Жабық тұқымдылар бөлімі


Скачать/Жүктеу

ЖАБЫҚ ТҰҚЫМДЫЛАР (ГҮЛДI ӨСIМДIКТЕР) БӨЛIМI

(отдел покрытосеменные — Angeospermae)

Жабық тұқымдылар бөлiмi осы кездегi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi жақсы жетiлгендерiнiң бiрi. Оларда 250000- дай түр бар.

Жабық тұқымды өсiмдiктерде гүл көбею мүшесi болып табылады.Осы гүлдерде аталықтар мен аналықтар жетiледi. Аналықтың жатынында тұқым бүршiктерi орналасады.

Жабық тұқымдылардың гүлдерiнiң бiр- бiрiнен мөлшерi, пiшiнi, түсi және құрылысы жағынан айырмасы болады. Бiр жабық тұқымдылардың гүлдерi желмен тозаңдануға, ал екiншiлерi насекомдармен тозаңдануға бейiмделген. Қандай жолмен тозаңданғанына қарамастан, тозаң дәндерi аналықтың аузына келiп түседi. Осы жерде олар өсiп тозаң түтiктерiн түзедi. Тозаң түктерi арқылы аталық жыныс клеткалары тұқым бүршiгiне өтедi. Осы жерде тозаң түтiгiндегi екi аталық жыныс клеткасының бiрi жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Ал екiншi аталық жыныс клеткасы тұқым бұршiгiнiң ең үлкен орталық клеткасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлдi өсiмдiктерге тән мұндай түрiн  қосарланып ұрықтану деп атайды. Сонымен, ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан ұрық пайда болады. Орталық   клетка екiншi аталық жыныс клеткасымен қосылып ұлғайып эндосперм түзедi. Онда ұрыққа қажеттi қор затары жиналады. Тұқым бұршiгiнен тұқым, ал жабынның қабырғаларынан жемiс қап түзiледi.

Сонымен гүлдi өсiмдiктердiң тұқымы жемiстiң iшiнде жетiледi. Сондықтан бұл өсiндiктердi жабық тұқымдылар деп атайды.

Жалпы сипаттамасы. Қазiргi кездегi жабық тұқымдыларға ағаштар,бұталар, шөптесiн өсiмдiктер жатады. Олар жер бетiндегi құрлықтардың барлығында кеңiнен таралған. Жабық тұқымдылардың кейбiреулерiнiң вегетациялық кезеңi өте қысқа, бiрнеше айға ғана созылады. Оған көкнәрлер тұқымдасының кейбiр өкiлдерi мысал бола алады: сеппе көкнәр(мак самосейка – Papaver rhoeas), ұсақгүл гипекоум(гипокоум мелкоцветковый – Hypecoum parviflorum)т.б. Екiншi бiр түрлерi мысалы, емен ағашы (дуб черезчатый – Quercus rubra)  жүз жылға дейiн өмiр сүредi.

 

Кейбiр жабық тұқымдылар- аса үлкен өсiмдiктер. Мысалы эвкалипттердiң биiктiгi 100метрден асады. Сонымен бiрге балықот (ряска маленькая – Lemna minor) секiлдi өте ұсақ өсiмдiктер де кездеседi. Көптеген жабық тұқымылардың сабақтары тiк өседi. Бiрақ олардың iшiнде шырмалып, өрмелеп, төселiп өсетiн  және жатаған сабақтылары да болады. Кейбiр жабық тұқымды өсiмдiктердiң жер асты өркендерi өзгерiстерге ұшыраған. Жабық тұқымдылардың жапырақтарының пiшiнi мен мөлшерi, тамыр жүйесi әрқилы болады. Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан әртүрлi тұқымдастар өкiлдерiнiң де бiр-бiрiнен елеулi өзгешелiктерi болады. Жөке ағашынан тұратын көлеңкелi орман мен қайың ағашынан тұратын шағын тоғайдың айқын айырмашылығы болады. Шалғынды жерде өсетiн өсiмдiктер құмды шөлдiң , батпақты тундраның өсiмдiктерiнен өзгеше болады.

Гүлдi өсiмдiктердiң табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы.  Гүлдi өсiмдiктердiң табиғаттағы және адам өмiрiндегi маңызы орасан зор. Өсiмдiктер адамға тамақ өнiмдерiн бередi және ауыл шаруашылық жануарларына қажеттi жем- шөп қоры. Олар шикiзат ретiнде өндiрiстiң әр түрлi саларында қолданылады.

Гүлдi өсiмдiктердiң халық және  ғылыми медицинада кеңiнен қолданылатын түрлерi көптеп кездеседi. Гүлдi өсiмдiктердiң iшiнде көкөнiстiк, жемiс- жидектiк, балды, эфир майлы, шыны майлы және техникалық түрлер де бар. Гүлдi өсiмдiктерiң ағаш тәрiздi формалары құрылыс материалдары ретiнде аса құнды. Олардан әр түрлi үй жихаздарын жасайды. Бұлардың бiрқатары сәндi өсiмдiктер. Оларды парктердi, скверлердi, көшелердi, тiптен жұмыс орындарын көгалдандыруға пайдаланады.

Ауыл және халық шаруашылығының әртүрлi салаларының дамуына байланысты, өсiмдiк өнiмдерiне сұраныс артып келедi. Мұның өзi адамның табиғат байлығын зерттеуге белсендi түрде кiрiсуiне жол ашады. Мәдени өсiмдiктердiң қазiргi кездегi түрлерiнен де түсiмдiлiгi жоғары жаңа сорттар шығарылуы қажет.

Өсiмдiктердi табиғи жағдайда зерттеу әр түрлi экспедициялар ұйымдастырумен тiкелей байланысты. Кезiнде Мәскеу өсiмдiк шаруашылығы институты ұйымдастырған экспедициялар жабайы өсiмдiктердiң көптеген пайдалы түрлерiн ашуға мүмкiндiк бердi. Осындай экспедициялардың арқасында ауыл шаруашылық өсiмдiктер сорттарының аса бай үлгiлерi жинақталды. Осы жинақтауда академик И.И. Вавиловтың еңбегi ерекше едi. И.И. Вавиловтың тiкелей басшылығымен дүние жүзiнiң көптеген аймақтарында экспедициялар ұйымдастырылды. Бұл экспедицияларға қатысқан ғалымдар әлемнiң әр түрлi елдерiнiң жабайы өсiмдiктерiн зерттедi. Соңғы 15-20 жылдың iшiнде осындай экспедициялардың құрамына Қазақстан ғалымдары да ендi.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы