Дәнді бұршақ дақылдары, ерекшеліктері


Скачать/Жүктеу

Жоспар

  • Кіріспе

2 Негізгі бөлім
2.1 Дәнді бұршақ дақылдары
2.2 Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері.

3.Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ауыспалы егістер жәніндегі түсінік. Ауыспалы егіс дегеніміз — ғылымға негіздеп дақылдар мен сүрі танапты белгілі бір мерзімде және аумақта кезектестіріп ор-наластыру. Дақылдар мен сүрі жердің кезектесу ретімен бірінен соң бірінің орналасуын ауыспалы егістің кестесі (схемасы) деп атайды. Мысалы, Қазақстандағы ең кең тараған ауыспалы егістің кестесі: 1 — сүрі жер, 2 — жаздық бидай, 3 — жаздық бидай, 4 — арпа. Да-қылдар мен сүрі жердің ауыспалы егістің барлық танаптары арқылы өтуі олардың аумақта кезектесуін білдіреді. Дақылды бір танапта үзақ уақыт өсіруді ауысымсыз, ал шаруашылықтағы негізгі дақылды дара дақыл деп атай-ды. Ауыспалы егістерде, кейде бір дақылды бірнеше жыл бойы қатарынан егеді, сосын оны басқа дақылмен ауыстырады. Мүндай егістіктерді қайталама егістік деп атайды. Ауыспалы егістің әр танабында әдетте бір дақылды өсіреді, кейде бір танапта биологиясы және өсіру технологиясы үқсас бірнеше дақылды орналастырады. Ауыспалы егістің мұндай танаптарын құрама деп атайды.

Ауыспалы егістің жақсы алғы егіспен басталып, келесі жақсы алғы егістің алдында аяқталатын бөлігі ауыспалы егістің буыны деп аталады.

Ауыспалы егіс тәсіліне сәйкес, дақылдар мен сүрі жердің кезектесуінің толық циклі өтетін кезеңді айналым (ротация) деп атайды. Оның ұзақтығы әдетте ауыспалы егістегі танаптар санына тең. Ауыспалы егістің тыс танабы деп дақылдардың кезектесуінен уақытша шығарылып және бірнеше жыл бойы бір дақыл ретінде өсірілетін танапты айтады. Тыс танапта көбінесе көпжылдық шөптер, жүгері өсіріледі.

Алғы дақыл деп осы танапта өткен жылы болған дақылды немесе сүрі жерді атайды, яғни ауыспалы егістегі әрбір дақыл немесе сүрі жер өзінен кейінгі дақыл үшін алғы дақыл болып табылады.

Ауыспалы егістің, дақыл мен сүрі жерді ретімен ауысуына, олардың кезектестік қағидасына өзгертулер енгізуге мүмкіндік беретін қасиетін оның икемділігі (бейімделгіштігі) деп атайды. Айналымы үзақ және биологиясы үқсас дақылдардан тұратын ауыспалы егістіңикемділігі жоғары.

Дақылдардың кезектесу қажеттілігі химиялық, физикалық, биологиялық, экономикалық себептерге байланысты.

Бір дақылды тұрақты немесе ұзақ уақыт бойы бір жерге өсіре берсе, онда арамшөптер, зиянкестер және аурулар қаптап, топырақ тозады да, өнімнің азаюына әкеп соқтырады. Ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіру, биологиялық себептердің кері әсерін төмендетеді немесе тіпті мүлдем жояды. Мөселен, күнбағысты түрақты сепкенде ол тоғышар арамшөп сүңғыладан күшті зақымданады; бидайды кезектестірмей сепсе, онда ол тамыр шіріндісі ауруына шалдығады.

Бірнеше дақылдарды (дәнді, отамалы дақылдар, көпжылдық екпе шөптер) өсіру оларды себудің, орып алудың мерзімдері әр түрлі болғандықтан, еңбекті, техни-каны, жүмысшы күшін біркелкі пайдалануға, мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.

Ауыспалы егістегі алғы дақылдар. Дақылдар өнімінің мөлшері мен сапасына алғы даңыл үлкен әсер етеді. Қазақстанның қүрғаңшылық жағдайында, ең жақсы алғы дақылға сүрі жер (танабы) жатады. Ол то-пырақта ылғалдың, өсімдікке сіңімді түрдегі қоректік заттардың жиналуын, танаптың фитосанитарлық күйінің жақсаруын және арамшөптен тазалануын қамтамасыз етеді. Қазақстандағы таза, екпе, ықтырмалы, сидералды, жазықтілгіш гербицидті, т.б. сүрі танаптары кең

тараған.

Отамалы дақылдар (қант қызылшасы, жүгері, картоп, көкөніс, т.б.) алғы дақыл ретінде танаптарда арамшөптермен күресті жақсы жүргізуге мүмкіндік береді: жаз бойы арамшөптермен қатарлықта күрес жүргізіледі, топыраққа тыңайтқыштар енгізіледі.

Бұршақ тұқымдас дақылдар топырақтағы азотты көбейтеді. Жемшөпке себілген дақылдарды жазда шабу арамшөптерді азайтады.

Көп жылдық шөлтер топырақты органикалық заттар-мен байытады, оның құрылымын жақсартады, су және жел эрозиясынан қорғайды, өсіп-өнген патогенді микроағзаларды қүртады. СолтүстікҚазақстанның қүрғақшылық жағдайында негізінен көпжылдық дәнді екпе шөп-терді, ал оның ішінде құрғақшылыққа ең төзімділерін (еркекшөп) пайдаланады. Көп жылдық екпе шөп қырты-сындағы бидайдың астық өнімі, ықтырмалы сүрі танап-қа қарағанда гектарына 2,3 ц төмен, бірақ сүрі танаптан кейінгі екінші бидайға қарағанда гектарына 0,7 ц жо-ғары.

Қарақұмық тамырының жоғары ерітетін қабілетіне байланысты қиын еритін ңосылыстардан қоректік заттарды пайдаланып, басқа одан кейін өсірілетін даңылдарға жеңіл сіңетін түрде қалдырады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының тамыр жүйесі қүрылысындағы айырмашылықтары топырақ ылғалдығын пайдаланғанда байңалады. Қуатты тамыр жүйесі бар өсімдіктер — жүгері, күнбағыс, қант қызылшасы, жоңыш-ңа ылғалды төменгі терең ңабаттардан пайдаланады, ал көптеген басқа есімдіктер ылғалды топырақтың беткі қабаттарынан жұмсайды.

Әр түрлі өсімдіктер қүрғақ заттардың қалыптасуына судың мөлшерін әрқалай жүмсайды. Қант, жүгері, күнбағыс, көп жылдың шөптер тары мен арпа сияқты өсімдіктерге ңарағанда суды көбірек жұмсайды және то-пырақты күштірек құрғатады. Сондықтан ауыспалы егісте әр түрлі даңылдарды алмастырғанда қоректік зат-тарды және топырақ ылғалын тиімді пайдалануға мүмкіншілік туады.

Танапта дақылдардың алмасуы топырақтың физикалық жағдайын, өсіресе оның құрылымы мен тығыздығын жақсартады.

Бір жылдың отамалы дақылдарды қарқынды өңдеулер мен қайталама есіру топырақтың тым борпылдақ болуына, қара шіріктің азаюына, соңынан топырақ құрылымының нашарлауына ұрындырады.

Қүрғаң дала жене дала аймақтарының жағдайында жел эрозиясының қауіптілігі байқалады. Бүл аймақта кеп жылдың шөптер және басқа дақылдар қалың қыртысты (шымды) ңүрады, топырақ құрылымын жақсар-тады, суға тезімді агрегаттардың санын өебейтеді, су және жел эрозиясынан қорғайды.

Дөнді дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әр түрлі бағаланады. Күздік бидай жаздық бидай мен арпа үшін кептеген отамалы дақылдар үшін жаңсы алғы дақыл болып саналады. Жемдік дәнді-дақылдарды, арпа, т.б. нашар алғы дақылға жатқызады және оларды ауыс-палы егістің соңынан орналастырады.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті мен А.И.Бараев атындағы Қазақ АІНҒЗИ деректері бой-ынша сүлының жазғы егісін сүрі танапты эрозиядан қорғауға және топырақтың санитарлық жағдайын жақ-сарту үшін пайдалануға болады. Сұлының жасыл балау-сасының енімділігі гектарына 50-75 ц жетеді.

Ауыспалы егістердің кестесін құру қағидаттары (принциптері). Ауыспалы егісте дақылдардың алмасу

тәртібін және алғы егістерін ендірістік тәжірибелері мен аймақтың ғылыми мекемелерінің үсыныстарын пайдаланып анықтайды. Бүған қойылатын негізгі талап -әрбір дақылға мүмкіндігінше оңтайлы жағдай жасап, сыртқы ортаның қолайсыз әсерін азайту.

Ауыспалы егістің кестесін құрастырғанда топырақ-тың қүнарлылық қорларын есімдіктердің тиімді пайдалануын ескеру керек. Сол үшін мынадай үстанымдарды сақтау керек:

1.    Негізгі дақылдарға ауданның үлкен белігін бөлген жөн.

2. Топырақтың құнарлылығына, танаптардың тазалығына және басқа тіршілік жағдайларына жоғары талап қоятын ең құнды дақылдарды жақсы алғы дақылдардан кейін орналастыру дүрыс.

3. Ауыспалы егісті ең жақсы алғы дақылдан бастау қажет.

4.Дәнді бұршақ дақылдарын қайталап өсіруге болмайды.

5 Дәнді бұршақ дақылдарын пардан кейін орналастыруға болмайды.Бұл жағдайда олардың құнды алғы егіс болған артықшылығы басқа дақылдармен пайдаланылмайды.

Дәнді бұршақ дақылдар

         Жалпы сипаттамасы. Дәнді бұршақ дақылары (асбұршақ, ноқат, ноғаттақ, бөрі бұршақ, т.б.) дәнді дақылдардың үшінші биологиялық  тобын құрайды да, бұршақ тұқымдасына жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да жоғары мөлшерде ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1,5-3,0 есе артық. Оның үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин, триптофон, т.б.) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен жеңіл қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет істеуіне қажетті көп мөлшерде  көмірсулары (крахмал) және әртүрлі дәрумендер (А, В, С, т.б.) де шоғырланған.

Дәнді бұршақ дақылдары мал шаруашылығындағы ақуыз мәселесін шешуге мүмкіндік жасайды. Таза және аралас егістіктерде олардан қоректілігі жақсы жасыл балауса, пішен және сүрлем дайындалады.  Олардың сабаны мен мекені  де мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді . Дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары  өңдеу өнеркәсібінде де пайдаланылады. Айта кеткен жөн, ақуыздың көп бөлігін  бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадығы азотты сіңірудің нәтижесінде  қалыптастырылады. Олардың агротехникалық маңызы да зор : тамырларында орналасқан түйнек бактерияларының азотты байлау қабілетінің  арасында топырақ органикалық заттармен және биологиялық азотпен байытылады. Сондықтан барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктер көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл болып табылады.

Дәнді бұршақ дақылдары астық дақылдарынан бір қатар морфологиялық ерекшеліктерімен де ажыратылады: тамыр жүйесі кіндікті, көптеген бүйір тамыршаларын түзеді, топыраққа 1,5-2,0 м тереңдікке дейін бойлайды. Ұсақ тамыршаларында түйнектер орналасқан және оларда азотты байлайтын бактериялар дамиды. Сабағы әр түрлі деңгейдегі біріктілігімен ерекшеленеді: біреулері (ноқат, майбұршақ, т.б.) тік өскен қалпын сақтайды, ал басқаларында (асбұршақ, жасымық, ноғаттық, т.б.) жапырылғыш, тұның өзі егін жинауда үлкен қолайсыздық тудырады.  Жапырақтары құрылысына қарай үш топқа бөлінеді: біріншісі-қауырсын жапырақты өсімдіктер (асбұршақ, атбас бұршақ, ноғаттық, т.б.), екінші- үштік жапырақтылар    (майбұршақ, үрме бұршақ) және үшіншісі- саусақ-салалы жапырақтылар ( бөрі бұршақ). Гүлдері бұрыс пішінді, бестік түрде болады.  Жемісі – әр түрлі көлемде және пішінді бұршаққап.  Бұршақ дақылдарының  кейбіреулерінің (асбұршақ, жасымық, т.б.) жемістері піскен кезде жарылады да, тұқымдары шашылып, астық өнімін төмендетеді. Тұқымның көлемі мен түсі де әр түрлі.

Өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы бойынша дәнді бұршақ дақылдары екі топқа бөлінеді: қысқа (асбұршақ, жасымық, т.б.) және біраз ұзақтау (ноқат, үрме бұршақ, т.б.) . Жылуға талабы бойынша дәнді бұршақ дақылдарынан суыққа төзімділеу  (асбұршақ, жасымық), жылу сүйгіштеу (бөрі бұршақ, атбас бұршақ, ноқат) және жылу сүйгіш (майбұршақ, үрме бұршақ) деп ажыратылады.  Бұл дақылдардың ылғалға да талаптары бірдей емес: ең ылғал сүйгіштерге май бұршақ, бөрі бұршақ, атбас бұршақ жатады, сондықтан оларды ылғалы молырақ аудандарда немесе тек суару жағдайында өсіреді: құрғақшылыққа төзімді деп ноқат, асбұршақ, ноғаттық саналатындықтан, оларды Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында үлкен табыспен өсіруге болады.

Қазақстанда егістік көлемі бойынша дәндібұршақ дақылдарының ішінде бірінші орынды асбұршақ, одан кейін ноқат, ноғаттық, т.б. орналасқан.

Асбұршақ. Асбұршақ бағалы, жоғары ақуызды дәнді  бұршақ дақылы болып табылады. Қазақстанда аудандастырылған сорттарының тұқымдарына орта есеппен 24-27% ақуыз, 50%-ден астам көмірсулары (негізінен крахмал), айтарлықтай мөлшерде май , күлдік заттар мен дәрумендер (А,В,С ж.б.) болады. Тұқымдары жоғары қоректілігімен және жақсы дәмдік санасымен ерекшеленеді, әр түрлі тағамдар дайындауға бүтін және үгітілген тұқымдар кеңінен қолданылады, консервіленген түрде де пайдалануға болады. Асбұршақтан әр түрлі мал азықтық өнімдер ден (дара азық, шөп ұны, пішен, пішендеме, т.б.) өндіріледі. Ол-жаздық бидай және басқа ауыл шаруашылығы  дақылдарына жақсы алғы дақыл. 2000 жылы Қазақстанда өсірілген дәнді бұршақ дақылдарының (57,4 мың/га) 80% дан астамы асбұршақтың үлесінде болады.

Морфологиялық ерекшеліктері. Асбұршақ бірнеше түрлерді біріктіреді, барынша кең тарағаны егістік асбұршақ және ол негізінен азық-түліктік  мақсатқа өсіріледі. Оның тамыры кіндікті, сабағы жапырылғыш, жапырақтары күрделі, қосқауырсынды, гүл шоғыры-бұтақбас, жемісі-бірнеше тұқымды бұршаққап, тұқымдары домалақ, ашық түсті.

Биологиялық ерекшеліктері.  Асбұршақ-суыққа төзімді әрі ылғ,ал сүйгіш өсімдік. Оның тұқымы 1-2 С жылылықта өне алады, алайда тіршілікке қабілетті егін көгі +5 С жылылықта 20-25 тәуліктен кейін, ал 15 С температурада 7-8 тәулікте пайда болады. Бұтақтану, бүрлену, гүлдену және пісіп-жетілу кезеңдеріне барынша  оңтайлы температура 15-20 С. Дақылдың егін көгі-8 С дейінгі қысқа мерзімде бозқырауды көтереді, ал гүлдену  мен дәннің толысу  кезеңдерінде тіпті -2-4 С бщзқырау қауіпті. Ылғалға қоятын талаптары мен бір өлшем құрғақ затты қалыптастыру үшін  шығындайтын ылғал мөлшері бойынша асбұршақ ылғал сүйгіш  өсімдіктер қатарына жатады, дегенмен өзінің қуатты тамыр жүйесімен топырақтың терең қабатынан суды соруына  байланысты, ол көптеген басқа дәнді бұршақ , жаздық астық дақылдары, т.б. қарағандақұрғақшылықты жеңіл көтереді. Асбұршақтың ылғалға барынша жоғары талабы бүршіктену-гүлдену  кезеңіне сәйкес келеді. Осы кезеңдегі  топырақтың жақсы ылғалдылығы оның жоғары өнімінің кепілі болып табылады. Асбұршақтың транспиранциялық коэфициенті  300-600 аралығында. Гүлдену кезеңінің созыңқылығына байланысты оның тұқымдары біркелкі піспейді, ал бұл ерекшелік егін жинау мезгілі мен тәсілін дұрыс таңдап алуға мәжбүр етеді.  Асьұршақ қоректену элементтері жеткілікті қара, күңгірт, қара, қоңыр, т.б.  топырақтарда жақсы өседі. асбұршақ үшін қышқыл , механикалық құрамы ауыр , сортанды және батпақтанған топырақтар жарамсыз, жеңіл құмдақ топырақтарда да ол нашар өседі.

Қарқынды өсіру технологиясы Қазақстанда асбұршақ сүрі танабынан кейінгі бірінші және екінші жаздық бидайдан кейін орналастырылады.  Асбұршақ бір танапта  қайта өсіруді көтере алмайды, өйткені аурулар мен зиянкестерден үлкен зардап шегеді.  Топырақты негізгі өңдеу жазықтілгіштермен немесе терең қопсытқыштармен іске асырылады.  Себу алдындағы топырақ  өңдеу бидайдікіне ұқсас. Теңдестік тәсілімен анықталған фосфорлы тыңайтқышты топырақты негізгі өңдегенде енгізеді. Ылғалды аудандарда және суармалы жағдайда  өсіргенде асбұршақ тұқымын нитрагинмен өндегенде жақсы нәтижеге қол жеткізіледі, ал мұның өзі өсімдік тамырларында  түйнектеріндің түзілуіне жағдай жасайды, асбұршақтың азотты байлауын күшейтеді.Ауруларға қарсы нитрагинмен  дәрілейді.Асбұршақты жаппай қатардағы тәсілмен себеді.Тұқым себу мөлшері 0,6-0,9 млн/га өнгіш тұқым.Асбұршақ тұқымдары ылғалды топырақ қабатына сіңіріледі (4-5 см-ден 8-9 см-ге дейін)Асбұршақ егісчтігін күтіп баптау егін көгіне дейінгі(себуден 3-4 тәуліктен соң) тырмалаудан басталады.Соның нәтижесінде арамшөптердің ақ жіпшеларі жойылады және топырақ қабыршағы үгітіледі.Көктегеннен кейін және тамырланғаннан соң егін көгін көлденең немесе қиғаштап жеңіл тырмалармен тырмалайды. Асбұршақ себілетін танаптардағы біржылдық аоамшөптерге қарсы линурон немесе прометрин гербицидін қолданады.Бізтұмсық, дән кеміргіштерге қарсы метафоспен өңдейді.

Асбұршақ егістігі бөлектеп жиналады.Асбұршақ  тұқымының орташа ылғал-дылығы 30-35 % жеткенде немесе өсімдіктерінің орта бөлігіндегі бұршаққаптардың 70-75% сарғайғанда оны дестелегіштермен( ЖБА-3,5) дестеге шабады, ал дестеде тұқым ылғалдылығы 18-20%жеткенде бастырылады.

Қорытынды. 

Елбасы 2011 жылдың 28 қаңтарындағы халқына жолдауында ауыл шаруашылығына көп көңіл аударған.    Республикамыздың агроөнеркәсіп өндірісінің даму дәрежесі мен тиімділігі    халықтың    ауыл    шаруашылығы    тауарларына    деген сұранысын қанағаттандыруға әсерін тигізумен қатар қазіргі жаһандық қаржы  дағдарысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен отандық   тамақ   және   жеңіл   өнеркәсіптерді   дамыту, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда маңызы аса жоғары.

Еліміздің ауылшаруашылығын келешек дамуында, ауылшаруашылық өнім  өндірішулердің бәсекелестікке барынша қабілетті агроқұрылымдарын ұйымдық-құрылымдық жетілдірудің маңызы зор. Қазақстанның  барлық облыстарында әр түрлі агроөндірісті кешенді ұйымдастыру мен агроқұрылымдардың тиімділігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік пен әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуге толық  мүмкіндік береді.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

1.Қ.К.Әрінов. Тұқымтану негіздері.-Ақмола,1995

2.Можаев Н.И., ӘріновҚ.К.,т.б. Өсімдік шаруашылығы.-Ақмола,1993.

3.Қ. Әріпов, А.Нағымтаев, М.Ысқақов,Н.Серікпаев,И. Жұмағұлов. Агрономия негіздері.-Астана.2007.

4.Қ.Жаңабаев, С.Арыстанғұлов Агрономия негіздері «Фолиант» баспасы-Астана 2010

5.Елбасы 2011 жылдың 28 қаңтарындағы халқына жолдау


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы