Жануарлар гельминтоздары


Скачать/Жүктеу

Гельминтоздардың  диагностикалық әдістері. Трематоздардың диагностикасы. Цестоздар диагностикасы. Нематоздар диагностикасы.

Сабақ мақсаты.  Жануарлар гельминтоздарының тірі және өлгеннен кейінгі диагностикасын қарастыру, әр түрлі жануарлардың нәжістерін алу әдістерін меңгеру, сонымен қатар қан, несеп, тері, көз бөлінділерін, асқазан құрамындағы заттарды алуды меңгеру және т.б.  нәжіс сынақтары мен жанарлардың басқа субстраттарын зерттеу кезінде  қолданылатын құралдар мен реактивтермен танысу.

Сабақ өткізу орны. Паразитология кафедрасының зертханасы, оқу-тәжірибелік шаруашылық, жанарлық фермалар.

Құрал-жабдықтар. Гельминтоздармен зақымдалған нәжістерінің сынамалары, бауыр, өкпе, тері, қан, жануарлардың ішек-қарыны.

биологиялық микроскоптар Биолам Р-2, У-42, МБИ;  бинокулярлы лупалар БМ-51-2, МБС-1; центрифугалар  ЦУМ-1 және т.б. Берман аппараты, Петри табақшалары, 200 мл-лік стакандар,  50 мл-лік шыны мензуркалар, илеуіштер,  сүзгілер, шыны таяқшалар, резиналық грушалар, пипеткалар, дәкі, мақта.

қайшы, айналма қағаздар, кюветтер, компрессориумдар, бактериологиялық кеселер.

реактивтер:  Барбагалло ерітіндісі, 70 пайыздық этиль спирті, глицерин, метилл көгі, натрий хлоридінің ерітіндісі, аммиак  селитрасының түйіршіктелген ерітіндісі, цинк хлоридінің ерітіндісі және т.б.

Әдістемелік нұсқаулар. Оқытушы студенттерді гельминтоскопия, гельминтоовоскопия және гельминтоларвоскопиямен таныстыру.

Кейін студенттер Петри табақшасындағы консервленген гельминттерді қарастырады. Гельминттердің жұмыртқалары мен дернәсілдерінің суреттерін салады.

Теориялық бөлім.  Диагностиканың өмірлік әдістері, гельминтоовоскопиялық әдіс, нәжістерді шаю нәтижесі, Фюллеборн әдісі,  гельминтоларвоскопиялық әдіс, Берман мен Орлов әдістері, гельминтоскопиялық әдіс, диагностикалық зерттеулердің арнайы әдістері, несепті зерттеу, қанды зерттеу,диагностикалық дегельминтизация, диагностиканың жануардың  өлгеннен кейінгі әдістері, толық гельминтологиялық  вскрытие, толық емес гельминтологиялық вскрытие, теріні және сухожилий зерттеу.

Тапсырмалар.                      

Тапсырма 1. Гельминттердің дернәсілдерінің жәні жұмыртқаларының құрылуын меңгеру жіне суретін салу.

Тапсырма 2. Жалпақ және  дөңгелек гельминттердің фиксация және консервлеуді меңгеру.

Бақылау сұрақтары.

  1. Диагностиканың өмірлік және өлгеннен кейінгі  әдістерінің мәні неде?
  2. Гельминтокопроскопиялық зерттеулерді жүргізудің шарттары қандай?
  3. Нәжістерді флотационды және седиментационды зерттеу әдістерінің принциптері неде?
  4. Қандай жағдайда гельминттердің  нәжістегі жұмыртқа мен дернәсілдері мөлшерлі түрде анықталады?
  5. Қандай гельминтоз кезінде арнайы диагностикалық зерттеулер жүргізіледі?
  6. Толық және толық емес вскрытие кезіндегі айырмашылық неде?

Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы