Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикалық өсуі


Скачать/Жүктеу

Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикалық өсуі жоғары қарқынмен дамып отыр. Экономиканы шикізаттың бағдарынан, өңдеушілік бағдарға қарай диверсификациялау жолдарын айқындап қарастырылуда. Қазақстанның кен байлығы – минералдық шикізаттың қайтып қалпына келмейтіні белгілі, сонымен қатар кен орындары уақыт өте келе сарқылатыны белгілі. Мұның өзі болашақта әуелі экономикалық, содан кейін саяси тәуелсіздігімізге әсер етуі мүмкін.

Сондықтан Үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық -  инновациялық даму бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаны іске асыру барысында мұнай саласына назар аударуды қажет етеді. Сонымен бірге мұнай өнімдерін өткізу басты назардағы мәселе болып отыр. Мұнай өнімдерін өндіру мен өткізу оған жүмсалған шығындармен тығыз байланыста.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Мұнай өндірудің өзіндік құны және калькуляциялық шығындарды есепке алу, өзіндік құнды төмендету жолдарын қарастыру болып табылады. Мұнай өнімдерінің өзіндік құнын төмендету оған  жұмсалған материалды және басқа шығындар есебінен резервтерді анықтауға мүмкіндік береді. Мұнай өнімдерін өндіру тікелей бұрғылау жұмыстарымен тығыз байланыста болғандықтан бұрғылау жұмысының өзіндік құнын төмендету жолдары есепке алынған.

Дипломдық жұмыста қолданылған әдістері: Кәсіпорынның негізгі техника экономикалық көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасай отырып, топтау, абсолюттік мәнін анықтау, тізбектеп қою тәсілімен салыстыру, және 1 тонна өнімнің өзіндік құнының денгейіне диаграммалық үлгілері көрсетілген.

Дипломдық жұмыс: «Қазгермұнай» біріккен кәсіпорының соңғы үш жылғы баланстық мәлеметтері негізінде жазылып отыр. Сонымен қатар осы  кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған шығындар есебі, жалпы шаруашылықтық шығындары өның ішінде негізгі қызмет бойынша және негізгі емес қызмет бойынша жұмсалған шығын есебінің мәліметтері қолданылды. Сол сияқты кәсіпорынның бұрғылау жұмыстарындағы негізгі технологиясы және пайдалану тиімділік көрсеткіштері қолданылды.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы: Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерін есепке алу жолдары қарастырылған. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдарын есепке алуда өнім өндіруді арттыру мәселесі бірінші орындыалады. Сонымен қатар 1 тонна мұнайдың өзіндік құны оған әсер етуші факторлердің есебі жүргізілген. Өнім өндіруге жұмсалған шығын турлері бойынша тікелей материалды шығындар есебіне және еңбек шығындарының есебіне талдау жасалған. Өнім өндірудегі тікелей материалды шығындардың әсері мен олардың көлемі, бағасы есепке алынған. Сол сияқты еңбек ақы шығыны, еңбек сиымдылығы, 1 сағаттағы еңбек ақы қорынның деңгейі, тауарлы өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығын көлемі есепке алынып талдау жасалған.

«Қазгермұнай» біріккен кәсіпорының өнім өндірудегі мүмкіндіктерін қарастыра отырып, еңбек өнімділігінің резервтерін, материалды шығындарды үнемді пайдалану арқылы материалды шығындарды төмендету, жұмысшылар санын азайту арқылы еңбек сиымдылығын төмендету яғни еңбек шығынын азайтуға, электрогияны үнемді пайдалануға болатындығын және сол арқылы табыс көздерін арттыруға  мүмкіндігі бар екендігіне  көз жеткіздік.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы