Сүтқоректілер класы


Скачать/Жүктеу

СҮТҚОРЕКТIЛЕР КЛАСЫ

 ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Сүтқоректiлер немесе аңдар класының негiзгi белгiлерi: тiрi туу, балаларын қоректендiру үшiн сүт бөлетiн сүт бездерiнiң болуы, дене қуысын төстi және құрсақты етiп диафрагмамен бөлу және жылықандылық. Бұл кластың маңызды ерекшелiгi – жоғарғы жүйке жүйесiнiң дамуы. Сүтқоректiлер эволюциясының шыңы болып адам туысы және саналы адам {Homo sapiens} түрi есептеледi.  Сүтқоректiлердiң тарихи дамуы үш бағытта жүрдi: жұмыртқа салушы сүтқоректiлер, қалталы сүтқоректiлер және плацентарлы сүтқоректiлер. Тек плацентарлы дамыған төл туатын жоғарғы сүтқоректiлер, тiршiлiк үшiн күресте жеңiп шықты.

Жұмыртқа салушы және қалталылар, австралиядан басқа континенттерде табиғи сұрыптауға түстi және жойылып кеттi.

Жамылғысы кезеңдеп түлейтiн жүннен (өстен) және жүн астынан тұратын түктi. Терiде тер бездерi аз, майлы және иiстi бездерi бар. Сүт бездерi – емiзiктерi бар түр өзгерткен тер бездер.

Қаңқасы. Бассүйек, омыртқа, төс клеткадан, алдыңғы және артқы аяқтарының белбеулерiнен, еркiн аяқтардан тұрады, бассүйек милы және беттi бөлiктен, көз қарашығынан, астыңғы және үстiңгi жақтардан тұрады (күрек тiстер, иттiстер, азу тiстер). Тiстерi шұңқырда орналасып, түбiрден, мойыннан және эмальмен қапталған қабықтан тұрады. Сүттiлерi әрқашанда ауысып отырады. Омыртқасы 7 мойынды, 12 төстi, қозғалмалы қосылған 6 белдi омыртқадан, 3-4 крестi, жамбаспен өскен, (қозғалмалы қосылған) құйрықты омыртқалардан тұрады. Құйрықты омыртқалардың саны әртүрлi. Көкiрек клеткасы омыртқаның төстi бөлiгiнен, төстiктен және 12 жұп қабырғадан түзiлген. Иық белбеуi: қарға сүйекгi бiтiсiп кеткен жауырыннан және бiр, бұғанадан құралады. Артқы аяқтарының белбеуi: жамбасының сүйектерi – сербек, қасаға және шонданай.

Бұлшықеттер. Ең күштiлерi шайнағыш, арқа және аяқтарының бұлшықеттерi.   Диафрагма – тыныстық қозғалыстарға  қатысып, дене қуысын төстi және құрсақты бөлiкке бөлетiн бұлшықет. Ымды бұлшықеттер.

Ас қорыту жүйесi. Тiстi ауыз, дәм сезушi клеткалары бар, бұлшықеттi тiл, сiлекей бездер. Жұтқыншақ, өңеш, қарын, iшек (алдыңғы, аш және тiк iшектер). Бауыр және қарын асты бездер. Жануарлармен және өсiмдiктермен қоректенедi.

Тыныс алу жүйесi. Тыныс алуы кеуде клеткасы мен диафрагма көмегiмен iске асады. Тыныс алуы жиi, терең емес, сондықтан жылуберуi жоғарғы тыныс жолдарының ауыз қуысы мен тiлiнiң бетiнiң суытылуы арқылы iске асады.

Қанайналым жүйесi. Жүрегi төрткамералы. Екi қан айналым шеңберi бар. Жүрек соғысы 1 мин. 120 соғады.

Зәр шығару жүйесi. Бұршақ формалы жамбас бүйректерi, зәрағар, қуық, зәр шығару каналы. Зәр шығару сонымен қатар терi арқылы да жүредi (тер бездерi). Су, тұздар, несеп  бөлiнедi.

Жүйке жүйесi. Орталық – бас ми және жұлын, ал перифериялық – олардан шығатын жүйкелер. Мидың жарты шарының қабығы – жоғарғы жүйенiң iс-әрекет ортасы. Қабығы қартар түзедi. Мишық жақсы дамыған. Шартты және шартсыз рефлекстерi күрделi.

Сезiм мүшелерi. Иiс сезу, жанаса сезу және есту жақсы дамыған. Түстi көруi дамымаған, бiрақ бейненi, ымды, қозғалысты көредi, себебi олар бас миының қабығында сарапталады.

Сүтқоректiлер класы (Mаmmalia) 4 мыңға жуық түрдi бiрiктiредi. Егер 2 млн. түрден астам насекомдармен салыстырса аса көп емес. Осыған қарамастан адамдар алты аяқ насекомдарға қарағанда сүтқоректi жануарлармен жақсырақ таныс. Бұл ғажап емес: адам өзiне тән қасиеттерге ие және өзi сияқты сүтқоректiлер класының өкiлдерiне көңiл бөледi. Омыртқасыздарға қарағанда сүтқоректiлер ғалымдар тарапынан кеңiнен зерттелген. Олардың әр түрiне ондаған, мыңдаған ғылыми еңбектер арналған. Джералд Даррелл, Бернгард Гржимек, Джой Адамсон, Александр Николаевич Формозов, Игорь Иванович Акимушкин және тағы да басқа көптеген белгiлi жаратылыстан жануарларға арнап көптеген кең таралған қызықты кiтаптар жазды. Алғашқы сүтқоректiлер шамамен 185 млн. жыл бұрын шығуы мүмкiн. Қазба қалдықтарына қарағанда, қазiргi жертесерлерге ұқсас ұсақ (ұзындығы 20 см аспаған) жануарлар болған. Бұл аңдардың тiстерi айқын күректiс, иттiс, ұрт  және  азу тiстерi болып бөлiнген, ми көлемi ең дамыған рептилиялардiкiнен үш-төрт есе үлкен, ал дене пiшiнiнiң кiшiлiгi насекомдарды аулауды және жаулардан тығылуды жеңiлдеткен.

Бор дәуiрiнiң соңында (шамамен 70-65 млн. жыл бұрын) динозаврлар қырылып «тiршiлiк кеңiстiгiн» босатты. Бұл мүмкiншiлiкпен сүтқоректiлер пайдаланды. 10-15 млн. жыл (бiздiң планетамыз тарихында үлкен мерзiм емес) iшiнде олар құрлықтан басқа су және әуе орталарын игердi.

Иттiң аяғы, жылқының тұяғы, итбалықтың ескек аяқтары, жарғанаттың қанаттары — өздерiнiң ата-тектерi рептилиялардан берiлген сүтқоректiлердiң «қарапайым» бес саусақты аяқ-қолдарынан пайда болған. Ең көне жылжу әдiсi – жүру немесе жүгiру. Осындайда жануар табаны мен бiлезiк сүйектерiне толығымен сүйенедi (немесе едәуiр бөлiгiне). Мұндай жүрiс тәсiлi – табан арқылы жүру деп аталады. Аса жылдамдықпен ерекшеленбесе де, ол тұрақтылық болды. Табан арқылы жүру насекомқоректiлерде, кемiргiштерде және кейбiр жыртқыш аңдарда (мысалы аюларда) сақталған.

Ашық кеңiстiктерде тiршiлiк ететiн жануарларға жауларынан қашуға немесе қорегiне жету үшiн жылдам жүгiру қажет болды. Кейбiр сүтқоректiлер табан арқылы жүруден саусақ жүрiске ауысты. Саусақ арқылы жүру үлкен жылдамдықпен жүгiруге және секiрiп қимылдауға мүмкiндiк бередi.

Қазiргi саусақпен жүретiн сүтқоректiлерге көптеген жыртқыштар тобының өкiлдерi жатады, мысалы, иттер мен мысықтар. Жүгiрiс кезiнде олар тiрек ретiнде барлық саусақтарын пайдаланбайды: бiрiншiсi (қысқа, қимылдауда қатыспайтын) эволюция барысында қатты кiшiрейген, ал кейбiр жануарларда толығымен жоғалған.

Саусақпен жүретiн жүгiрушiлерге қарағанда тұяқты сүтқоректiлер тек жылдам ғана емес, оған қоса ұзақ жүгiре алады. Тұяқтылар жер мен тастардың жарақатынан тұяқтың сүйектi қабығымен қорғалған,  саусақтарының ең ұшына сүйенедi. Саусақпен жүретiн жыртқыштардың жүгiруi  — жылдамдықпен үйлесiмi, ал олардың потенциальды қорегiнiң (шөпқоректi тұяқтылар) жылдамдық пен төзiмдiлiктiң үйлесiмi.

Эволюция барысында кейбiр ағашта мекендейтiн сүтқоректiлердiң жақын арақашықтықтарға самғауға қабiлеттерi ашылды. Бұл жануарларда қанаттың рөлiн әдетте, алдыңғы және артқы аяқтарының арасындағы терiлерiнiң қатпарлары атқарады. Дене көлемi бiрдей болса да «қанаттың» көлемi аяқтарының ұзындықтарына байланысты екендiгi түсiнiктi. Сондықтан самғайтын сүтқоректiлердiң аяқтарының ұзын болуы шарт. Ең үздiк «самғаушылар» болып 500 м ұша алатын тiкеқұйрық кемiргiштер есептеледi.

Нағыз қағып ұшу тек сүтқоректiлерде,  қолқанаттылар отрядына бiрiккендерде немесе жарғанаттарда ғана кездеседi. Олардың алдыңғы аяқтары нағыз қанаттарға айналған. Қанаттары иықтары арасында созылған жұқа терiлi жарғақпен, ұзартылған алдыңғы иық және саусақтармен, дененiң бүйiрiмен артқы аяқтарының өкшесiмен  құрылған.

Көптеген сүтқоректiлердiң суда ұстануы туа бiткен қабiлеттерi, ал олардың едәуiр бөлiгi «Кәсiби жүзушiлерге» айналды. Шығу тегiне қарамастан оларды жүзуге ортақ құралдары: алдыңғы және артқы аяқтарында жүзу жарғақтары пайда болды, аяқтары қысқарды, денелерi сусымалы пiшiндi, құйрықтары болса жалпақтанды.

Сүтқоректiлердiң түрлi отрядтарының өкiлдерi – үйрек тұмсықтар, жұпартышқандар, кейбiр кемiргiштер (құндыздар, саз кәмшаттар) — өте жақсы жүзедi, бiрақ құрлықпен байланыстарын үзбейдi, сол жерлерде қоректерiн тауып, ұрпақтарын әкеледi. Нағыз су жануарларына киттәрiздiлер, ескекаяқтылар мен қақпамұрындылар айналды.

Морждар мен түлендер ескекаяқтылар отрядына жатады. Олардың аяқтары қысқа және терiнiң астында орналасқан. Алдыңғы аяқтарының алдыңғы иықтары мен бiлезiктерiнiң жартысы сыртқа шығып тұрады, ал артқы аяқтарының сирағының үштен бiр бөлiгi мен табаны немесе тек табаны. Бiрақ бiлезiк пен табаны қатты ұзартылған,  ал саусақтары қалың терi жарғағына оралған. Осының нәтижесiнде аяқтары ескек формасына айналған және олар ескектеуге пайдаланылады (негiзiнен, артқылар), сонымен қатар  тереңдiк рөлiнiң қызметiн де атқарады. Ескекаяқтылар судан тек көбею және тыныс алу үшiн ғана шығады.

