Скачать/Жүктеу
ЭМР: классикалық, кеинсиандық және институцио-налды-әлеуметтік тарихи, үш жетекші методологиялық тұрғыда қалыптасады.
Классикалық үлгі (13.3 кестені қараңыз) экономикаға аз араласуды болжайды және мемлекет — нарықтық экономиканың «түнгі күзетшісі» болып саналады деген А.Смиттің тұжырымдамасына негізделген. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бизнес-өндіреді және тұтынады, мемлекет жеке меншік құқығын қорғаумен айналысады және нарық заңдарынан туындайтын, кәсіпкерлер мен жұмысшылардың, тұтынушылар мен өндірушілердің «табиғи ойын ережелеріне» ақырын әсер етеді. Бірақ, ол жеке меншіктің табиғи ережелерінен ауытқуына күш қолдануға дейін (құқық,сот, әскер, полиция т.с.с.) барып әсер тигізуі мүмкін.
Кейнсиандық үлгі (13.4 кестені қараңыз)
Циклды өзгерістерді, жұмыссыздықты, инфляцияны және нарықтың барлық қатысушыларының өнімдермен ресурстар шығындарын мүмкін болғанша азайту мақсатында мемлекеттің экономикаға белсенді және неғұрлым көп араласуын көздейді.
Институционалды әлеуметтік үлгі (13.5 кестені қараңыз)
Күш құрылымы, экономикалық және әлеуметтік факторлар (институттар) арқылы қоғамның экономикалық тіршілік ету ортасына тарихи оңтайлы араласу жолымен мемлекеттің үш функциясын іске асыруды болжайды.
Белгілер( 13.5 кесте):
ТК-ТУ-тауарлар және қызметтер;
ТС-ЧН-таза салықтар;
ӨФ-ФП-өндіріс факторлары;
ӨШ-И-өндіріс шығындары;
ҮШK-ДДХ-үй шаруашылығының кipicтepi;
ҮШР-РД-үй шаруашылығының ресурстары;
ҮШӨ-ПД-үй шаруашылығының өнімдері;
ФК-ДФ-фирмалардың кipicтepi;
ФАР-РОФ-фирмалардың ауытқуларын реттеу;
ҮШАР-РОДХ-үй шаруашылығының ауытқуларын реттеу;
ФӘМБР-РБСДХ-фирмалардың әлеуметтік мүдделерінің балансын реттеу;
ҮШӘМБР-РБСДХ-үй шаруашылығының әлеуметтік мүдделерінің балансын реттеу;
МӘИ-мемлекеттік әлеуметтік институттары;
МӘИ-СИГ-салт-дәстүрді қорғаушылар мен білдірушілер.
Институтционалды-әлеуметтік үлгі факторлар құрамы жағынан ең күрделi болып табылады. Оны таза түрінде көрсету қиын. Ол қоғамның шаруашылық өміріне мемлекеттің ықпал етуі сияқты арнайы макроэкономикалық тұрғыдағы шектерін көрсетеді, сонымен біpгe оған алдыңғы екі үлгінің элементтері де кіреді.