Вегетативтік нерв жүйесі


Скачать/Жүктеу

Соңғы кезге дейін адам мен жануарлардың нерв аппараты бір-біріне тәуелсіз, дербес екі жүйеден — анималдық және вегетативтік құралған деген түжырым қалыптасқан болатын. Бұл ұғымның негізін ХУШ-ғасырдың соңында француз дәрігері, әрі физиолог Мари Франсуа Биша салған. Организмге тән қызметтерді де ол екі топқа бөлген. Бірінші топты тек жануарларға тән қызметтер құраса, екінші топқа жануарларға да, өсімдіктерге де ортақ қызметтер, немесе вегегативтік функция-ар, жатқызылған.

Биша жіктеуіне сәйкес түйсік, қимыл-әрекет, сөйлеу қабілеті анималдық функциялар тобын құрайды, ал қоректену, өсу, көбею — вегетатавтік қызметтерге жатады. Осыдан жануарларға тән қызметтерді реттейтін нерв бөлігін — анимальдық, ал өсімдіктерге тән қызметгерді реттейтін нерв белігін-вегетативтік деп атаған. Анимальдық қызметтерді ОНЖ-сі, ал вегетативтік кызметтерді — арнаулы нерв түйін-дерінен құралған вегетативтік нерв жүйесі реттейді деп санаған.

Ұзақ уақыт вегетативтік нерв жүйесі ми мен жұлынға тәуелсіз автономды жүйе ретінде танылып келді. Оның негізгі қызметі ас қорыту, қан айналым, тыныс алу, зәр бөлу, кобею т.с.с. қызмеітерді реттеу деп есептелді.

Сонымен, анимальдық немесе тәндік (сомалық) нерв жүйесі организмнің сезім-қимыл әрекеттерін қамтамасыз етсе, вегетативтік нерв жүйесі бүкіл ішкі ағзалардың, қан тамырларының, тер бездерінің нервленуін, жеке ағзалардың нәрленуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде организмнің вегетативік қызметінің тұлғалық-анимальдық функциялар сияқты орталық нерв жүйесімен басқарылатыны дәлелденді. Осының нәтижесінде вегетативтік нерв жүйесінің автономиясы туралы ұғым жойылып, оның біртұтас нерв аппаратының бір ғана бөлімі екендігі туралы көзқарас калыптасты, шеткі нерв жүйесін тұлғалық және вегетативтік нервлерге бөлу принціпі қабылданды. Тұлғалық нерв организмнің сыртқы ортамен афферентгік және эфференттік байланыстарын, ал вегетативтік нерв ішкі ортаның тұрақтылығын, зат алмасу үрдісінің қарқынын, организмнің бейімделу реакцияларын қамтамасыз етеді.

Тәндік нерв бөлімінің эффекторы қаңқа еті болса, вегетативтік нервтер эффекторы ішкі ағзалардың бірыңғай салалы еттері, жүрек еті, әр түрлі бездер болып табылады. Вегетативтік нервтердің басты қызметі — қозу толқынын орталық нерв жүйесінен ішкі ағзаларға өткізу.

Вегетативтік нерв бөліміне тәндік жүйкемен салыстырғанда бірнеше морфологаялық ерекшеліктер тән.

1. Вегетативтік нервтер орталық нерв жүйесінің тек қана белгілі бір бөліктерінен ғана — ортанғы және сопақша мидан, жұлынның құйымшақ бөлігінен, басталады. Ал, тәндік (тұлғалық) нервтер орталықтары мидың бағандық бөлігі мен бүкіл жұлын бойында орналасады.

2. Тұлғалық нервтермен салыстырғаңда вегетативтік нервтердің
қозғыштығы және қозуды өткізу жылдамдығы төмен болады.
Вегетативтік нервтерге қозу толқыны секундына 1-30 м жылдамдықпен, ал тұлғалық нервтерде — 60-120 м жылдамдықпен тарайды.

3. Вегетативтік нерв тамырларда миелин қабығы болмайды,
олар үлпексіз нервтер, ал тұлғалық нерв тамырлар — үлпекті,
миелинді құрылым.

4. Вегетативтік нерв бөлімінің шеткей бөлігі екі нейроннан құралса, тұлғалық нерв бөлімі жалғыз нейронды құрылым. Вегетативтік нерв тамырлар өздері нервтендіретін мүшелерге жетпей арнаулы түйіндерде үзіледі. Сондықтан, олар түйін алды (преганглийлік) және түйіннен соңғы (постганглийлік) талшықтарға бөлінеді. Түлғалық нерв тамырлар өздері нервтендіретін мүшелерге еш жерде
үзілмей жетеді.

Вегетативтік нерв жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің өздеріне тән ерекшеліктері болады.

1. Симпатикалық және парасимпатикалық нервтер орталығы
нерв жүйесінің әр түрлі деңгейінде орналасады. Симпатикалық
нерв орталықтары жұлын сұр затының көкірек және бел омыртқалық бөлімдерінің бүйір мүйіздерінде орналаса, парасимпатикалық орталықтар ортаңғы және аралық ми мен жұлынның құйымшақ бөлімінде орын тебеді.

2. Симпатикалық нерв бөлімінің түйіңдері өздері нервлендіретін
мүшелерден тыс орналаса, парасимпатикалық түйіндер ағзалардың
өзінде орнығады.

3. Симпатикалық бөлім әмбебап келеді, барлық мүшелерді
нервтеңдіреді. Парасимпатикалық бөлім әмбебап емес тері тамырлары, тер бездері, бүйрек үсті бездері, зәр ағарлар, көк бауыр, қаңқа
еттері парасимпатикалық нервтермен нервтенбейді.

4. Симпатиклық нервтерге мультипликация (көп тарамдалу)
құбылысы тән түйінен соңғы талшықтар саны түйін алды талшықтар санынан әлдеқайда көп болады. Парасимпатикалық нервлер айтарлықтай көп тарамдалмайды.

5. Симпатикалық нервтердің эфференттік талшықтары парасимпатикалық нерв талшықтарынан ұзын келеді. Симпатикалык, нерв үштары эрготоксинмен, ал парасимпатикалық жүйке ұштары — атропинмен жансызданады.

6. Симпатикалық нервтер қозу толқынын симпатин, ал парасимпатикалық нервтер — ацетилхолин медиаторы арқылы таратады. Бірақ қазіргі кезде қозу барысында кейбір симпатикалық нерв
ұшының ацетилхолин, ал парасимпатикалық нерв ұшының,
керісінше, норадреналин бөлетіні дәлелдеген. Осымен байланысты
вегетативтік нервтер холинергиялық және адренергиялық болып
екі топқа бөлінед. Холинергиялық нервтер өз қызметін ацетилхолин ал адренергиялық нервлер — норадреналин бөлу арқылы
атқарады.

Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері организм функцияларына әр түрлі әсер етеді. Симпатикалық бөлімнің қозуы нәтижесінде организм стресс (булығу) жағдайынан шығады. Симпатикалық нерв жүрек жұмысының ырғағын жиілетіп, артериялық қысымды жоғарылатады, бұлшық еттің қанмен жабдықталуын жақсартып, қандағы глюкоза деңгейін көтереді, ас қорыту жүйесі мүшелері қызметін әлсіретеді. Оның әсерімен организм күшін жүмылдырып, стрестен шығуға мүмкіндік алады.

Парасимпатикалық нерв жүрек жұмысын баяулатып, қан қысымын төмендетеді, ас қорыту ағзаларының қызметін жандандырады. Демек, оның әсерімен организмде қор толықтыру, оны қалпына келтіру үрдістері жүреді.

Сонымен, симпатикалық жүйе организмнің жалпы белсенділігін жоғарылатса, парасимпатикалық жүйе оның әрекеті кезіндегі шығынды жабуға, организм қорын қайта толықтыруға жағдай туғызады.

Баяндалған жайлар симпатикалық және парасимпатикалық нервтердің бір-біріне қарама-қарсы әсер ететінін көрсетеді. Бірақ тұтас организмде олар тек салыстырмалы антагонизм жағдайында болады. Олардың катынасын қарама-қарсылықтың функционалдық бірлестігі ретінде қараған жөн. Жүйке жүйесінің аталған бөлімдері әрекетіне айналымдық (циклдік) сипат тән. Осы бөлімдердің бірінің белсенділігінің жоғарылауы, соңынан екіншісінің қызметінің күшеюімен алмасып отырады. Мысалы, түнгі мерзім мен ертеңгісін парасимпатикалық реакциялар, ал күндіз және кешқұрым — симпатикалық реакциялар басымырақ болады. Көп жағдайда аталмыш бөлімдер синергиялық эффект көрсетеді бірінің тонусы жоғарыласа, екіншісінің тонусы төмендей қалады. Мысалы, қолқа барорецепторлары тітіркенгенде қан қысымы бір жағынан парасимпатикалық нервтер белсенділігінің артуы, екінші жағынан жүректің симпатикалық нерв талшықтары белсеңділігінің әлсіреуі нәтижесіңде төмендейді.

Вегетативтік рефлекстер деп әр түрлі ішкі ағзалар қызметінің вегетативтік нервтер әсерімен өзгеруін айтады.

Вегетативтік рефлекстер бірнеше топқа бөлінеді.

1. Экстерорецепторлардан басталып, ішкі ағзалар мен тамырларда
аяқталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер организмде жылу алмасуды,
қуаттың алмасуын, қимыл әрекетгерінің вегетативтік құрамаларын
қамтамасыз етеді.

2. Бір интерорецептордан басталып, басқа ішкі ағзаларда аяқталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер тобына қан тамырларының
рефлексогеңцік аймақтарының тітіркенуі салдарынан жүрек қызметінің
өзгеруін, қарын мен ішек керілген кезде сілекей бөлудің күшеюін
қамтамасыз ететін рефлекстерді жатқызуға болады.

3. Бір ағзаның интерорецепторларының тітіркенуінен басталып,
сол ағзаның өзінде аяқталатын рефлекстер. Оларға жүрек қызметі
мен тамыр тонусының оздігінен реттелуін, қуықтың босауын қамтамасыз ететін рефлекстер жатады.

Аксон-рефлекстер, немесе ОНЖ-нің қатысуынсыз атқарылатын рефлекстер. Бұл жағдайда рецепторларда пайда болған тітіркеніс
афференттік талшықтар арқылы түйінге дейін жетеді де, одан әрі
эфференттік симпатикалық не парасимпатикалық жолға ауысады.
Организмнің вегетативтік қызметі көп деңгейлі құрылым арқылы реттелінеді. Бастапқы реттеу тетігі ВЖЖ-нің қабырғалық (интрамуральдық) түйіндерінде орналасады. Бұл түйіндер қарапайым, төменгі деңгейдегі вегетативтік орталықтар қызметін атқарады және оларға белгілі дәрежеде автоматия қасиеті тән. Қабырғалық түйіңдер мүшенің өзімен ғана шектелетін ағзалық рефлекстерді реттейді.

Вегетативтік қызметті реттеудің екінші деңгейі мүшеден тыс орналасқан ОЖЖ-нің шеткі түйіндерінің (қүрсақтық түйін, симпатикалық шекаралық баған түйіндері) қатысумен қамтамасыз етіледі. Үшінші деңгейді жұлын мен ми бағанында орналасқан вегетативтік орталықтар құрайды. Ал, организмнің күрделі әрекеттеріндегі вегетативтік және тұлғалық функциялар арасындағы үйлесімдік гипоталамуста, лимбика жүйесінде және ми қыртысында орналасқан жоғары деңгейлі реттеу орталықтарының қатысуымен қалыптасады.

Сопақша мида тыныс алу, қан айналым, ас қорыту үрдістерін реттейтін орталықтар орналасады. Жұтыну, құсу, түшкіру, жөтелу сияқты рефлекс түрінде атқарылатын реакцияларды ретгейтін орталықтар да осы сопақша мида орын тебеді.

Гипоталамуста гомеостазды қамтамасыз ететін, зат алмасу үрдісін (су мен түздардың, комірсулардың, белокгардьщ, майлардың) ретгейтін орталықтар орналасады. Гипоталамус эндокриндік, вегетативтік және дене түлғасының қызметін біріктіретін, үйлестіретін құрылым бо-лып есептеледі. Гипоталамустың артқы ядроларын тітіркендіргенде симпатомиметикалық эффекг байқалады (көздің қарашығы кеңейіп, жүрек жұмысы жиілейді, артериялық қысым жоғарылап, ас қорыту ағзаларының қимылы бәсендейді, қан қүрамында қант мөлшері көтеріледі). Ал оның алдыңғы ядроларын тітіркендіргенде парасим-патикалық бөлімнің қызметін ретгейтін нейрондар қозып, қарама-қарсы қүбылыстар байқалады. Ортаңғыядролардытітіркеңдіргенде, немесе зақымдағанда, зат алмасу үрдісі бүзылады. Гипоталамустың медиальдық бөлімінде қан қүрамындағы өзгерістерді (температура, осмостық қысым, гормон статусының ауытқуы т.б.) бақылап отыра-тын ерекше рецепциялық нейрондар (осморецепторлар, терморецеп-торлар) орналасады.

Вегетативтік рефлекстерді реггеуге лимбикалық жүйе де қатыса-ды. Мүнда ішкі ағзалар қызметін үйлестіретін жоғары деңгейдегі орталық орналасады. Лимбикалық жүйе вегетативтік қасиет тән өр түрлі эмоцияларды, мінез реакцияларын (қимыл — әрекет, қоректе-ну, қорғаныс) қалыптастыруға қатысады.

Әр түрлі вегетативтік реакциялар ми қыртысының түрлі бөліктерін тітіркендіргенде де байқалады. Ми қыртысы вегетативтік функциялардың жетік реттелуін, олардың күрделі әрекеттерге сәйкестенуін бағалап, бағыттап отырады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы