Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі


Скачать/Жүктеу

Үшканалды автоматты режимде жұмыс істейтін ЭКЗТ-12-03 «Альтон» электрокардиографының техникалық мәліметтері:

Электрокардиограф кернеуі 110- 220 Вт-қа дейінгі, жиілігі 50 Гц айнымалы токпен; ішкі қоректендіру көзінен- 12,6 В аккумулятордан  қоректенеді.

Электрокардиосигналдардың ену кернеуінің диапазоны  0,03 — 10 мВ шамасындай.

2 Гц жиілікте кернеуді өлшеудің салыстырмалы қателігі 0,1- 0,5 мВ диапазонында  10%- тен артық емес; ал 0,5- тен жоғары- 5 мВ-қа дейінгі диапазонда- 5%- тен артық емес.

Үшканалды автоматты режимде жұмыс істейтін ЭКЗТ-12-03 «Альтон» электрокардиографы- әртүрлі жағдайларда электрокардиограмманы оперативті алуға мүмкіндік беретін портативті

электрокардиограф. Электрокардиограф құрылысының жасалуы пациент пен жұмыс істейтін персоналдың сенімді электроқауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сурет 6. Электрокардиографтың  негізгі блогының сыртқы көрінісі  

Электрокардиограф негізгі блоктан,  пациентінің кабелі бар шығу блогынан және қоректендіру  блогынан тұрады. Негізгі блокта орналасқан:

- микропроцессорлы блок;

- электрокардиографтың жұмыс істеу режимдерін басқару элементтері;

- сигналдар мен  жұмыс режимдерінің индикаторлары;

-термобаспа қондырғысы.

Электрокардиографтың  негізгі блогының сыртқы көрінісі  6- шы суретте көрсетілген.

Қаңқаның түбінде қуыс бар, оған автономды қоректендіру көзі, яғни  аккумулятор орнатылады (сурет 7).

Сурет 8. Аккумуляторды орнату

Аккумуляторды орнату.

 Ұзақ уақыт сақталғанда аккумуля­тор  электрокардиографтың негізгі блогынан алынып тасталады. Жұмыс жасау үшін аккумуляторды  8- ші суретте көрсетілгендей орналастыру керек. Электрокардиографты  клавиатурасымен төмен аударыңыз. Қаңқа шетінен 3- 8 мм шығып тұратындай қылып,  ак­кумуляторды қаңқа қуысына орналастыру керек. Оны қаңқа

қуысына тығыз енгізіңіз. Оны көрсетілген тілдің бағытымен жылжытыңыз. Аккумулятордың ілмегі қаңқа ойысына ену керек және мықты бекітілуі керек. Аккумулятордың ілмегі жоғары бөлікте болатындай  электрокардиографты бұрыңыз. Аккумулятордың жақсы бекітілгендігін   білу үшін, құралды  сәл сілкіңіз . Назар аударыңыздар! Егер нашар бекітілсе , ауыр аккумулятор құлап кетуі мүмкін, ол аккумулятордың  зақымдануына, ілмегінің сынуына  әкеліп соғады. Электрокардиографтың шығу блогы құрылысы жағынан қорғаныш  элементтері бар  пациенттің кабелі ретінде  жасалған. Ол  биопотенциалдарды алуға, оларды сандық түрге  түрлендіріп, негізгі блоқа жіберу үшін қолданылады.

Басқару және индикация мүшелері.

Суретте электрокардиографтың басқару панелі мен индикацияларының жалпы көрінісі

көрсетілген.

«Вкл/Выкл» батырмасы аккумулятор  жұмыс істеп тұрған кезде электрокардиографты қосып, ажырату үшін қолданылады. Индикатор жанып тұрғанда, электрокардиограф ЭКГ-ны алуға дайын. Егер индикатор жыпылықтап тұрса, онда алдында алынған  ЭКГ жадыда сақталады.

«СТАРТ» батырмасы ЭКГ-ны алу режимін және термоқағазға  оның жазылу режимін ажыратып, қосады. Егер тіркелімнің (тармақтың) белгілі бір тобы таңдап алынса, ал  «АВТОМАТ» режимі өшіп тұрса, онда  «СТАРТ» батырмасын басу осы таңдалынған тіркелім тобының ЭКГ-ң үздіксіз жазылуын орындайды. Жазуды тоқтату үшін осы батырманы қайтадан басу керек. Индикатор  ЭКГ-ны алу кезінде ғана жарықталынады. «АВТОМАТ» режимін таңдаған соң  «СТАРТ» батырмасын қысқа  мерзімде басқан кезде, индикатор

5 секунд жарықтанып  тұрады {2,5 с}. Осы уақытта  электрокардио­грамманың барлық  12 тіркелімінің барлығы  электрокардиогра­фтың жадысына жазылады.

«КОПИЯ» батырмасы. Осы батырманы басу АВТОМАТ режимінде алынған соңғы зерттеудің көшірмесін жазу режимін қосады.

АВТОМАТ режимінде барлық 12 тіркелімді синхронды алу мен жадыға жазу орындалады. Сондықтан  КОПИЯ  режимінде барлық тіркелімді не оның кезкелген таңдап алынған тобын басып жазуға болады.

Жылдамдық «мм/с», батырмасы,  «12,5», «25», «50» индикаторлары-  эквивалентті жылдамдықты қосатын батырма. Тізбектей басқан кезде эквивалентті жылдамдықтың мәні өзгереді. Жылдамдықтың таңдалынған мәні светодиод арқылы жарықталынады.

50 мм/с  эквивалентті жылдамдықтың мәні барлық тіркелімінің синхронды алынуы кезінде мүмкін (режим WW «АВТОМАТ»), немесе көшірменің алынуы кезінде. Осы кезде қағаздың қозғалысының нақты жылдамдығы 25 мм/сболады.

«Масштаб» тобы  «мм/мВ» батырмасы, «5», «10», «20» индикаторлары — эквивалентті сезімталдықты қосу батырмасы. Тізбектей басқан кезде сезімталдықтың  мәні өзгереді. Сезімталдықты таңдалынған мәні светодиод арқылы жарықталынады.

«Фильтр» тобы,  «Гц», батырмасы, «30», «25»  индикаторлары – сүзгіш кесігінің жиілігін таңдау батырмасы. Егер индикаторлар жарықталынбаса, онда сүзгіштер өшілген.

«Гц» батырмасын басып, минимал шу болатындай жиілікті таңдауға болады.

«Смещение» тобы «» батырмасы, «макс/мин», «среднее»  индикаторлары- жазудың ортасындағы терезеге салыстырмалы ЭКГ жазуының ығысуын таңдау батырмасы. Толық ЭКГ –ны жазу кезінде тіркелімдер  топтасқан: алдымен I. II- ші және III- ші тіркелімдер    басылып, жазылады, содан кейін-  аVR. aVI және  aVF;  01, 02 және СЗ; С4, С5 және 06. Тіркелімнің бір тобын таңдаған кезде қағазға осы таңдалған топ басылады.

Аяқ- қолдағы электродтарда (R, N, L, F) контактінің болмауы мүмкін емес, себебі кеуде тіркеліміндегі және бірнеше тіркелімдегі ЭКГ –ның біруақытта дұрыс тіркелмеуіне әкеліп соғады. Аяқ- қолдағы электродтар ұшында контактінің  болмауын  көрсететін индикаторлар қызыл түсті; әрбір  ЭКГ-ң  тіркелімі алдында екі индикатордың жарықтанбай тұрғанына көз жеткізіңіздер. Кеуде электродтарының кезкелгенінде контактінің болмауы (С1 — С6)  басқа тіркелімдердегі  тіркеу қателіктерін тудырмайды. Сары түсті  индикатор кеуде электродтарының  біреуінің не бірнешеуінің тізбектегі үзілуін не нашар контактісін білдіреді.

Қауіпсіздік шаралары.

     Электрокардиографпен жұмыс істеуге  электрокардиографты қолдану туралы нұсқаумен танысқан және қауіпсіздік техникасы бойынша түсіндіру (инструктаж) алған адамдарға ғана  рұқсат етіледі. Электрокардиограф ГОСТ Р 50267.25  талаптарына сәйкес қауіпті кернеу мен дефиб­риллятор энергиясынан қорғанған.

 ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФТЫ  ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ

     Электрокардиографты  басқару панеліндегі «Вкл/Выкл» батырманы басу

арқылы іске  қос. Осы кезде қосу индикаторы жарықталады. Біруақытта «БАТАРЕЯ ЗАРЯДКА» батырмасы да жануы мүмкін, бұл орнатылған аккумулятордың зарядталуының жүріп жатқандығын білдіреді.

ЭЛЕКТРОКАРДИОГРАФТЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕКТРЛІК ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

Шығу блогын негізгі блокпен қосыңыз. Шығу блогы кабелінің 15 контактілі вилкасын қанқадағы негізгі блоктың  сәйкес розеткасына қосыңыз. Оны қаңқа вилкасына орнатылған винттармен бекітіңіз. Қоректендіру блогының кабеліндегі ұяны қаңқадағы негізгі блок ұясына орнатыңыз.Қоректендіру блогының вилкасын  220 В, 50 Гц желінің екі полюсті розеткасына қосыңыз.Ұяларды қайтадан алған кезде сақ болыңыздар , қатты күш түсірмеңіздер.Ұяларды алған кезде кабельді жұлқыламаңыз, кетік қаңқасын қатты ұстаңыз. Электрокардиографтың негізгі электрлік қосылыстарының жалпы  сызбасы  9-суретке сәйкес келу керек.

Кесте 1.

Электродтың орналасуы

Ұшының түсі

Өткізгіш сым

ұшындағы

белгі

оң қол

Қызыл

R

сол қол

Сары

L

оң аяқ

Қара

N

сол аяқ

Жасыл

F

Кеуде тұсына электродтар  2-ші кестеге сәйкес орналастырылады.

Кесте 2.

Тіркелімдер

Электродтың орналасуы

Өткізгіш сым

ұшындағы белгі

V1

Төстен оңға қарай 4-ші қабырғааралығында

C1

V2

Төстен солға қарай 4-ші қабырғааралы ғында

C2

V3

5- ші қабырғада,  V2 мен V4 аралығының геометриялық ортасында

 

C3

V4

5- ші қабырғааралықта, сол жақ орта бұғана сызығы бойымен

C4

V5

V4 деңгейінде, алдыңғы қолтық сызығы бойымен

 

C5

V6

V4 деңгейінде, орта қолтық сызығы бойымен

 

C6

 

 


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы