Скачать/Жүктеу
ΙΙ Хассан мешіті немесе ΙΙ Хассанның Ұлы мешіті – Мароккодағы Касабланка қаласында орналасқан мешіт.
Ол Атлант мұхитының жағалауында орналасқан. Құрылыс жұмыстары 1986-1993 жылдар аралығында жүрді. Жоба авторы – Мишель Пинсо. Мешіт 25 000 адамға арналған және қасындағы аймаққа 80 000 адам намаз оқи алады. Жалғыз мұнарасының биіктігі 210 м.
Ол әлемдегі ең биік діни құрылыс болып табылады. Мешітті қайырымдылық қорынан жиналған 800 миллион долларға салды. Мешіт ΙΙ Хассан корольдің кезінде салынды. Құрылыс жұмысына 2500 құрылысшы және 10 000 жуық суретшімен басқа мамандар шақырылды. Құрылыс материалдардың барлығын қаланың маңындағы аймақтардан әкелінді.
Дереккөздер
↑ http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D1%87%D0%B5%D1%82%D1%8C_%D0%A5%D0%B0%D1%81%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B0_II