Ескекаяқтылардан киттәрiздiлердiң айырмашылығы, олар туылғаннан өлгенге дейiн суда тiршiлiк етедi. Су тiршiлiгiне деген бейiмдiлiгi оларда толығымен көрiнедi. Киттәрiздiлердiң денесi торпедатәрiздi және жүзуге ыңғайланған. Алдыңғы аяқтары тереңдiк рөлi қызметiн атқаратын және бұрылу мен тоқтауға мүмкiндiк беретiн ескектерге айналған. Барлық киттәрiздiлердiң серпiндi бұлшықеттi құйрығы көлденең құйрықты жүзбеқанатпен аяқталады. Киттәрiздiлер отрядына қорек табу амалының мамандануы қызықты касаткалардың үлкен және өткiр тiстерi оларды жыртқыштар екендiгiн, ал дельфиндердiң бiрқалыпты дамыған, бiрақ көптеген және өткiр тiстерi олардың балыққа әуестiгiн көрсетедi. Мұртты киттердiң тiстерi сан-алуан омыртқасыздар және майда шабақтарды ұстайтын тор — сүзгiге айналған.

Дене пiшiнi жағынан киттәрiздiлерге тағы да бiр  сүтқоректiлердiң тобы – қақпамұрындылар ұқсас. Оларда да көлденең құйрық жүзбеқанаттары бар, алдыңғы аяқтары ескектерге айналған, ал артқылары болса мүлдем жойылған. Бұлар өте баяу қимылдайтын және тек су жағаларында мекендейтiн жануарлар.

Сүтқоректiлердi тек олардың қимылдау әдiстерiне қарап отрядтарға бөлуге болмайды. Тағы да бiр маңызды белгiсi – қоректену сипаты. Кемiргiштер мен қоянтәрiздiлер отрядтарының өкiлдерi, қатты және iрi қорекпен соның iшiнде жас ағаштар мен бұталардың қабықтарымен қоректенуге бейiмделген. Сондықтан оларды сипаттайтын белгiсi, iрi және өткiр алдыңғы күрек тiстерi. Көптеген тұяқты жануарлар және пiлдер мен түйелер құнарлылығы төмен, ауыр қорытылатын қорекке – шөптер мен жапырақтарға көп көңiл бөледi. Бұл қоректi олар мықты азу тiстерiмен ұзақ уақыт бойы шайнап майдалауы керек. Өсiмдiкқоректi су тұрғындары дюгондар мен ламантиндердiң тiстерi жоқ, себебi олар нәзiк балдырлармен қоректенедi. Шырынды жемiстерге әуес, приматтарда мықты азу немесе күрек тiстер тән, бiрақ олар бұл «қаруларын» қоректену үшiн емес, қорғану үшiн пайдаланады.

Насекомқоректiлер, құрт-құмырсқа, ұлу және т.б. омыртқасыздармен қоректенуде майда бiрқалыпты дамыған тiстерiн пайдаланады. Ал жыртқыштар отрядының өкiлдерiн, қорегiн өлтiруге арналған мықты күрек тiстерiнен және қорегiн жұлуға ыңғайланған кiшiрек, өте өткiр жыртқыш тiстерiнен тану қиын емес.

СҮТҚОРЕКТIЛЕРДIҢ ШЫҒУ ТЕГI

Сүтқоректiлердiң ата –тегi. Алдыда көрсетiлгендей сүтқоректiлердiң ата-тегi барлық мәлiметтербойынша пермдiк аңтүстi бауырменжорғалаушылар болып табылады. Бiр жағынан оларда көптеген қарапайым белгiлерi болды (амфицелдi омыртқалар, қозғалмалы мойын және бел қабырғалар, бассүйек қорабының кiшiрек қуысы  бас миының аз мөлшерi бар екендiгiне куә болады және т.б.). Екiншi жағынан олардың сүтқоректiлерге ұқсас қасиеттерi болды: тiстерi жеке ячейкаларда орнықты, және күрек тiстерге, ит тiстерге және азу тiстерге дифференцияланған;  төменгi жағында тiс сүйектерi өте жақсы дамып, бассүйек қорабымен тiкелей байланысатын өсiндiнi алып жүрдi, ал төменгi жақтың басқа сүйектерi және квадратты сүйек кiшiреюге бағыт алды. Кейбiр формалаларда акромальдi өсiндiнi алып жүретiн жауырынға бұғанасы жабысады, коракоиды кiшiрейген, ал жамбасы жабынды тесiкпен тесiлген. Бұл топтың белгiлi өкiлдерiнiң бiрi иностращевия (Jnostrancevia alexandri) – үлкендiгi 5 м дейiн Солтүстiк Двинеда табылған, күштi дамыған иттiстерi бар, пермдiк жыртқыш, және Оңтүстiк Африканың триас қалдықтарына табылған ұзындығы 2 м жететiн циногнат (Cynognathia). Ертедегi пiшiнi кiшi болған сүтқоректiлердiң ата-тектерi үлкен және көптеген жағынан маманданған аңтiстiлердiң өкiлдерi бола алмады. Пермь дәуiрiнде, қазiргi заман сүтқоректiлердiң ата-тегi, қанжар тiстi жыртқыш лиценопс белгiлi болды. Пермь дәуiрiнiң аяғында кейiнгi триас кезеңiнде алғашқы сүтқоректiлер пайда болды (мегазостродон). Ертедегi сүтқоректiлер кiшкене ғана болған, жер қазушыларға ұқсас болып динозаврлардан құтқарылу үшiн, iндерде өмiр сүрген. Оларда, қоңыздар мен құрттарды iздеуге көмектесетiн жақсы иiс сезуi мүшелерi болды. Олар 325 млн. жыл бұрын рептилиялардан шыққан. Алғашқы сүтқоректiлер динозаврлар тiршiлiк еткен уақытта өмiр сүрдi, бiрақ олардың кiшкентай қалдықтары сирек табылады. Сүтқоректiлер сол кездiң өзiнде жылықанды болғандықтан, олардың денесi не жүнмен не түкпен қапталды. Бұл оларға түнгi уақытта қорек аулауға және суықта қорғануға мүмкiндiк бердi. Сүтқоректiлер бауырыменжорғалаушыларға қарағанда саналы болып келедi. Олардың ми көлемi үлкен. Олар өз балаларын басқаларға қарағанда ұзақ аялап, оны ана сүтiмен қоректендiредi. Әртүрлi сүтқоректiлердiң тiстерi болып, олар қорек заттарының үлкен диапазонын қолдана алады.

Двиндер немесе иктидозаврлер (jctido – sauma) Оңтүстiк Африканың триас қабаттарынан табылған. Бұлар ұсақ жануарлар болған (пермацинодонның бассүйегiнiң ұзындығы 91 мм, ал иктидозаврдың көлемi тышқанмен бiрдей болған) және соған қарағанда басқа аңтiстiлердi сүтқоректiлер бағытынан алшақтататын, барлық басқа да белгiлi бауырыменжорғалаушылар аңтiстiлерден, мамандану белгiлерiнiң жоқтығымен ерекшелендi.

СҮТҚОРЕКТIЛЕРДIҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ 

Сүтқоректiлер жоғары ұйымдасқан және ең жас жануарлар класы, оларға тән белгiлер: түктi жабын, терi бездерi, жылықандылық, денесiнiң бiрқалыпты температурасы, бас миы жақсы дамыған, тiрi туу, ұрпаққа қамқорлығы, күрделi мiнез-қылығы. Осының барлығы сүтқоректiлерге жануарлар дүниесiнде үстем етушi болуға мүмкiндiк бердi. Олар ағаштарда, барлық табиғи аймақтарда мекен етедi. Сүтқоректiлердiң экологиялық типтерi (тiршiлiк формалары) олардың қоректену орталарымен анықталады: сулы және жартылай сулы типтiлердiң дене пiшiнi балықтәрiздi сүйiр және аяқтары ескектi немесе жарғақшаларымен болады; ашық қеңiстiктерде мекендейтiн тұяқтылардың ұзын аяқтары, тығыз денелерi, ұзын қозғалмалы мойындары болады. Сондықтан түрлi класс тармағы, отряд, тұқымдастар өкiлдерiнiң арасында, бiрдей мекендеу орталықтарына байланысты ұқсас тiршiлiк формалардың кездесуi мүмкiн. Табиғаттың бұл құбылысын – конвергенция, ал ұқсастық белгiлерiн – гомологты деп атайды. Жоғары дамыған нерв жүйесi сүтқоректiлерге қоршаған ортаның жағдайларына жақсы икемделуге және табиғи ресурстарды қорек етуге, жауларынан қорғалуда, iндерiн мен паналарын жасауда толық пайдалануға жағдайларды алдын ала болжау, аңдарға ұрпақтарын жақсы қорғауға, жаңа территорияларды басып алуға мүмкiндiк бердi. Олардың популяциялар құрылымы әр-түрлi: бiреулерi тұрақты жерде дара немесе топтардан тұрады, екiншiлерi үйiрде немесе табырда көшiп жүредi. Үйiрдi немесе табырды ұйымдастыруда күрделi қоса бағыну үлкен рөл атқарады. Қоректену тiзбегiнде де сүтқоректiлер әр-түрлi жағдайда болады: бiреулерi — өсiмдiк қоректердiң алғашқы тұтынушылары (1 реттiк консументтерi), екiншiлерi – бейбiт сүтқоректiлер (2 реттiк — жәндiк – және планктон қоректiлер консументтерi), үшiншiлерi – жыртқыштар (үлкен белсендi жетелiкке шабуылдайтындар – II және III реттiк консументтер). Аралас қоректену приматтарға, жыртқыштарға, кемiрушiлерге тән. Жануарлардың өсiмдiктермен өзара қарым-қатынасы тығыз, бiр шетiнен олар қоректену объектiсi болса, екiншi жағынан өсiмдiктер жануарлардан тiкендер, жағымсыз иiстер, ащы дәмдермен қорғалады.

Жануарлар дүниесiнде сүтқоректiлермен ең тығыз байланыстағы адам: 15 түрi үй жануарлары болып табылса, 20 түрi – бұталарда өсiрiлетiн терiлерi бағалы аңдар және тәжiрибелiк аңдар (тышқандар, егеуқұйрықтар және т.б.). Аңдарды қолға үйрету қазiргi күнге дейiн жалғасуда. Жаңа тұқымдар шығарылып, жабайы  аңдармен будандастыру арқылы ескi тұқымдар жаңартылып жатыр.

ЖОҒАРЫ АҢДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ

Бұл класс тармағына қазiргi замандағы, көптеген әртүрлi отрядтарға бөлiнiп кететiн сүтқоректiлер жатады. Бiрақ, олардың қалталылардан айырмашылығы:

1)     Қалталы сүйектерi болмайды.

2)     Ұрықтары анасымен нағыз плацента арқылы байланыса тура дамиды, және балалары  жетiле туып, өзi сүт сора алады.

3)     Бас миы жақсы дамыған.

4)     Ересектерiнде дене температурасы жоғары және тұрақты.

5)     Сүттi тiстiң  және тұрақтыға  ауысуы жақсы байқалады.

Жоғары құрылымнан және психикасының жақсы дамымағандығына сай, плаценталылар те жер шарын ғана жайлап қоймай, сонымен қатар, суда тiршiлiк үшiн күрестi жеңiп, әлемдiк мұхит киттәрiздiлер және ескекаяқтылар тарады, және әуе кеңiстiгiнде олар құстармен бәсекелесте болды (жарқанаттар).

ТӨМЕНГI АҢДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ НЕМЕСЕ ЖАРТЫЛАЙ ПЛАЦЕНТАЛЫЛАР

ҚАЛТАЛЫ СҮТҚОРЕКТIЛЕР ОТРЯДЫ

Сыртқы құрылысының әртүрлiлiгiне қарамастан, барлық қалталылар текөзiне тән қасиеттер жиынтығына ие. Бiрiншiден, плацента (қағанақ) болмайды, сол себептен қалталылардың балалары нашар дамыған және кiшкентай болып туылады (осылай, алып, бойы ересек еркекке жететiн кенгурудың, жаңа туылған баласы грек жаңғағындай болады). Олар сора да алмайды және емiзiкте асылып қана тұрады, емiзiк маңында олардың аузының шеттерi жабысады, ал сүт олардың аузына арнайы сүттi бездi сығушы бұлшықеттердiң қысқаруымен шашырайды. Осындай пассивтi қоректенуге бейiмделу ретiнде, баласының көмейi көтерiлiп хоанға жабысқан, осылай сүт оның бүйiрлерiнен ағып, баласының еркiн тыныс алуына мүмкiндiк бередi. Екiншiден, баласын тiрiдей туып, арнаулы қалтада өсiредi. Үшiншiден, олардың миы, барлық жоғары сүтқоректiлерге тән, иiрiмдерден айрылған. Төртiншiден, аналықтарында тек екi жатыр ғана емес, сонымен қатар екi қынап та бар.

Бесiншiден, азудың алдындағы тiсi ғана ауысады, ал қалған тiстерiнiң барлығы бiр рет өмiр бойы шығады және жоғары сүтқоректiлердiң сүттi ауысуына сәйкес келедi.  Алтыншыдан, дене температурасы бiртесiктiлерден жоғары болғанымен, плаценттiлерге қарағанда төмен және өте тұрақты емес.

Қалталылар Австралияда, соған көршiлес аралдарда, Оңтүстiк және Орталық Америкада таралған. Бiр түрi Солтүстiк Америкада кең тараған. Австралия облысында плацентарлы конвергенттi топтардың бүкiл тiзбегiн құрайды. Осылай қалталы қасқыр ит тұқымды нағыз жыртқыштарға, қалталы тиын – ұшқыр тиынға, қалталы аю – суырға, қалталы қөртышқан – нағыз қөртышқанға ұқсайды. Қалталылардың қазiргi уақытта 180 түрi бар, олар 8 туысқа, 3 отряд тармаққа бөлiнедi.

 КЛОАКАЛЫЛАР НЕМЕСЕ АЛҒАШҚЫ АҢДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ

БIРТЕСIКТIЛЕР ОТРЯДЫ (Monotnemata)

Бұған тек үйректұмсық, түрлi және соған жақын, бiртесiктiлердiң бiр отрядын түзетiн протүрпiлержатады. (Monotnemata). Бiртесiктiлер өте қарапайым қасиеттермен сипатталады:

1)     Үлкен, қоректi сарыуыздарға бай жұмыртқа қалдыру (диаметрi 14 мм) арқылы көбейедi.

2)     Iшегi және несеп жол синусы сыртқа өз бетiнше тесiктермен ашылмайды, олар клоакаға түседi;

3)     Сүт бездерi, ерекше бездi өрiсте көптеген тесiктер ретiнде ашылады, ал балалары сүттi сол жерден жалайды;

4)     Бас миы үлкен комиссура – мозольдi денеден айрылған (қалталылармен ортақ белгiлерi).

