардың басқада түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жеткізуге болады.
Мемлекеттік несиенің екінші функциясы – реттеуші қызметі. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағымдарын реттейді: несие капиталының рыногында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады.
Сөйтіп, мемлекет бұл рынонтағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды «ығыстырып ”шығарады («ығыстыру” әсері). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түріне инвестициялауды шектеу үрдісін қалыптастырады. Бір мезгілде бағалы қағаздарды сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және олардың мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруда айқындалады.
1. Мемлекеттік несиенің түрлері, нысандары және әдістері
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады.
Ішкі несиеде мемлекеттік кредит қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болды.
Халықаралық несиеде қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк үйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік несие отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлікінең немесе басқа активтерінең бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетің мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінең қарызгер ретінде болады.
Мемлекеттік қарыздар – нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңи және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.
Мемлекттік қарыздар (займдардың) келесідей түрлерге бөлінеді:
ü өтеу мерзімі бойынша
ü орналастыру орны бойынша
ü орналасу әдісі бойынша
ü займ валютасы бойынша
ü эмитент бойынша
ü кіріс түрі бойынша
Мемлекеттік займдар өтеу мерзімі бойынша бөлінеді:
§ қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін)
§ орта мерзімді ( 1 жылдан 5 жылға дейін)
§ ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)
Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады.
Орналастыру әдістері бойынша:
Ø еркін айналатын
Ø жазылу бойынша орналастырылатын
Ø мәжбүрлеме
Эмиетентке байланысты займдар бөлінеді:
v орталық үкімет займдары
v жергілікті билік органдары займдары
Кіріс түрі бойынша :
• пайыздық, қарыз берушілер жыл сайын бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрақты табыс алып отырады.
• Лотереялық немесе ішкі ұтыс облегациялары шығарылады.
Қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабуға қажетті ақашалай қаражаттар көлемі аз болған жағдайда мемлекеттік қазынашылық міндеттеме секілді (МҚМ) несие түрі шығарылады. МҚМ 3 айдан 1 жылға дейін заңды тұлғаларға беріледі.
Мемлекеттік несиенің нысандары кезінде – мемлекеттік банктердің депозиттік ресурстарының қалдықтарын пайдалану мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында қолданылады. Мемлкееттік несиенің келесі нысаны – мемлекеттік орталық эмиссиялық банкінен қаражаттарды тарту болып табылады. Осының нәтижесінде айналыстағы ақша массасы құнсызданатындықтан, мемлекет бұл несиенің нысанын көп қолданбайды. Мемлекеттік несиенің келесі нысаны – заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік (қазынашылық) ссудаларды ұсыну. Ол кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржылық дағдарыс жағдайында беріледі
Мемлекеттік несиенің әдістері- әр түрлі және келтірілген сәйкес нысандарға сай болады. Мемлекеттік займдардың – табысты алу және анықтау әдістері, іске ену уақыты әдісі , орналасу әдістері бар. Мемлекеттік несиенің әдістеріне сонымен қатар мемлекеттік қарызды басқару әдісі (конверсия, консолидация, унификация, қайта қаржыландыру)де жатады.
Мемлкеттік несиенің әдістері банктік несиенің әдістеріне ұқсас.
3. Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері Мемлекеттік қарыз (борыш) – Мемлекеттік борыш – бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналасу нарығына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.
Сонымен қатар мемлекеттік қарыздың капиталдық және ағымдық түрлері бар..
Капиталдық мемлекеттік қарызға мемлекеттің шығыарылған және өтелмеген борыштық міндеттемелерінің барлық сомасы (бұл міндеттемелер бойынша пайыздарды қоса есептегенде) жатады.
Ағымдық қарыз – бұл төлеу мерзімі жеткен мемлекеттің барлық мінедеттемелерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады.
Экономикалық жағынаң дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болып табылады.
Мемлекеттік сыртқы борыш – шетелдік несиегерлер турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы.
Дүниежүзілік тәжірибеде мемлекеттік мөлшерді салыстырмалы сипаттау үшін арнайы көрсеткіш – борышқа қызмет көрсетудің коэффициенті пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің елдің валюталық түсімдеріне қатысы ретінде есептеп шығарылды. Мұндай қатыстың қауіпсіз денгейі 18 пайыз болып саналады.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады.
Экономикалық жағынаң дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болып табылады.
Мемлекеттік ішкі борыштың басқа нысандарына мыналар жатады:
бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық банкке берешек;
облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қағаздар бойынша борыш. Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын есепке алу үшін Ұлттық банк пен жергілікті атқарушы органдар келісілген тәртіппен Қаржы министрлігіне өз қарыздарының талаптары, алынуы, оларға қызмет көрсетілуі және өтелуі туралы ақпарат тапсырып отырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және жергілікті атқарушы органдарының осындай шарттың талаптарында, осындай қағаздарды шығару талаптарында көзделген жағдайда, қарыз туралы шарт бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын сатып алуға құқығы бар.
«Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш туралы» Қазақстан Республикасының заңымен тиісті мемлекеттік құрылымдар үшін қарыз алудың лимиттері белгіленген:
1) үкіметтік борыштың лимиті.
2) Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті.
3) Жергілікті атқарушы орган борышының лимиті.
Бұл лимиттер тиісінше республикалық бюджетте, Ұлттық банкте, жергілікті бюджетте жоспарланатын, алынған және өтелмеген қарыздардың тіркелген сомалары болып табылады, бұл сомалар берілген күнге тиісті құрылымның нақты борышынаң аспау тиіс. Мәселе, Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті оның таза алтын-валюта активтерінің 50 пайыз деңгейінде белгіленеді.
Мемлекеттік борышты басқару – мемлекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы; мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік кредитке қызмет көрсетуін оңтайландыру жөніндегі қызметі; басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төлем балансының проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл орайда борыш мониторингі – борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процестерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті органдардың қызметінде мемлекеттік борыштын мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қарызды басқарудың келесідей әдістері бар:
• Қайта қаржыландыру
• Конверсия (Мерзімді ұзарту)
• Консолидация (Жаңғырту)
• Сәйкестендіру (унификация)
• Облигацияларды кемімелі ара салмақ бойынша айырбастау
• Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту
• Мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту.
Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген мөлшерде, кез келген валютамен және кез келген нысанада дербес жүзеге асырады.
Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету деп қарыз алудың шарттарынаң туындайтын сыйақы, комиссиялық және өзге төлемдердің жиынтық төлемақыларын айтады.
Борышты өтеу – қарызгердің қарыздың алынған сомасын несиегерлермен шарттармен белгіленген тәрттіппен қайтаруы, белгіленген тәртіппен борышты құрайтын басқа міндеттемелерді орындауы.
Қайта қаржыландыру мемлекеттік берешекті жаңа қарыз шығару есебінең өтеуді білдіреді. Сонымен бірге, бұрын шығарылған қарыздардың орнына бірдей құндық ара салмақпен бағамдық айырмашылықты есепке алмай жаңа қарыздың облигациялары беріледі.
Жаңғырту деп бұрын шығарылған қарыздардың шарттарын табыстылығы бойынша аз жағынан да, көп жағынан да өзгертуді айтады. Бірінші жағдайда үкімет борыш бойынша елеулі шығыстар кезінде, екіншісінде инфляцияның болуы кезінде немесе қарыз облигацияларын сатып алудағы халықтың мүдделігін күшейту мақсатымен істейді.
Мерзімді ұзарту мерзімі бойынша қарыздың бастапқы шарттарын оларды ұзарту немесе қысқартумен байланысты өзгерту болып табылады.
Сәйкестендіру бірнеше қарыздарды бір қарызға біріктіруді білдіреді, бұл мемлекеттік борышты басқаруды оңайлатады.
Облигацияларды кемімелі ара салмақ бойынша айырбастау ұлттық ақша бірлігінің дефляциясы жағдайында және мемлекетке қарыздар бойынша тым қымбат ақшамен есептесу тиімсіз кезде жүргізіледі.
Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту мемлекеттің едәуір берешегі кезінде, сондай-ақ олармен байланысты болатын қаржы қиыншылықтары кезінде қолданылады, үкімет қарыздарды өтеудің және олар бойынша төлемақының мерзімдерін кейінге қалдыра тұру туралы мәлімдейді.
Мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту (күшін жою) елде саяси режим ауысымы және жаңа үкіметтің бұрынғы міндеттемелерді олардың заңсыздығы себепті орындауды мойындамауы кезінде болады. Бас тарту мемлекет банкроттығының салдарынан болуы мұмкін.
Мемлекеттік қарызды басқарудың аталып өткен әдістері бір уақытта да қолданылуы мүмкін.
Ұлттық экономиканың дамуы шетелдік несиелерсіз, инвестицияларсыз мүмкін емес. Бірақ шетелдік капиталды және валюталық ресурстарды тарту оларды тиімді пайдалануды қажет етеді. Сыртқы қарыздардың көбеюі кері экономикалық салдарға әкеледі. Мұның өзі экспорт пен импорттың арақатынасына, ұлттық валютаның курсының өзгеруіне отандық экономиканың дамуының тежелуіне әкеледі.