Ислам діні мәдениеті


Скачать/Жүктеу

1.Ортағасырдағы Еуропа мәдениеті: христиандық ортағасыр мәдениетінің негізі.
2. Қайта өрлеу мәдениетіндегі адам және гуманизм идеалдары.
3. Жаңа заманның мәдениқұндылық бағдарламалары.
Өзінің табиғаттағы жағынан сан қырлы, әрі жан – жақты болып келетін христиан мәдениеті – Иисус Христос дінін қабылдаған барлық халықтарға тән мәдениет болып саналады. Христиан діні б.з.б. 1 ғасырда құдыретті Рим империясының шығысында қалыптасты. Алғашқы кезде буддизмнің бір тармағы ретінде пайда болған бұл дін б.з.б. 50 – шы жылдары қасиетті Павелдың арқасында миссионерлік дін дәрежесіне жетті.
Римнің қоғамдық өміріндегі қалыптасқан мұндай әлеуметтік -экономикалық дағдарыс бұрынан қалыптасқан діндердің құлдырауына әкеп соқты.
Христиандық адамгершілік қағидаларының өзіндік ерекшеліктерінің бірі – оның ізгілік қасиеттерді жекелеген адамдардың бойында ғана емес, бүкіл халықтың бойында қалыптастыруға бағытталуында. Олай болса, Иисус Христостың Інжілді дүние жүзінің барлық халықтарының арасында насихаттауға шақыру сырын түсіну онша қиындыққа соқпайды.
Христиан діні сонымен қатар коллективизм идеяларына толы болып келеді. «Жаңа өсиет» кітабының ішінен алғашқы христиандардың дүниемүлік принциптерін өмірге енгізу жайлы деректерді көптеген кездестіруге болады.
Христиан діннің қалыптасуының алғашқы кезеңінде байлыққа қызығушылыққа қарсы көзқарас қалыптасты. Иисус Христостың жолына аз өмірн бағыштауға бет алған жас жігітке «егер сен оның жолын қуғың келсе, бар байлығынды нашарларға тарат» делінсе, ал екігші бір жерде И. Христос «Түйеге иненің көзінен өту қандай қиын болса, байлықтың соңына түскен адамның құдайдың ризашылығына бөленуі де сондай қиын болады» деп опсыз дүниенің соңына түскен пақырларды алдын ала сақтандырады.
Христиан дінінің көркемдік бейнесі туралы мәселе мәдениет тарихындағы келелі мәселелердің бірінен саналады, өйткені христиан дінінің бет – бейнесі өнермен тығыз байланысты болып келеді. Олай болса әлемдік мәдениетте бір – бірінен ажырамас мұндай сабақтастықты «Христиан мәдени» деген терминмен белгілейміз. Әрине, көптеген өнер туындыларының мазмұны, ондағы түрлі сарындағы бейнелер Библияға тікелей қатысты екендігі ешкім жоққа шығара алмас.
Кейбір Библияға тақырыбына арналған өнер туындыларының мазмұндары шіркеу мүддесіне мүлде қайшы келеді.
Христиандық өнер туындыларына баға бергенде екі жағдайға назар аударған дұрыс: оның алғашқысы, шығарманың идеалдық бағыты; екіншісі, қарастырып отырған өнер туындысының христиандық мәдениет жүйесінде алатын орны.
Жер шарындағы қасиетті де, құдыретті мәдениеттердің бірі – Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді – будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана – сезімінің қалыптасып, дамумен тығыз байланысты болған.
Үнді жеріне келген аррийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі – Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз – діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің , табиғаттың поэтикалық бейнесін хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы.
Шамамен б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Ең басты – упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман абсолютті шындық, абсолютті руханилық, бұл дүниеде одан тысқары ешнәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып — жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық о сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай – ақ оның алты мектебі қалыптасты.
Үнді будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философиның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде.
Бір – бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философияның алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым – қатынастарының сан – саласын қамтып, танып – білудің түрлі әдістерін қарастырады.
«Вайшешика» адам өміріне пайдалы шындылықтың алты түрін көрсетеді субстация, сапалық, іс – қимыл, жалпылық, ерекшелік, мәнділік Вайшебика бойынша, физикалық дүние атомдардан тұрады және ол мәңгілік болып саналады. Бірақ физикалық дүние атомдардан тұрғанымен, оның басты қозғаушы күші қарма заңдарына сәйкес әрекет ететін құдай болып саналады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы