Ет ұлпасына тән физиологиялық қасиеттер


Скачать/Жүктеу

Ет талшықтарына қозғыш ұлпалар қасиеттерінің барлығы тән. Дегенмен, қаңқа еггерінің қозғыштығы нерв талшықтарымен салыстырғанда төмен келеді. Оньң себебі ет талшықтарында тыныштық потенциалы нерв талшықтарымен салыстырғанда едәуір жоғары (тиісішпе -90 мВ және 70 мВ). Демек, әрекет потенциалы туындау үшін ет талшықтары нервпен салыстырғанда көп деңгейге үйексіздену керек.

Ет талшықтары қозу толқынын даралап, қатар жатқан талшыққа өткізбей және тітіркенген жерден қос (қарама-қарсы) бағытқа таратады. Қозудың таралу жылдамдығы ақ ет талшықтарында секундына 12-15 м, қызыл ет талшықтарында — 3-4 м.

Эволюциялық даму барысында ет талшықтарының өзіне ғана тән қасиеттер де пайда болған. Қаңқа еттері серпімді құрылым. Бұл оның құрамында белсенді және енжар жиырылғыш құрамалардың (компоненттердің) болуына байланысты қалыптасқан қасиет. Осы құрамалар қызметіне байланысты ет талшықтарында созылғыштық, оралымдық, икемділік қасиеттері де пайда болған.

Созылгыштық; деп әр түрлі әсер ықпалымен ет талшықтарының ұзаруын айтады. Қызыл ет талшықтары ақ талшықтармен салыстырғанда созылғыш келеді. Талшықтары қатарласа (параллель) орналасқан еттер таранды (талщықтары көлбей орналасқан) еттермен салыстырғанда көбірек созылады.

ДененІң кеңістіктегі кейпін сақтауды қамтамасыз ететін қызыл ет талшықтарының икемділігі ақ талшықтардан жоғары болады. Ет талшықтары тонус жағдайында болады. Тонус деп бұлшық ет талшықтарының қуатгы аз шығындай отырып, тұрақты ширығу жағдайында, кернеулі күйде болуын айтады. Бұлшық еттің енжар (пассивті) тонусын оның икемділік қасиеті, ал белсенді (активті) тонусын баяу нейрофункционалдық бірлестіктің үйлесімсіз (асинхронды) әрекеті қамтамасыз етеді.

Ет талшықтарының негізгі қасиеттерінің бірі — жиырылғыштық. Жиырылғыштық деп ет талшықтарының тітіркендіргіш әсерімен өзінің ұзындығы мен ширығу деңгейін өзгертетін қасиетін айтады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы