Бағаны реттеудің шет елдік тәжірибесі


Скачать/Жүктеу

Көп елдерде жалпы тактика ретінде мемлекеттік органдармен құрастырылатын белгілі бір бағақалыптастырудың ережелері, әкімшілік-юрисдикциялық әдістер қолданылады.

Италия:

Баға бойынша ведомствоаралық комитет «қоғамдық пайдалы» жұмыстар бойынша тәуелсіз органдар  мекемесімен қызметтері тоқтатылды.Бұл органдар өкілеттілігі ведомствоаралық комиттетің билігіндегі өкілеттіліктерден бір шама ерекшеленеді. Бір жағынан бұл органдар «тәуелсіз», бірақ та басқа ведомствоаралық комитет — Экономикалық жоспарлау бойынша ведомствоаралық комитеттің нұсқауларына бағынды. Басқа жағынан, бұл органдардың міндеті бағаны бекітуде ғана емес, сонымен қатар нарық немесе көмек түрлерінде  жеке салалардың әр түрлі аспектілерін реттейді.

АҚШ–да 70-ші жылдарда ішкі нарықтағы көтерме және блшек сауда бағаларының өсу қарқыны айтарлықтай жылдамдады, бір қалыпты инфляцияның қарқынындағы ұласуы елдің экономикалық стратегиясын модификациялаудың қажеттігіне әкелді. Мемлекеттің бірінші ықпалы бағаларды тікелей реттеу арқылы инфляцияны жеңу әрекеті болды. 1971 ж. АҚШ президенті Р.Никсон єкімшілігінің белсенділігі бойынша бағаларды орталықтандырып, басқару енгізілді. Елдің экономикалық жағдайы, қоғамдық ойдың қыспағы президентті шекті шараларға баруға мәжбүрледі. Осындай жағдайда инфляция деңгейін төмендету өте ауыртпалы салдарды туғызу мүмкін еді (жұмысбастылықты төмендетпей инфляцияны шектеу еңбекақы мен бағаларды бірдей уақытта тоқтатып қоюды енгізген жағдайда мүмкін болады).

Франция - өнеркәсібі дамыған аз ғана елдердің бірі, онда ұзақ уақыт бойы бағаның мемлекеттік реттелуі қатаң режимде жүргізілді. Қырықжылдық кезең аралығында (1947-1986) бағаның мемлекеттік реттелуі “дирижизм (белсенді мемлекеттік реттеу саясаты)” саясатының құрамдас бµлігі болды және  қазіргі уақытқа шейін оның бірен–сараны сақталды. 1973ж. басталған бағалардың ырықтандырылуы (либерализациясы) 1980-шы жылдардың екінші жартысына шейін жалғасты. 1986 жылы мемлекеттік бақылаудан µнеркєсіптік µнімдер  бағаларының  шамамен 90%-ы босатылды.

Швеция. Елде бағаларға бақылау және тексеру арнаулы орган – азаматтық-әкімшілік Министрлігіне бағынатын, бәсекелестік және бағаларды мемлекеттік басқару органымен жүргізіледі. Швеция бағаларды реттеу туралы заң және бәсекелестік шарттар мен бағалар жайлы мағлұматтар берудің міндеттілігі туралы заң қабылданған және ол қызмет етуде.

Швеция ауыл шаруашылығын бағалық қаражаттандырудағы (субсидирование) құралдардың маңызды көзі – шикізаттың импортталуынан кедендік алымдар. Олар ішкі нарықтың жоғарырақ бағалары мен сыртқы нарықтың бағалары арасындағы айырмашылықтың мөлшерінде қалыптасады.

Дания. Данияда бағақалыптастыру жүйесі көбінесе нарық факторларының ыықпалымен құралған. Бағақалыптастыруға мемлекеттік әсер ету жоғарғы сипатта шектелген. Мемлекеттің бұл облыстағы қызметі сүраныс пен ұсыныс арақатынасы, өндірістік шығындар сияқты өлшемдерге (критерий) сүйеніп, өз өнімдеріне бағаларды өз бетімен қоятын жекеменшіктік өндірушілердің еркін бәсекелестігі үшін максималды түрде жағымды жағдайларды қалыптастыруға кіріседі.

Ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағақалыптастыру Дания мүшесі болып табылатын, ЕО-тың (еуропалық Одақ) ауыл шаруашылық саясаты механизмдерінің ықпалының жетегінде қалыптасады. Мұндай жағдайда, фермерлерге  суландыру және сорғыту (дренажная) жұмыстарын жүргізу, энергияүнемдеуші (энергосберегающая) жүйелерді енгізу,  негізгі құрылыс үшін жеңілдік ренталық шарттарды және қарыздарға мемлекеттік кепілдікті беруді қамтитын  мемлекеттік қолдаудың біршама тармақталған жүйесі бар.

Норвегия. Елде бағаларды мемлекеттік реттеудің құқықтық негізіне 1953ж. қабылданған бәсекелестікті шектейтін және пайданы, бағаларды бақылау туралы заң, сонымен қатар осы заңның негізінде шығарылған корольдік қарарлар (резолюции) реттілігі жатады. Кәсіпкерлік пен бағақалыптастырудың мәселелерін реттейтін заңдардың орындалуын бақылауды органдар жүйесі жүзеге асырады. Олардың ішіндегі маңыздыларына бағақалыптастырудың келесі мамандандырылған органдары жатады: баға бойынша Кеңес, бағалар бойынша Директорат, бағалар бойынша Мемлекеттік инспекция.

Австрия. Бағаларды мемлекеттік реттеу бағалар туралы (1976ж.) заң, картель туралы (1988 ж. редакциясында) заң, Антидемпинг (1985ж.) заңы негізінде жүзеге асырылады. Мемлекет бағалардың 10% жуығын реттейді (қара металдың қалдықтары мен сынықтары, формацевтикалық шикізат, дәрілік препараттар, электроэнергия, газ, жылумен қамту). Елдің Парламенті телефондық, телеграфтық және теміржолдық тарифтерді, пошталық жинау, тұз, темекі бұйымдары, темекіге бағаларды орнатып, бекітеді. Қаржы Министрлігі  спирттік ішімдіктерге бағаларды бекітеді.

Швейцария. Ауыл шаруашылығының тауарлық өнімдерінің жартысына жуық бағалары заңдық тәртіппен реттелінеді. Мемлекеттік реттеу тағамдық және азықтық дәндер, қант қызылшасы, рапс, сүтке бағаларды қамтиды. Етке анықтамалық бағалар орнатылады. Бағаларды шекті реттеу, оларды бақылаумен бірге, тоқыма тауарлары, киімдер, ойыншықтар, музыкалық аспаптар бойынша жүзеге асырылады.

Испания. Испанияда баға орнатуда 3 түрлі тәсіл орын алуы мүмкін. Біріншіден, бәсекелстік туралы заңдардан шығатын бағалар нормасын орнатуды реттейтіндер. Екіншіден, мемлекеттік биліктің өкілеттігі нарықтық қызметтер мен тауарларға бағаларды орнату. Үшіншіден, өндірушілер мен сатушылар жүзеге асыратын бағаларды орнату саласындағы тұттынушылардың экономикалық мүдделеріне қатысты нормалар.

Тұтынушылық бағалардың жалпы көлемінің шамамен 10%-ын тікелей мемлекетпен орнатылатын және реттелінетін бағалардың үлес салмағы құрайды. Бағаларды мемлекеттік реттеу механизмі олардың келесі түрлерін қамтиды: рұқсат бағалар, хабарлау және жергілікті бағалар.

Греция. Бағақалыптастыру облысындағы мемлекеттік реттеу бағаларды тікелей анықтау жєне олардың орындалуын бақылау жолымен жєне жалпыэкономикалық саясат шекарасында немесе экономиканың жеке салаларындағы елдің белгілі бір даму кезеңдерінде табыстар мен бағалар саясатын жүргізумен жүзеге асырылады.

Екінші топқа қалған тауарлар мен қызмет  жатады. Оларға бағаларды сауда Министрлігі реттейді. Министрлік өзінің орындаушылық қызметтерін (толық немесе бµліктеп) жергілікті билік органдарына беру мүмкіндігі қаралған. Сонда да олар қосымша рольді ойнайды. Өйткені сауда министрінің бекітуінсіз олардың шешімдерінің заңдық күші жоқ.

Австралия. Бұл елде реттеудің арнаулы жүйесі жоқ. Нан, сүт, жұмыртқа бағаларына бақылау осы ел штаттарының қазынашылықтарының құрамына кіретін арнаулыөкілетті ұйымдар мен штаттар қатарында жүзеге асырылады. Өкілетті ұйымдар аталған тауарлардың бағаларының максималды деңгейін үнемі қайта қарап отырады. Басқа жалпы ауылшаруашылық тауараларына минималды кепілденген сатып алу бағалары бекітіледі. Көтерме сауда бағаларының  ұлттық қазынашылық құрамына кіретін бағаларды бақылау Басқармасына алдын–ала хабарламай (21 күн бұрын) жоғарылауы мүмкін емес.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы