Қазақстан Республикасының аумағы батысында Едiл өз. алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейiн, солт-нде Батыс Сiбiр жазығынан (Солт. Қазақстан жазығы) оңт-нде Тянь-Шань тауына дейiн созылып жатыр.
Читать полностью »
Климаты. Кең байтақ Казақстан жерiнде оның геогр. орнына (яғни атмосф. ылғалдықтың негiзгi көзi — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерiнiң сипатына байланысты қуаң континенттiк климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешенi ерекше әсер етедi.
Читать полностью »
Туризм. Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қ-нда тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк к-нде (62 км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу — Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды.
Читать полностью »
Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.
Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңт-тегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы геогр. белдемдiлiк заңына байланысты. Мыс., Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солт-тен оңт-ке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңт., оңт.-шығыс таулы алқаптарында — тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады.
Читать полностью »
Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 28 наурызда орнатылды.
Қазақстан мен Сирия арасындағы өзара қатынастарға қазіргі уақытта еліміздің Египеттегі Елшілігі жетекшілік етеді. 2007 жылғы сәуір айынан бастап Дамаск қаласында Қазақстанның Консулдығы жұмыс істейді. Консул- А.Асылов.
2007 ж. қарашада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Дамаскіге жасаған бірінші ресми сапары екі ел арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға елеулі серпін берді.
Читать полностью »
Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 сәуірде орнатылды.
2006 тамыз айынан бастап Оман Сұлтандығының Елшілігі Астанада жұмыс атқаруда. Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы Елшісі – Ахмед бен Наср бен Хамад әл-Махризи.
Екі жақты қатынастар тарихында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Оманға алғашқы ресми сапары маңызды саты болып табылады (қыркүйек 1997 жыл). Сапар барысында ҚР мен ОС арасында Өзара түсіністік туралы бірлескен меморандумға және екі елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар туралы Хаттамаға қол қойылды.
2008 жылғы 15-18 наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Сұлтан Қабус бен Саидтің шақыруымен Оманға ресми сапары болды.
Читать полностью »
1991 ж. 31 желтоқсан – Нидерланды Корольдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындады.
1992 ж. 10 қыркүйекте – дипломатиялық қатынастар орнатылды.
2000 ж. 20 желтоқсанда – Атырау қаласында Нидерландтың құрметті консулдығы ашылды.
2002 ж. 5 қарашада — Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып П. Ван Леувен тағайындалды.
2003 ж. 17 маусымда – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Амстердам қаласындағы ҚР-ң Бас консулдығы құрылды (жұмыс бастаудың кезеңі – 2003ж. 20 тамыз).
2003 ж. қарашада — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ҚР-дың Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі К.В.Жигалов ҚР-дың Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қос атқарушы болып тағайындалды (Сенім грамоталары Нидерланд Королева Беатрикске 2004 жылдың мамыр айында тапсырылған).
2005 ж. 18 ақпанда — ҚР-ң Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Амстердам қаласындағы Бас консулдығы ҚР-дың Нидерланды Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясы болып қайта ұйымдастырылды (жұмыс бастаудың кезеңі – 2005ж. 18 шілде).
Королева Беатрикстің шақыруы бойынша 2002 ж. 27-28 қарашадағы Президент Н.Назарбаевтың Нидерландыға ресми сапары Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы қатынастардың қалыптасуындағы маңызды кезеңі болып табылды.
Читать полностью »