Скачать/Жүктеу
Таурлар және оларды өткізуін аудитінің басты міндеті — оларды есептеудің дұрыс жүргізілуі, олардың сақталу орындарындағы бар болуы мен қозғалысы туралы нақты мәліметтер алу, сақталуын қамтамасыз ету және қабылданған нормативтерге сай болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Жүргізу толықтығына қарай аудит кешенді, функцоналды және локальді болады. Аудит түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс-қызметі түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әр түрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, әкономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функцияларын орындауды тексеру жасалады.
Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізіле алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау, өндірістік және қаржылық іс-қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзіндегі нақты жағдайын зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болып табылады.
Тауарлы-материалдық қорларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалды аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сатып алу, өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезеңдері мыналар:
- Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.
- Қалыптасқан тауарлык-материалдық қорларды басқару жүйесін талдау.
- Қорлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау.
- Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.
- Тауарлық-материалдық қорлармен жасалатын операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру.
- Қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зертгеу.
- Тауарлық-материалдық құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау.
- Жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Тауарлық-материалдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-дайындау іс-қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30%-не жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық кұндылықтарға деген кажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.
Арнайы әдебиеттерді оқып білу және озық тәжірибені жинақтап қорыту негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық-материалдық қорлары есебі мен ішкі бақылау жағдайының функционалды аудиті бағдарламасы ұсынылады.