баға және бағалау лекциялар(Новые лекции цены и ценообразование)


Скачать/Жүктеу

1-Тақырып Баға белгілеудің теориялық және әдістемелік негіздері.
1. Бағаны нарық категориясы ретінде қарастыру.
2. Баға түсінігі мен мәні.
3. Бағаны кәсіпорынның экономикалық мәселелерін шешудің басты құралы ретінде қарастыру.
2-тақырып Баға белгілеу әдістемесінің ғылыми негіздері.
1. Баға белгілеу әдістемесі ұғымы және баға моделі.
2. Баға белгілеу принциптері.
3. Баға әдістері мен жүйесі ұғымдары.
4. Баға түзету стратегиялары.
3-тақырып Баға белгілеудің атқаратын қызметтері.
1. Бағаның есептік функциясы.
2. Баға және өндіріс шығындары мен нәтижелері арасындағы байланыс.
3. Бағаның ынталандырушы функциясы.
4–тақырып Бағаларға ықпал ететін факторлар.
1. Бағаларға ықпал ететін факторлар жүйесі.
2. Бағалардың арзандауына ықпал ететін факторлар.
3. Бағалардың өсуіне ықпал ететін факторлар.
5–тақырып Бағалар жүйесі. Баға түрлерінің сипаттамалары.
1. Бағалар жүйесі ұғымы.
2. Бағалардың әртүрлі түрлері критерилері бойынша жіктелуі.
3. Ұлттық экономикаға қызмет көрсету өрісіндегі бағалардың түрлері.
6–тақырып Өзіндік құн- баға негізі.
1. Баға деңгейі мен құрылымы ұғымы.
2. Шығындардың түрлері.
3. Өзіндік құнға әсер ететін факторлар жүйесі.
4. Өзіндік құнды калькуляциялау.
7–тақырып Баға құрамындағы таза табыс,үстемелер мен шегерімдер.
1. Баға құрамындағы таза табыс.
2. Рентабельділік және пайда: есептеу әдістері.
3. Баға құрамындағы үстемелер. Үстемелердің түрлері.
4. Баға құрамындағы шегерімдер. Шегерімдердің түрлері.
8–тақырыпФирманың баға саясаты мен баға стратегиясы.
1. Фирманың баға саясатының мазмұны.
2. Фирманың баға саясатының стратегиялық және тактикалық аспектілері.
3. Баға стратегияларын өңдеудің кезеңдері.
4. Баға белгілеу стратегиялары: дискриминациялық, ассортименттік, бәсекелік баға белгілеу стратегиялары.
9-тақырып Шаруашылық субъектілердің қаржыларын қаржы жүйесінің негізі ретінде қарастыру.
1. Қаржы ұғымы. Қаржылардың қажеттілігі мен табиғаты.
2. Құндық экономикалық категориялардың өзара әрекеті мен өзара байланысы.
3. ҚҚС-тың экономикалық сипаттамалары және оның баға деңгейіне әсері.
4. Акциздер және олардың баға деңгейіне әсері. Акцизді тауарлар.
10-тақырып Инфляция және баға.
1. Инфляцияның мәні.
2. Инфляцияның түрлері мен кезеңдері.
3. Сұраным инфляциясы мен шығындар инфляциясы.
11–тақырып Инфляцияға қарсы саясат.
1. Қазақстан экономикасындағы инфляциялық жағдай.
2. Инфляциямен күрестің негізгі түрлері.
3. Нарық пен табыстарға ықпал ету саясатын инфляциямен күрестің негізгі әдістері ретінде қарастыру.
12–тақырып Бағаларды мемлекеттік реттеу.
1. Бағалардың мемлекеттік саясатының мазмұны мен мәні.
2. Бағалардың мемлекеттік реттеудің қажеттіліктері мен мақсаттары.
3. Бағалардың мемлекеттік реттеудің әдістері.
13-тақырып Шетелдердегі баға белгілеу және бағаларды реттеу тәжірибесі.
1. Дамыған елдерде баға белгілеу мен реттеу.
2. РФ-ғы баға белгілеу мен оларды реттеу ерекшеліктері.
14-тақырып Табиғи монополиялардың бағаларын (тарифтерін) мемлекеттік реттеу.
1. Табиғи монополиялар ұғымы.
2. Табиғи монополистердің қызметіне қойылатын бағаларды реттеу тәртібі.
3. Трансфертті баға белгілеу. Трансфертті баға белгілеуді мемлекеттік бақылау.
15–тақырып Әлемдік бағалар және олардың қалыптасу механизмі.
1. Әлемдік бағалар ұғымы.
2. Әлемдік бағалардың негізгі түрлері.
3. Әлемдік нарық бағалары мен сыртқы сауда бағалары.
толық нұсқасын [email protected] дан ала аласыз!!!
1- Тақырып
Баға белгілеудің теориялық және
әдістемелік негіздері.

Дәріс жоспары (2 сағ)
1. Бағаны нарық категориясы ретінде қарастыру.
2. Баға түсінігі мен мәні.
3. Бағаны кәсіпорынның экономикалық мәселелерін шешудің басты құралы ретінде қарастыру.
Әдебиет: 5,6,10,12

Дәріс мақсаты: рыноктық экономиканың негізгі элементі ретіндегі баға жүйесі мен оның механизмін анықтау. Бүкіләлемдік экономикалық дағдарыс кезіндегі баға белгілеу мәселелерін зерделеу.

Кілт сөздер:
- баға;
- баға белгілеу;
- баға механизмі;
- рыноктағы баға;
- баға белгілеудің ішкі критерилері;
- баға белгілеудің сыртқы критерилері;

1.Бағаны нарық категориясы ретінде қарастыру.
Баға нарықты экономиканың шешуші элементтерінің бірі б.т.
Баға- күрделі экономикалық категория. Онда қоғамдағы бүкіл негізігі экономикалық қарым-қатынастар айқындалады. Бұл ең бастысы тауар өндірісі мен оны өткізуге, олардың құнын қалыптастыруға, сонымен қатар ақша қорларының жиналуына, бөлу мен қолданылуына қатысты. Баға барлық тауар-ақша қатынастарын айқындайды.
Баға сатушының өз тауарына сұрайтын ақша сомасы мен сатып алушының сол тауарға төлеуге дайын ақша сомасының мөлшерін сипаттайтын экономикалық категория. Оның классикалық анықтамасы: «Баға- тауар құнының ақшалай формасы.

2.Баға түсінігі мен мәні.
Әдетте баға теориясын екіге бөліп қарастырады:
1-сі бойынша тауардың бағасын оның құны анықтайды. Ал 2-ші теорияны жақтаушылардың пікірінше, тауар бағасы деп тұтынушылардың қандай да бір игілікке қол жеткізу үшін беруге дайын сомасын айтуға болады. Олай болса, баға- тауар құнының ақшалай формасы б.т.

3.Бағаны кәсіпорынның экономикалық мәселелерін шешудің басты құралы ретінде қарастыру.
Әкімшілік шаруашылықтан нарықты экономикаға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік саясаттың құралы ретінде бағаның рөлі белсенді сипатқа ие болып, басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістері қиыстырылған өтпелі дәуірде баға белгілеуде бірқатар қиыншылықтар мен күрделіліктер қатар жүруде. Өз тауарлары мен қызметтеріне баға белгілеу- барлық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың негізгі проблемасына айналды. Нарық жағдайында баға белгілеу көптеген факторлардың ықпалына түсетін күрделі процесті құрайды. Баға белгілеудегі жалпы бағыттарды, өндірістегі және жаңа тауарлаға баға белгілеу тәсілдерін анықтауда, өткізу көлемін, тауар айналымды, өдіріс тиімділігін жоғарылату мен мекеменің нарықтық позициясын күшейту маркетингтік шаралардан тұрады. Баға мен баға саясаты фирма маркетингінің басты шараларының бірі. Фирма таруарларының баға деңгейі компания қызметінің басқа жақтарына байланысты, мемкеменің коммерциялық-шаруашылық қызметтерінің нәтижесі дәл баға деңгейлеріне байланысты. Фирманың жүргізетін баға саясатының дәлдігі мен дұрыстығы түбінде оның коммерциялық қызметінің сәттілігін анықтап береді. Баға саясатының түпкі мақсаты- тауарға өтім көлемін арттыруға септігін тигізетін деңгейін анықтап, қажет болған жағдайда оған өзгерістер енгізіп отыру. Тарихи түрде баға- сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім-шарт негізінде анықталып отырған. Сатушылар ойындағы бағадан көбірек сұрап, ал сатып алушылар төлеуге дайын сомасынан кем ұсынады. Сөйтіп, түбінде олар бір ортақ шешімге келіп отырған.
Баға әрқашан да сатып алушының таңдау шешімін анықтайды. Бұл әлі күнге шейін кедей елдерде кең тұтыныстағы тауарларға қатысты. Бірақ соңғы кездері сатып алушының таңдауына бағалық факторлар белсенді түрде ықпал етуде, атап айтсақ, өтімді ынталандыру, әртүрлі клиенттер үшін тауарлар мен қызметтерді жеткізуді ұйымдастыру.
Фирма басқармасының баға белгілеу жөніндегі шешіміне көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Маркетингтік мақсаттар мен фирма шығындары- тауар мен қызметке деген баға деңгейін анықтаудың жобаланған шамасын құрайды. Фирма соңғы бағаны бекітпестен бұрын мемлекеттік реттеу дәрежесін, сұраным динамикасын, бәсеке сипатын, көтерме және бөлшек сатып алушылардың қажеттіліктерін ескерулері қажет. Өнімге деген бағаның қалайша қалыптасатындығына тәуелсіз баға деңгейлерінің тауардың тұтыну құнынан жоғары немесе төмендігін айқындайтын жалпы экономикалық критерилер де ескерілуі тиіс. Бұл критерилер ішкі (өндірушінің өзіне, басқарма мен персоналға байланысты), және сыртқы (фирмаға тәуелсіз) болып бөлінеді.
Ішкі критерилерге нақты түрде:
• (жарнама неғұрлым тамаша және сәтті өтсе, соғұрлым өндірушінің тауарына деген баға деңгейі де жоғары болмақ);
• өндірілетін өнімнің ерекшеліктеріне де байланысты (оның өңделу дәрежесі мен сапасы жоғары болған сайын оның бағасы да жоғары болмақ;
• өндіріс процесінің ерекшеліктеріне де байланысты (аз сериялы және индивидуалды өндірістегі өнімнің өзіндік құны жоғары болып келеді, әдетте жаппай өндірістегі тауарлардың шығыны мен сәйкесінше бағасы да арзанырақ болып келеді);
• өндірушінің нарықтық тактикасы мен стратегиясына да байланысты (бір немесе бірнеше нарықтық сегменттерге бағытталғандығы);
• өнімнің өмірлік циклінің ерекшелігіне;
• өндірістік процестердің шапшаңдығына;
• тауардың өндірушіден тұтынушыға қарай жылжу каналдарының саны мен ұзақтығы;
• сату және сатудан кейі сервисті ұйымдастыру;
• нарық көлемі;
• ішкі және сыртқы нарықтағы фирма имиджі.
Сыртқы критерилерге әдетте мыналарды жатқызады:
• мемлекеттің саяси тұрақтылығы- өндіруші мен фирма өнімін өткізіп отырған мемлекеттегі экономикалық және саяси жағдай;
• еркін нарықта қандай да бір қажетті ресурстардың болмауы (еңбек, материалды, қаржы);
• экономиканы мемлекеттік реттеу сипатына;
• инфляция деңгейі мен динамикасы;
• қазіргі және болашақтағы сұранымның көлемі мен ерекшеліктері;
• бірыңғай өнім өндірушілер арасындағы бәсекенің болуы мен оның деңгейі.
Фирманың өзінің нақты тауарына баға белгілеудегі көздеген мақсаты қандай? Бұл сферадағы кең тараған тәсіл мынадай:
1. жоспарланған пайда деңгейіне қол жеткізу;
2. сату көлемін арттыру;
3. нарықтың қомақты көлеміне қол жеткізу;
4. нақты тауарды сату барысында ең жоғары деген пайдаға қол жеткізуге ұмтылу;
5. бәсекелестерді әлсіздендіру;
6. тауардың қандай да бір жағымды имиджін қалыптастыру.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы