МАРС, қызылжұлдыз — Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы 4-планетасы. Марс жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диам. 6800 км, яғни Жер диаметрінің жартысынан сәл үлкен (0,53). Полярлық диаметрі экваторлы диаметрінен 1:190 есе кіші. Марстың көл. 0,15 Жердің көлеміндей. Массасы 6,4231023км (0,017 Жер массасындай). Орташа тығызд. 3,97 г/см3, яғни 1,4 Жер тығыздығындай. Марс бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,72 м/с2 (яғни жер бетіндегі ауырлык күші үдеуінің 0,38 бөлігіндей). Марс бетіндегі екінші ғарыштық жылдамдық, яғни ауырлық күшін жеңіп, планетаны тастап ұшып кететін дене жылд. 5,0 км/с. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен айналады, одан орташа қашықтығы 228 млн. км (перигелийінде 206 млн. км, афелийінде 249 млн. км). Марстың орбита бойымен орташа қозғалу жылд. 24,2 км/с. Орбитасының эклиптика жазықтығына еңкеюі 1,8°. Сидерлік айналу периоды 1,881 жыл (687 күн тәулігі). Марс, Күн және Жердің өзара бірдей қашықтықта орналасуы орташа есеппен 780 тәулікте қайталанады (синодтық айналу кезеңі). Бұл Марстың «қарсы тұрыс» периодының қайталануы. Марстың қарсы тұрысы Марс орбитасының перигелийі маңында болған кезде ол Жерге ең жақын болатын 56 млн. км қашықтыққа келеді. Осы кезде М. 24 — 25″ бұрышпен көрінеді, ал ондағы 60 — 100 км-лік заттар телескоппен қарағанда байкалады: Осындай кезді «ұ л ы қ а р с ы т ұ р ы с » деп атайды. Бұл 15—17 жылда тамыз айында (кейде шілде не қыркүйекте) қайталанады. Марстың соңғы «ұлы қарсы тұрысы» 1971 ж. байқалды. Марстың афелийіндегі «қарсы тұрысы» кезінде ол Жерден 100 млн. км-дей қашықтықта, дөңгелек диск түрінде көрінеді. Марс бетіндегі тұрақты жарық және қоңыр дақтар Марстың өз осінен айналуын бақылауға мүмкіндік береді. Марстың осьтік айналу периоды (жұлдыздық күн тәулігі) 24 сағ 37 мин 22,7 с. Марс экваторының жазықтығы Марс орбитасының жазықтығына 25,2° еңіс, яғни ол жер экваторы жазықтығының жер орбитасы жазықтығына (эклиптикаға) еңістігіндей деп есептелінеді. Сондықтан Марстағы жыл мезгілдерінің ауысуы және климаттық белдеуге (полюстік, қоңыржай, тропиктік) бөлінуі Жерге ұқсас. Бірақ Марстағы әрбір жыл мезгілі Жердегіден гөрі 1,9 есе ұзақ болады.
Читать полностью »