Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және оның жастық ерекшеліктері


Скачать/Жүктеу

Жүйке жүйесінің маңызы: -  мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтсатығын жүзеге асырады; -  денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметін реттейді; -  организмді сыртқы ортамен байланыстырады.

Жүйкен жүйесінің жалпы сызбанұсқасы:

Адамның нерв жүйесі 2-ге бөлінеді: 1)  Орталық нерв жүйесі (ОНЖ) – ми, жұлын; 2) Шеткі нерв жүйесі – ОНЖ-дан тыс орналасқан нерв клеткалары мен барлық нерв талшықтары. Сонымен қатар, нерв жүйесі (НЖ) тағы да 2-ге бөлінеді: 1)  Вегетативті нерв жүйесі – ішкі органдар қызметі мен зат алмасуды реттейді. ВНЖ өз кезегінде 2-ге бөлінеді: А) симпатикалық; Б) парасимпатикалық. 2)  Соматикалық НЖ көлденең жолақты бұлшықеттің жұмысые реттеп, дененің сезімталдығын қамтамасыз етеді.

Жүйке ұлпасы

Нерв жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі болып нейрон табылады. Нерв жүйесінің құрамына нейрондардан басқа глиалдық жасушалар да кіреді. Нейрондар мен глиалдық жасушалардң жиынтығы нерв ұлпасын құрайды. Глиалдық жасушалар нерв ұлпасын қоршап, тірек, қоректік және электроизоляциялық қызмет атқарады. Жаңа туған нәрестеде глиалдық жасушаларға қарағанда нейрондардың саны көп болады. 20-30 жаста олардың мөлшері теңесіп, кейін нейрондардың саны азайып, глиалдық жасушалар көбейеді. Нерв ұлпасының негізгі қасиеттеріне қозғыштық, өткізгіштік және лабильділік жатады. Бұл қасиеттер өз кезегінде тітіркенгіштікпен тығыз байланысты. Нейронның негізгі қызметі алынған нерв импульстерін талдаумен байланысты. Нейронның денесі және қысқа өсінді-дендрит, ұзын өсінді-аксон болады. Нейроннның денесі сома д.а. Оның пішіні әртүрлді. Сомада күрделі зат алмасу процестері жүреді, нейронның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті энергия түзіледі. Сомада ядро айқын көрінеді және онда көптеген органоидтар болады. Дендриттердің ұшы күшті бұтақтанып, нейронның басқа клеткаларымен жанасу ауданын үлкейтеді. Д.- қозуды қабылдаушы негізгі бөлік. Бір нейронда бір ғана аксон болады. Сырты қабықшамен қапталған аксон нерв талшығы д.а. Бірнеше нерв талшығы бір нервті түзеді. Нерв талшықтары мен нервтердің негізгі қызметі – нерв импульстерін өткізу. ОЖЖ-ге нерв импульстерін өткізетін сезгіш (афферентті, орталыққа тепкіш) нервтерді, ОЖЖ-ден шеткі органдарға нерв импульстерін өткізетін қимыл (Эфферентті немесе орталықтан тепкіш) және сезгіш, қимыл нерв талшықтарынан тұратын аралас нервтерді ажыратады. Кейбір нерв талшықтарының май тәрізді зат – миелиннен тұратын қабықшасы болады. Миелин қабығы талшықты толық қаптамай, үзілістер жасайды. Үзілістер Ранвье белдеуі д.а Миелиннің атқаратын қызметі қоректік, қорғаныштық және электризоляциялау. Миелинмен қапталаған нерв талшығы миелинді талшық, миелин қабықшасы жоқ талшық миелинсіз д.а. Миелинді талшық бойымен қозу жылдам өтеді. Онтогенездің алғашқы этаптарында миелинді қабықша болмайды да, бала 2-3 жасқа келгенде дами бастайды. Қабықшаның қалыптасуы баланың өмір сүру жағдайына тәуелді. Қолайсыз жағдайларда миелиндену процесі бірнеше жылға баяулап, ол нерв жүйесінің басқарушы және реттеуші қызметін қиындатады. Жекелеген нейрондар арасындағы байланыс синапс арқылы жүзеге асады. Синапстың: -  пресинапстық мембранасы (аксонның ұшы түзеді); -  постсинапстық мембранасы (басқа нейронның участогы түзеді); -  синапс саңылауын ажыратады.

 Химиялық синапстарда қозу арнайы химиялық белсенді заттар — медиаторлардың көмегімен беріледі.

Рефлекс және рефлекс доғасы. ЖЖ-нің барлық қызметінің негізінде рефлекстік реакциялар жатыр. Рефлекс ОЖЖ-ның қатысуымен өтетін организмнің тітіркенуге жауап беру реакциясы. Рефлекс кезінде қозу өтетін жол рефлекс доғасы д.а. РД 5 элементтен тұрады: -рецептор; -афференттік нерв; -ОНЖ; -эфференттік нерв; -жұмыс органы. Егер РД 2 нейрон 1 синапстан тұрса, ол 2 нейронды немесе моносинапстық д.а. Егер РД көп нейроннан тұрып, олардың арасындағы байланыс көптеген синапстармен қамтамасыз етілсе, онда РД көп нейронды немес полисинапстық д.а. Дененің барлық органдарында тітіркендіргіштерге сезімтал нерв ұштары – рецепторлар орналасқан. Рецепторлар құрылысы (көз, құлақ және т.б.), орналасуы және атқаратын қызметі бойынша әртүрлі. Орналасуына байланысты рецепторларды: 1)экстерорецепторлар (көздің торлы қабықшасы, құлақ, иіс, дәм сезу органдары, тері рецепторлары) тітіркенуді сыртқы ортадан қабылдайды; 2)интерорецепторлар ішкі органдардың ұлпаларында орналасып, тітіркенуді ішкі ортадан қабылдайды;

3)проприорецепторлар – бұлшықеттерде, сіңірлер мен буындарда орналасып, бұлшықеттің жиырылуын, созылуын қабылдап, дененің қозғалысы туралы белгі береді

Нерв орталығы туралы түсінік. ОНЖ-ның әртүрлі бөлімдерінде орналасқан нейрондардың күрделі функционалдық бірлестіктері нерв орталығы д.а. Нерв орталығы рефлекторлық реакциялардың және функциялардың реттелуіне қатысады. Нерв орталығының өзіне тән қасиеттері болады.

ОНН-гіқозу мен тежелу процестері

НЖ-дегі қозудың негізгі қасиеттері: — қозуды бір жақты ғана өткізеді; — ОНЖ-нің синапстарында қозудың өту жылдамдығы төмендейді (синапстық кешігу). Синапстардың қозудың өткізу жылдамдығы нерв бойымен өту жылдамдығынан 200 есе төмен.

Тежелу. Нерв жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметінде қозумен қатар тежелу процечсі де маңызды роль атқарады. Тежелу процесінің нәтижесінде қозу бәсеңдейді немесе өшеді. ОНЖ-гі тежелу құбылысы И.М.Сеченов ашқан. Тежелу құбылысы кез келген рефлекстің жүзеге асуына қатысады.

Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы. Қозу және тежелу процестерінің өзара әрекеті нерв жүйесінің барлық күрделі қызметі мен адам организміндегі барлық мүшелердің келісімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Сыртқы және ішкі ортадан түскен әсерлерге организм біртұтас құрылым ретінде жауап береді. Организмніңәртүрлі жүйелері қызметінің біртұтас құрылымға бірігуін интеграция, ал олардың организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделуіне әкелетін келісімі, өзара қатынасы координация деп аталады. Интеграция мен координация ОНЖ-нің қызметімен байланысты. ОНЖ-дегі иррадиация мен индукция. Қандай да бір тітіркену кезінде туындаған қозу импульстері ОНЖ-не түскеннен кейін көрші участоктарға тарайды. Бұл – иррадиация құбылысы. Иррадиация кішкене балаларда жақсы көрініс табады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқушылар әдемі ойыншықты көрген кезде ауыздарын ашып, секіріп, күлуін иррадиация құбылысымен түсіндіруге болады. Бірақ ОНЖ-де қозу белгілі бір шеңберде ғана таралады. ОНЖ-не тсүкен қозуды тежелу шектеп тастайды. Нәтижесінде қозу нейронадардың белгілі бір топтарында тұрақтанады. Ал, олардың айналасындағы нейрондардың қозуы төмендеп, олар тежелу күйіне көшеді. Бұл құбылыс бір уақыттағы теріс индукция деп аталады. Қозу болған нейрондарда қозудан кейін тежелу пайда болады және керісінше, тежелуден кейін сол нейрондарда қозу туады. Бұл ізді индукция. Мыс, оқушылардың сабақтан кейін үзілістегі белсенділігі. (тежелу қозуға ауысса – оң индукция, қозу тежелуге ауысса – теріс индукция)


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы