Скачать/Жүктеу
Аудитті жоспарлаудың мақсаты. Аудиттің 300 халықаралық стандартының «жоспарлау» көрсетілген, жоспарлаудың негізгі мақсаты — тиімді аудит жүргізуді қамтамасыз ету. Жоспарлауға байланысты жұмыстар аудиторға аудиттің қажетті аудандарына көңіл аударуына көмек береді, потенциалды проблемеларды табу мен бастаған жұмысты уақытында аяқтау. Сонымен қатар, тапсырысты аудитор, асистенттер арасында ұтымды бөлумен эксперттердің атқаратын жұмысын үлестіру. Аудиторға кәсіби жауапкершілікті өзіне алу үшін тексеріс жүргізуге қажетті жеткілікті дәлелдемелер жинау керек. Сонымен қатар, дәлелдемелер құны минималды болу керек.
Бұл жоспарлану жұмыстарына байланысты болады. Сондықтан әрбір тексеріс үшін аудитор жоспар құру керек, оның мақсаты:
- аудиторлық шаралардың қажетті көлемін анықтау;
- тексеріс жүргізу шараларын бағалау;
- аудит жүргізудің сапасын қамтамасыз ету болып табылады.
Аудитті жоспарлаудың қағидалары. Аудит жоспары аудит жүргізудің жалпы қағидалары негізінде жасалады, сонымен қағидалар арқылы:
- кешенді жоспарлау
- үздіксіз жоспарлау
- оңтайлы жоспарлау;
Аудиттің кешенді жоспарлау қағидаты жоспарланудың барлық сатылары арасындағы өзара байланысы мен келісімділігін қамтамасыз етеді, яғни аудиттің алдын – ала жоспарланудан, жалпы жоспар мен бағдарлама жасалуына дейін қамтамасыз етеді.
Аудиттің үздіксіз жоспарлау қағидаты аудиторлар тобына арналған есеп қисаптарын анықтайды және жоспарлану сатыларын бөліп тарату мерзімі бойынша және құрылымдық бөлімдер арасындағы байланысын қарастырады.
Аудиттің оңтайлы жоспарлау қағидаты жоспарланудың нұсқаулығын қамтамасыз етеді, критерийлер негізінде аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасы үшін оңтайлы нұсқаны таңдап алуына мүмкіндік береді. Оның аудиторлық ұйым анықтайды.