Скачать/Жүктеу
Римдік мектеп. Ерте итальяндық операның басқа центрі рөлін Рим атқарды. Римде опералық театрын қалыптастыру жұмыстарын Барберини жанұясы атқарған, олар сегізінші папа Урбанмен туыс болған. Римдік опералардың сюжетінде христиандық идеаларды тарату орын алған. Римдік мектептің гүлдену кезі 1620 – 1640 жж. Флоренциялықтардың жетістіктерін қорытындылап римдіктер операны жаңа деңгейге жеткізді, композицияның біртұтастығы пайда болды, хорлар мен ансамбльдерді сололық ән айтудық жаңа формаларымен алмастыра отырды – ариозо мен ариялар, ал речитативті иілгіш етіп, турлендіре түсті.
Римдік опералық мектепке Стефано Ланди шығармашылығы сай. 1632 жылы Барберини театрында қойылған оның «Св. Алексей» операсы шулы сәттілікке шалынды. Сюжет мақсаты — христиандық момындық пен тақуа болуға үндеу. Бұл шығарманың драматургиясында жмаңызды жаңалық – комедиялық элементтерді енгізу. Бұл опера ішіне халық музыкасының және халық әуендерінің енуіне жол ашты. «Св. Алексей» операсында оркестрге көңіл бөлініп, әр акт алдында кіріспе орындалды. Римдік шығармаларының ең көрнектісі боп Лоретто Витторидің (1588 -1670) «Галатея» операсы саналады.