Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық салаларында макро деңгейде, ал қазіргі өндірістік кәсіпорындар мен шаруашылықтарды дамыту ісінде микро деңгейде ашық экономикалық саясат бағытын ұстанатын болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылдың 1 қаңтардағы Жарлығында, барлық заңды және жеке жеке тұлғалардың тауарлар мен транспорттық құралдарды әкелуге және шығаруға құқылары бар делінген.
Кедендік режимде – Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар және транспорттық құралдардың өтуінің нақты тәртібі мен жағдайлары көрсетілген. Оларға жататындар: кедендік құжаттау кезінде қажетті шарттарды қадағалап дәйекті түрде орындау; нақты кедендік төлемдер жинау; лицензия беру және тауарларды сақтау үшін, тауарларды кедендік алып бару, кедендік құжаттау бойынша жоғары білімді, білікті маман аттестатын беру үшін түрлі кедендік алымдар жинау.
Читать полностью »