5)     Шықты белбеуi бауырменжорғалаушылар шықты белбеуiмен өте ұқсас: жақсы дамыған үстiңгi төсi, үлкен өз беттiк сүйек түрiндегi коракоиды, прокоракоидтары да бар.

6)     Оң жақты атриовентрикулярлы тесiгiнде тек бiр клапанмен қамтамасыз етiлген (бұл да бауырменжорғалаушыларға ұқсас).

7)     Дене температурасы төмен 26 дан  С – та құбылады. Алдынан маңдай сүйегiне жұп қалиталы сүйектер қосылады. Түрпiде, тек көбею кезiнде түзiлiп, сүтбездерi ашылатын, құрсағындағы терi қатпарлары болып табылатын – ұяласты қалта болады. Үйректұмсықта қалта болмайды. Жұмсақ ерiндерi жоқ, жақтары мүйiздi тұмсықпен қапталған. Нағыз тiстер тек жас үйректұмсықтарда болады: Олар мезозой дәуiрiнiң көнедегi көптөбешiктi сүтқоректiлерiнiң (Multubenculata) тiстерiне ұқсас.

Бiртесiктiлер тек Австралияда, Тасманияда және Жаңа Гвинеяда тараған.

Үйректұмсық (Onnithonhynchus anatinus), Австралия мен Тасманияда мекендейдi, жартылай суда тiршiлiк етедi және ол жануардың бүкiл құрылысында әсер қалдырған. Денесi қысқа, қалың жүнмен қапталған. Жалпақ, кең тұмсығының бүйiрлерiндегi мүйiздi тақташалар тiлiнiң мүйiздi тақташаларымен бiрлесiп сүзгi түзедi. Сол арқылы жануарлар сүзiп, өз қорегiн табады. Қысқа бессаусақты аяқтары жүзбелi жарғақтармен қамтамассыздандырылған; олар артқы аяқтарында қысқалау, ал алдында ұзынырақ және саусақтарының артынан көрiнедi, бiрақ құрғақты қозғалып және қазғанда артқа бүгiледi.

Аталық және жас аналық үйректұмсықтарда артқы аяқтарында қозғалмалы мүйiздi тiкендер бар. Ересек аталықтарында жiптерi тiкендерi немесе шпора улы секрет бөлетiн безбен байланысты. Бұл сүтқоректiлер арасындағы улылықтың бiр мысалы.

Үйректұмсықтылар терең iндерде тiршiлiк етедi, олардың кiретiн тесiгi су астында, ал қарама-қарсы ұшы ұялы камераға кеңейiп, су деңгейiнде жатады. Жұмыртқаны олар ұяда қалдырады. Суық айларды ұйқыда өткiзедi. Үйректұмсықтың терiлерi бұрынғы уақытта жоғары бағаланған: ал қазiр оларды аулауға тиым салынған.

Австралияда мекендейтiн түрлi (Tachyglossus) және соған жақын Жаңа Гвинеяда таралған протүр (Zaglossus)  — құрлықты, жердi жақсы қазушы жануарлар. Олардың, түктер мен өткiр тiкендер араласа қаптаған тығыз денесi, қысқа, күштi тырнақпен қаруланған аяқтары, ұзын немесе қысқа, жiңiшке тұмсығы және ұзын, күрттәрiздi, жабысқақ сiлекеймен қапталған тiлi бар, оған түрпiнiң басты қорегiн құрайтын құмырсқалар жабысады. Қауiп төнгенде түрпiлер кiрпi сияқты, тiкендерiн сыртқа шығарып оранады, Ареал бөлiгiнде суық қысты шамамен төрт ай бойы ұйқыда өткiзедi.

Австралияның плейстоцендi қатпарларынан бiр үлкен түрпi белгiлi. Осымен, қазiргi уақытта клоакалы сүтқоректiлер туралы палеонтологиялық мәлiметтер шектелген.

 


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы