Скачать/Жүктеу
Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Америка Құрама Штаттарындағы либералдық–саяси ағымдар.
2. Томас Джефферсонның саяси – құқықтық көзқарасы. Тәуелсіздік деклорациясы.
3. Джеймс Мэдисонның консерваторлық және либералистік саяси көзқарасы.
4. Фридрих Август фон Хайектің саяси көзқарасы мен идеясы.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында қоғамдық – саяси құрылым және құқық мәселелері бойынша идеялық пікір таластардың өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталатын екі кезеңді аңғаруға болады. Оның алғашқы кезеңі ХVІІІ ғасырдың басынан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейін созылған отар қоныстардың метрополияға бағыныштылығымен сипатталса, екінші кезеңі тәуелсіздік үшін күреспен айқындалып, ХІХ ғасырдың екінші жартысын қамтиды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында өздерін штаттар (яеғни мемлекеттер) деп атаған колониялар мен метрополиялар арасындағы шиеленіс салық салу мәселесіне байланысты күшейе түсті. Көптеген публицистер (Д.Адамс, Т. Джефферсон, А. Гамильтон және тағыда басқалары) өздерінің саяси памфлеттерінде барлық отар иеліктеріндегі қоныстанушылар заң шығарушы жиналыста өз өкілдерінің болуы керектігін, өзін-өзі басқару принципін ұстану қажеттігін айтып, отаршылардың саяси талаптарын табиғи-құқықтық негізбен байланыстырды. Азаматтардың табиғи құқығы мен бостандығы туралы бұл ой тек публицистикада (көсемсөзде) ғана емес саяси және конституциялық құжаттарда да мойындалды: Виргиния штаты құқықтарының Деклорациясы (Дж. Мейсон және Дж. Мэдисон, 12 маусым 1776 жыл) және Тәуелсіздік Деклорациясы (Т. Джефферсон, Б. Франклин, Дж. Адамс, 4 шілде 1776 жыл). Тәуелсіздік Деклорациясын 13 штат бірауыздан қабылдады. Табиғи құқық теориясының идеяларын талдау барысында халықтың саяси таңдауы мен дербес өмір сүру құқығының және халық егеменділігінің конституциялық принциптері жарияланды. Теориялық жаңашылдықтың тағы бір маңызды нәтижесі биліктің бөлінісі принципін нақтылау болды. Тәуелсіздік үшін күрес тұсында (1775-1783) штаттардың Конфедерациясы құрылды. Алайда соғыс аяқталысымен штаттардың одағын нығайту және тиімді федералды үкімет құру қажеттілігі туындады. Осы міндетті атқару үшін 1787 жылдың мамыр айында конституциялық Конвент құрылды. Ол барлық сословиелік артықшылықтар мен дворяндық титулдарды жойып, республикалық құрылысты бекітетін, ажыратылған үш билік жүйесін енгізетін федералдық Конституцияның жобасын дайындап щығарды. 1803 жылы Жоғарғы сот өзінің конституциялық бақылау құқығын бекіткеннен кейін американдық революцияның барлық негізгі кезеңдері (тәуелсіздік үшін күрес, жаңа мелекеттік құрылымды қалыптастыру және оны өмірге енгізу) толығымен аяқталды.
Демек, Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында қоғамдық – саяси құрылым және құқық мәселелері бойынша идеялық пікір таластардың түрлері мен Дж. Мэдисон, Т. Джефферсонның саяси идеялар мен ойларының пайда болуына толық түсінік беріп, ашып көрсету маңызды болады. Сонымен қатар, Фридрих Август фон Хайектің саяси ойлары мен идеяларына тоқталып, жалпы мәлімет беремін.
1. Америка Құрама Штаттарындағы либералдық–саяси ағымдар.
ХVІІІ мен ХІХ ғасырларда қоғамдық өмірдің демократиялануымен әлеуметтік – саяси теориялардың да мазмұны өзгерді. Саясат ұғымы да жаңа маңызға ие, болды: егер бұрын ол мемлекеттік билік қызметінің саласын ғана қамтыса, енді ол қоғамдық қатнастардың кең ауқымын білдірді. Қоғамдық санада сциентизмнің (лат. scientia – ғылым) белең алуына орай, саясаттанушылар мен құқықтанушылар өз концепцияларында методология мәселелеріне үлкен көңіл қоя бастады. Кейінірек саяси ғылымдардың құқықтанудан бөлініп шығуы барысында саяси және құқықтық ілімдерде әрқайсысы өзінің тар мамандық саласы шеңберінде тереңдете зерттеу үрдісі басым болды. Мұның өзі саяси теорияның ішінде жекелеген концепциялардың пайда болуына әкелді, мысалы тоталитаризм, плюралистік демократия, үстем элита концепциялары.
ХІХ ғасырдың буржуазиялық әлеуметтік саяси ойында неолиберализм (кейде «әлеуметтік либерализм «, ескі индивидуалистік либерализмге қарсы), »демократиялық либерализм» (аристократиялық либерализмге қарсы, «либерал — реформизм» ұғымдары қолданылады) және концерватизм ( немесе «жаңа концерватизм», «неоклассикалық либерализм», «либерал-концерватизм» терминдерімен де айтылады) басым бағыт қатарына жатқызылады. Бұл идиологияның жақтаушылары қоғамдық ойда орталық бағыт ұстанса, солшылдарға әртүрлі социолизм, коммунизм және солшыл радикализм (» жаңа солшылдар», «солшыл экстремизм» және тағы басқа) концепциялары, ал оңшылдарға фашизм және неофашизм, «жаңа оңшылдар», нәсілшілдер сияқты оңшыл радикализм теориялары жатады.
Неолиберализм және қазіргі концерватизм классикалық либерализм идеологисының дағдарысы тұсында, индустриялды дамыған елдерде экономиканы реттеуде, мемлекеттің әрекетін кеңейту мақсатында қалыптасты.
Неолиберализмнің идеологтары (Дж. Кейнс, А. Хансен, Дж. Гэлбрейт және тағы басқа) қоғамның реформашыл көңіл – күйдегі топтакрының – ірі өнеркәсіпшілердің, жоғары шенеуліктердің, сондай – ақ интеллегенцияның едәуір бөлігінің мүддесін көздейді. Олар өз бағдарламалары мен концепцияларында өңдірістің дағдарыссыз және тұрақты дамуына қол жеткізу үшін қоғамдық процестерге мемлекеттің ықпалын кеңейтуді, жеке кәсіпкерлік қызмет саласына мемлекеттің белсенді түрде араласуын жақтайды.
Неолиберализмдегі кейнешілдік бағытының негізін қалаушы ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Ол өзінің 1929-1933 жылдардағы «ұлы дағдарыстан» кейін жазылған «Еңбекпен қамтудың, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде шіріген капитализм» туралы лениндік теорияға қарсы нарықтық экономиканың дамуға қабілеттілігін, дағдарыстардың өткіншілігін дәлелдеп жазды. Кейне мемлекет құқық мәселелерімен арнайы айналыспағанмен, еркін кәсіпкерлік режимінің орнына экономиканы мемлекеттік реттеуді ұсынған оның бағдарламасы саяси практика мен заң шығарушылыққа тікелей әсер етті. Кейнстің идеялары 50-60 жылдары кеңінен таралды. Бұл идеялар постиндустриалды қоғам (Дж. Гелбрейт), экономикалық өсім кезеңі (В. Ростоу), игілікті мемлекет (Г. Мюрдаль) концепцияларында өзінің жалғасын тапты. Неолиберализм идиологиясына қарсы шығып, еркін кәсіпкерлікті жақтаған қазіргі концерваторлар (Ф. Фон Хайек, И. Кристол, М. Фридман) болды. Бұл бағыттың әлеуметтік негізін финанс олигархиясы, истеблишмент, ауқатты фермерлер және шығармашыл интеллигенцияның бір бөлігі құрайды. Мемлекеттің экономикалық әрекетін толығымен теріске шығармағанымен, олар жеке капиталға қатысты мемлекеттің араласуын шектеуді ұсынады. Экономикадағы мемлекеттік биліктің рөлін нарықты реттеумен ғана байланыстырады.
ХІХ ғасырда концерватизм идиологиясымен қатар демократиялық социализм идеялары да өмір сүрді. Бұл ілімнің идеялақ қайнар көзі Э. Бернштейннің, К. Каутскийдің саяси көзқарастарында жатқанымен, оның бастыц теогриялық қағидалары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Г. Ласкидің (Англияда лейбористер партиясы атқару камитетінің мүшесі) «Біздің замандағы революция туралы ойлар», Л. Блюмнің (Франциядағы социалистік партияның мүшесі «Адамзат ауқымында», К. Ренердің (Австралиядағы социал-демократилық партияның төрағасы) «Жаңа әлем және социализм» еңбектерінде негізделді. Осы соңғы елу жылда капитализм өзінің өміршеңдігімен көзге түсіп қана қоймай, қоғамдық дамудың қажеттіліктерін өтеу қабілетінің социализмнен жоғары екендігін де дәлелдеді. Демократиялық социализм теориясының ықпалының бәсендеуі, ондағы негізгі басымдылықтың социализмнен демокркатияға ауысуы осымен байланысты. Алайда бұл әлеуметтік әділеттілік идеалдары қоғам дамуына ықпал етуін тоқтатты деген сөз емес.
ХІХ ғасырдағы құқық пен мемлекет туралы теорияларда әлеуметтік юриспруденция, позитивистік нормативизм және қайта өркендеген табиғи-құқықтық бағыттары қалыптасты.
Әлеуметтік құқықтанудың ең көрнекті өкілдерінің бірі американдық заңгер Роско Паунд (1870-1964). Ол өзінің теориялық көзқарастарын бес томдық «Юриспруденция» (1959) еңбегінде баяндайды. Паунд құқықты зерттеуде «инструменталды прагматикалық тәсілді» қолданды және онда құқықтың өзі «әлеуметтік бақылаудың инструменті» ретінде түсіндірілді. Бақылаудың өзі заңға бағынушы азаматтардың әлеуметтік өзара әрекетін, жүріс-тұрысын реттеумен және үйлестірумен байланысты болғандықтан оның ілімін көбіне «заңгерлік әлеуметтік инженерия» деп те атайды.
Құқық арқылы әлеуметтік бақылау тұрақтылықты қажет етеді, алайда қоғам өміріндегі ұдайы болып отыратын өзгерістер үнемі толықтырып отыруды талап етеді.
Құқықтықтанудағы әлеуметтанулық юриспруденцияның ықпалымен АҚШ-та негізінен салалық заңгерлік пәндердің өкілдерін – азаматтық, коммерциялық, кәсіпкерлік және өзге де құқық салаларының мамандарын біріктірген «реалистер» қозғалысы пайда болды. АҚШ-та негізгі ағымдар, ол либералистік, концерваторлық, федералистік тағы да басқа ағымдар болды. Алда либералистедің негізгі өкілдеріне тоқталып өтеміз.
2. Томас Джефферсонның саяси – құқықтық көзқарасы. Тәуелсіздік деклорациясы.
… Тарих адамдарға болашақ туралы әңгіме
қылуға мұқсат етеді; ол оларға басқа уақыт
пен басқа халықтардың тәжірибесін пайда-
лануға мүмкіндік береді…
Т. Джефферсон
АҚШ тарихы ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ – ғасырлардың басында әлемге көрнекті саңлақтар тобын берді. Олар әр қилы көзқарасты ұстанып әр түрлі партиялардың құрамында болғанымен, барлығы да американың жас мемлекетінің негізін қалаушы әкелері ретінде тарихта қалды. Себебі, олар өз елінің тарихи тағдырына ғұмырларын арнап, оның қалыптасуына және нығаюына құдайдай сенді. Франклин, Вашингтон, Адамс, Гамильтон, Мэдисон, Джей, Пейн және тағы басқалардың арасында америка тәуелсіздігінің және демократиясының әкелерінің бірі, көрнекті саяси ойшыл Томас Джефферсонның (1743-1826) да есімі бар.
Томастың әкесі – Питер Джефферсон Виргинияға алғашқы қоныс аударушылардың бірі болды. Оның арнайы білімі болған жоқ, бірақ өз бетімен білім алу үшін көп дайындалды. Ол графтықтағы ақылды, сауатты әрі құрметті помещик болғандықтан оны аса жауапты жұмыстарға шақырып отырды. Мысалы, Виргиния штатының шекарасын белгілеп, картасын жасауға, заң шығарушы жиналыстын жұмысына. Әкесі қайтыс болғанда Томас 14 жаста еді. Отбасына қамқорлық жасау үлкен баланың иығына түсті.
Джефферсонның шешесі – Джейн Рандолф ақсүйектер отбасынан шыққан. Оның шежіресі Англия мен Шотландия тарихында ежелден келе жатыр. Демократ Томас Джефферсон жазғанындай, «Әркім өзі таңдаған сенім мен құрметке сол деңгейде қарауға ерікті»[1]. Томас отбасындағы үшінші бала, оның екі інісі, алты қарындасы болған.
Ол бес жасынан ағылшын мектебінде, ал тоғыз жасынан бастап латын мектебіне барды. Одан кейін, 1760 жылдан бастап екі жыл бойы Вильямсбург қаласындағы Уильям және Мэри колледжерінде оқыды. Сонда жүргенде, ол өзіне үлкен ықпал еткен Шотландиядан шыққан математик әрі философ профессор Ульям Смоллмен достасты. Профессор өзінің заңгер досы Джордж Уиттың өзінің жетекшілігмен Томастың құқықты оқып — үйренуіне рұқсат етуге жәрдемдесті, сондай-ақ жас жігітті губернатор Фрэнсистің ортасына қосты. Фокье, Джефферсонның айтуы бойынша, «осы орынға отырғандардың барлығының ішіндегі ең қабілетті адам еді»[2].
АҚШ-тың болашақ үшінші Президенті, кейіннен онымен болған кездесулерінде, өзінің алған біліміне қарыздар екендігін еске алады. Кейінірек, Уайт мырза оның адвокаттық жұмысқа тұруына да көмек берген еді. Кезінде, 1776 жылы Уайт өзінің жас досының дайындағандардың бірі еді.
Джефферсон Виргиния штатындағы Уилбям және Мэри колледжінде юриспруденцияны оқып бітірген соң, сол штаттың Жоғарғы сотының адвокаттар алқасында болды. Ол өзінің «өмірбаянында» Революция барлық сот орындарын жапқанынша заңгерлік тәжірибесінің жалғасқанын еске алады. [3]
Оның адвакаттық қызметі айтарлықтай табысты болды, клиенттерінің саны тез өсті. Егер, адвокаттық қызметке тұрған 1767 жылы 68 істі жүргізсе, ал төрт жылдан соң 430 істі жүргізді. [4]
Джефферсонның 26 жасында Виргиния штатының заң шығарушы органына депутат болып сайлануы оның саясат жолындағы мансабының жарқын болашағына еңбек сіңіруіндегі атағы оның байсалдығы әрі «үндемейтін депутаттығы» ретінде танылды. Ол үшін, сөз сөйлегеннен гөрі, хат пен мақала жазу оңайға түсетін еді. Джефферсон 1776 жылы Континентальдық конгресс комиссиясының тапсыруымен 1776 жылдың 4-ші шілдесінде Филадельфиядағы конгресте қабылданған атақты «Тәуелсіздік деклорациясын» жазу бақытына ие болды.
«Тәуелсіздік деклорациясының» жобасын Джефферсон 17 күн, яғни 1776 жылдың 11 маусым мен 28 маусым аралығында дайындады. Ол әрбір сөзді екшелеп, оның мән-мағанасына қарады. Бұл құжатта адамзаттың алдыңғы қатарлы ойшылдары мен замандастарының ақыл-ой шабыты түзілген. Дайындалған мәтінді Джефферсон Конгресс комиссиясының мүшелері Д. Франклин мен Д. Адамсқа көрсетіп, олар біршама өзгертулер енгізгені белгілі. Олардың ескертпелерінен кейін, комиссия мақұлдаған құжаттың соңғы жобасы жазылды да, 28-маусымда «Бас Конгресске жиналған Америка Құрама Штаттары өкілдерінің деклорациясы» ретінде Конгрестің қарауына ұсынылды. 19 шілдеде Конгресс оның атын өзгертіп: «Американың біріккен 13 штатының бірауызды деклорациясы» деп аталды. [5]
Конгрестегі талқылау үш күнге созылды. Құжаттың 800 сөзінен Конгресс 460 сөзін немесе мәтіннің ширек бөлігін алып тастады [6], бірнеше сөйлемдер мен сөздер алмастырылды және екі үстеме қосылды. Деклорацияны 2-шілдеде мақұлдады, Конгресс мүшелері 1776 жылы 4-шілдеде қол қойды. Одан кейін ол перламентке көшіріліп, 1776 жылы 2-тамызда қайта қол қойды. [7]
Т. Джефферсон дайындаған бұл мәтін конгрес тарапынан аздаған өңдеуге түсіп, редакцияланды. Кейбір жеке сөздер ең ұрымтал, нақтылы, әсіресе емес сөздермен алмастырылып, саяси жағынан өткір бірнеше ұғымдар алынып тасталды. [8]
Англияда қарым-қатнасты сақтауға тұрарлық достарымыздың болуы жүрек үміттің отын әлі де сөндірмеді, — деп жазды Джефферсон өзінің «Өмірбаянында» . Сондықтан да алынып тасталынған жолдар олардың өкпе назын тудырмас үшін жасалынды. Африкада тұратын тұрғындардың құлдарды ұстауын айыптайтын баптың сызылып тасталуы Оңтүстік Каролина мен Джорджия штаттарының пайдасы үшін шешілді. Себебі, бұл штаттағылар құлдарды әкелуді қысқартпақ түгіл, қайта құл сатуда одан әрі жалғастыруды қалады. Ал, біздің солтүстіктегі бауырларымызда, менің ойымша, өздерінде құлдар аз болғанымен осы пікірді қалаған сықылды, өйткені олар басқа штаттарды құлдармен ірі көлемде жабдықтаушы еді». [9]
Америка халқының бұл өзін-өзі азат ету манифесті, кейіннен көптеген көре алмаушылықты, күдіктерді, аңыздарды туғызды. Дж. Адамс Джефферсон «Деклорацияны» Дж. Отистің памфлетінен көшіріп алған деп мәлімдеді, басқалар оны шығарманың идеясы Дж. Локканың «Басқарудың екі трактаты» шығармасынан алынғандеп кіналады, кейбіреулер оның жасырын авторы Т. Пейн деп санады. Джефферсон өзінің қарапайым жауабында, жаңа дәлелдемелер мен принцптер ашуға тырыспағанын, тек отандастарының ақыл-түйсігін нақтылы айқындайтын және дұрыс ойлау тұрғысынан жағдайды түсіндіруді ғана мақсат тұтқанын айтады. [10]
Сонымен қатар, саяси қарсыластары Джефферсонның «Виргиния штаты туралы мақалалар» (1785) атты кітабындағы демократиялық идеяны белсенді түрде соққыға алды. Соған қарамастан, кейіннен ол Виргиния штатының губернаторы қызметін атқарды. Артынша, Ұлы Франция революциясының қарсаңы мен алғашқы айларында, Б. Франклиннен соң АҚШ-тың Франциядағы елшілігін басқарды. Ол 1789 – 1793 жылдары АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы, 1796 жылы вице президенті, ал 1801 жылдан екі мерзім бойы АҚШ-тың үшінші президенті болды.
Джефферсонның 1801 жылғы президент сайлауындағы жеңісін көптеген американдықтар екінші революцияның басталуы, яғни 1776 жылғы революция желінің қайта соғуы деп қарады. Бір қызығы, 1801 жылғы Президент сайлауының 36-ы турында сайлаушылардың [11] дауыс беруімен Джефферсон Президент болып сайланды. Ал, бірнеше жылдан кейін Президент сайлауының екінші мерзіміне түскен ол ешқандай бәсекесіз Президенттікке өтті. 1797 жыл мен 1815 жылдар аралығында Джефферсон Американың беделді философиялық қоғамының президенті болды. 1814 жылы Т. Джефферсон Конгреске өзінің жарты ғасырға жуық жинағын бай кітапханасын ұсынды. Ол дүниежүзіндегі ірі кітапхананың бірі АҚШ-тың Конгресс Кітапханасының қорына қосылды.
Джефферсон республикалық партияның құрамында болатын, бұл партия АҚШ-тың қазіргі демократиялық партиясының ізашары. Демократтар, федералистер партиясына оппонент болып шықты. Бірақ та, Американың осы екі негізгі партиясының тәуелсіздік үшін күрестегі революциялық
9 Севостянов Г.Н., Уткин А.И. Т. Джефферсон. М., 1976ж. 10,11 Сонда.
Американың осы екі негізгі партиясының тәуелсіздік үшін күрестегі революцялық кезеңінен бастап, олардың арасындағы қайшылықтары Еуропа партияларының күрестегі қарама-қайшылығы мен салыстырғанда бәсендеу еді.
Егер де оларды Европаға осы тақылеттес партиялармен салыстырар болсақ, Американың «солшылдары» біршама «солшыл» болатын. АҚШ-та орташа тап баса көрсетілген, қоғам өзінің біркелкі болуымен болуымен ерекшеленеді, европалық тұрғыдан ескі әлем мен оның нағыз жақтаушылары жоқ деуге болады. Джефферсон ақылды адам еді, партиялық бір жақтылықпен шектеліп қалмас үшін адами қасиетадамдардың қабілетін партиялық біржақтылықтан жоғары қоя отырып, басқа партиялардың көптеген көрнекті қайраткерлері мен де жақын болды. Сөйте тұра ол екі екі партияның арасындағы, оның пікірінше, принцпті айырмашылықты атап көрсетті:
«…халық бағалау, оған қамқорлық жасау – біздің партияның принципі. Халықтан қорқу және оған сенбеу – басқа партияның принципі». [12]
Джефферсон Виргиния штатының заңшығару актілері мен жұмыс жасаған кезінде-ақ, демократиялық дәстүрді қалыптастыруда маңызды рөлі болған бірқатар дәстүрді қалыптастыруда маңызды рөлі болған бірнқатар негізгі принциптерді тұжырымдаған болатын. Джефферсон демократияның негізін және білім беру жүйесінің демократизімімен, халықты ағарту және білім берумен, мемлекеттік қызметшілердің жоғары деңгейдегі дайындығы мен және қоғамдық іске дарынды азаматтарды тартумен тығыз байланыстырды.
Джефферсон — азаматтардың теңдігін жақтаушы, адамдарды езуге, қоғам байлығын әділетсіз бөлуге қарсы болды. «Тәуелсіздік деклорациясында» былай делінген, «Адамдардың барлығы бірдей жаратылған және Жаратушы белгілі бір ажырамас құқықтар берген, олардың ішінде — өмір сүруге, бостандыққа және бақытты болуға ұмтылу құқығының берілуі көрініп тұрған ақиқат деп санаймыз…» [14].
Ол үндістердің европалықтардан принципті түрде ешқандай айырмашылығы жоқ екендігі туралы жазды. Америка континентінде, бүгінгі күнінің заңдары мен құлдықтың өмір сүруінің тарихи ақталғандығынан бастау алатын дәстүрлеріне мойын сұнып отырғанымен, африкалықтарды құлдықта ұстаудың сақталып отырғандығын сынады. Соған қарамастан, ол, адамдардың әр түрлі өмір сүруі мен теңсіздігін, рухани байлық пен талантқа негізделген туа бітті ақсүектіктің» қағамда байлық пен туысқандық және шығу тегіне негізделген «жасанды ақсүйектіктен» айырмашылығы бар екендігін мойындады. [15]
Джефферсон АҚШ конституциясының қайсы бір жақтарын, атап айтқанда Призиденттің уәкілдік мерзімі шегінің анықталмағандығын, адам құқығы жайлы тараудың болмауын сынға алды.
12 Деев Н. Н. Т. Джефферсон // Политические учения: история и современность.М., 1976. 385-399 беттер.
13,14. Сонда.
15Соргин В.В. Основатели США. М., 1983ж.
Құқықтар туралы Биллдің қабылдануын қолдады. Алғашында ол конституцияның алғашқы редакциясына қарсы өре түрегелген штаттарды ақтауға ниет қылса, Дж. Мэдисон мен »Федералист» мақалаларының ықпалымен, сондай-ақ конституцияны халық қолдауының нәтижесінде, байыпты саяси баға бере білді. Ойшыл мемлекет пен құқықты адам баласының ақыл-ой, ернкіндік және адамгершілік табиғатымен байланысты құбылыс ретінде қарастырды. Сонымен қоса адам ол үшін өзінің дамушы ақыл-ойы мен еркін ерік жүйесі арқылы жануарлар әлемінен бірте-бірте алыстай беретін, табиғат берген құқықтары мен туа біткен әділеттілік сезімдері бар [16] әлеуметтік тіршілік иесі. Ол 1821 жылы Джон Адамсқа … қауым мен еркіндік тарихқа үздіксіз қадам басып келеді» [17] деп жазды. Солай бола тұрсада адам баласының әлемді басқаратын прогресивті дамуы, білімі меғн мәдениетінің жетілуі, заңдылықты түсінуі, ұзақ әрі біртіндеп болатын прогресс. Адам жауынгер, өзін-өзі құртығуға қабілетті тіршілік иесінен қоғамды өзінің даму деңгейіне сәйкес ұйымдастыратын ақыл-ойы жетілген тіршілік иесіне дейін дамиды.
Джефферсонның ойынша адам баласының прогрессивті дамуын, білімі мен мәдениетін қолдау және көтермелеу қоғам мен мемлекеттің мүддесі, себебі оқыған, ақылды, еркін адамдармен жұмыс істеу, басқару жеңіл әрі тиімді болмақ. «Ақыл-ой мен шындық» – адам баласы мен қоғамның табиғатына ең тиімді әлеуметтік басқару құралы. Егер де жеке адам, не партия немесе әлеуметтік топ ақылсыз істі аңғарса, оны адамзаттың негізгі құқығына әсер еткен тұтас бір ақыл-ой өлшемі деп қарауға болады, - деп есептеді ойшыл.
Джефферсон — өзінің революциялық – демократиялық рухының түсінігі мен шынайы құқық теориясының дәйекті жақтаушысы еді. Шынайы құқыққа шағым жасау АҚШ-тың Англиядан рухани-құқықтық жағынан ақыл-ойының азат болуының негізгі «Тәуелсіздік деклорациясында» қамтылды. Шынайы құқық, жағымды құқықпен салыстырғанда қандай жағынан болмасын аса бағалы деп түсіндірілді. Себебі ол жеке адаммен ғана байланысты құбылыс емес, халықтың адамзаттың егемендігімен және оның еркіндігімен байланысты делінді. Ешкім, ешқашан, қандай уақытша билікті пайдаланбасын, жоғары адамзаттық құндылықтарға қол сұғуға, адамның табиғатына және қоғамның негізіне менсінбеушілік пен қарауға құқығы жоқ. Бұл — әлем дамуының ақыл-ойымен, табиғат заңдарымен, Құдаймен байланысты адамзаттың аса жоғары мәселесі.
Тарихта қанша дамығанмен әзірге адамның мүмкіндігін ғарыштың биік заңдарымен және күштерімен салыстыруға болмайды, табиғи құқық соның белгісі болып табылады. Джефферсон осы бір мәңгілік өзекті мәселе жайлы ойлана келіп, табиғи құқықтан адамның ғарышқа әлемнің ең жоғарғы заңына қатысы бар екендігін аңғарғанды. Табиғи құқық – табиғатпен бірлестіктегі құбылыс, адам табиғатының елеулі жағы.
17Деев Н. Н. Т. Джефферсон // Политические учения: история и современность.М., 1976. 399-405 беттер.
Бұл – табиғи дамудың терең әрі спонтанды әрекет етеді, бірақ қажет болған жағдайда революцияның бәрін қирататын құқықтың құралы ретінде өзін көрсетуге қабілетті. Бұрынғы батыл демократ Джефферсон саяси тәжірибесі қалыптасқан сайын, икемді саясатшыға айналып, қандай істе болмасын шыдамдылық танытып, қақ ортаны» сақтап отырады. АҚШ президенті қызметіне 1801 жылы кірісерде ол америкадағы негізгі партиялар бөлек-бөлек болмай, қайта біріге түсуі үшін «Біздердің барлығымыз республикашылдармыз, біздердің бәріміз федералистерміз» деп сөйледі. Бірақ ол әр қашанда табиғи құқықпен демократияның теориясын жақтаушы болып қалды. Ұлы Француз революциясы басталған жылы ол былай деді: «Үкіметке сеніп тапсыруға болмайтын және үкімет біткен осы уақытқа дейін бұзуға тырысып бағатын құқықтар бар. Бұл – ойлау және өз ойының жариялығын ауызша немесе жазбаша беру құқығы; бұл – жеке адамның бостандығы мен қол сұғылмаушылық құқығы». [18] Джефферсонның көп жылғы тәжірибеден алынған прагматизмі оны демократиялық көзқарастан тайдырған жоқ.
Ойшыл-демократ 1826 жылы былай деп жазды: «Құдайдың мейрімі түсіп басқаларды ерттеп мінуге дайын артақшылықты азғантай адамдардың өкше темірлі етікпен туайтындығы сияқты, адамзаттың көпшілігін құрайтын адамдар да дүниеге арқасына ертоқым салып тумайды» . [19] Томас Джефферсон – адамдардың еркін де саналы таңдауын ұйғаратын азаматтардың құқығы мен бостандығына кепілдік беретін конституциялық құрылыстың жақтаушысы.
Қоршаған әлемнің адам бостандығы мен келісімі, оның табиғатының атрибутты белгісі ретінде, прогресс жолында алға жылжи отырып, Джефферсонның айтуы бойынша, икемділік пен ақылдылықты, заңнаманы үнемі жетілдіріп отыруды, соның ішінде оның нағыз формальды конструкциясын, негізін қалаушы актілерді талап етеді.
«Қайсыбір адамдар бар, — деп жазды ол. – Конституцияға киелі зат ретінде қастерлеп, оны қасиетті өсиеттің кемесі ретінде сынап, осы үлкен кемеге жанасудың өзін қадыр тұтады. Олар адамдарға өткен өмірінің даналығын таңып, олардың қолымен істелген дүние қандай да бір түзетуге немесе толықтыруға жатпайды деп есептейді… Мен, әлбетте, заңдар мен конституцияларға тәжірибеде өзін ақтай қоймаған өзгеріс еңгізулерді жақтаймын. Мен оның азғантай ғана жетіспеушілігіне ең жақсысы шыдау керек деп ойлаймын… Бірақ мен заңдар мен адамгершілік институты бір-бірімен қатар, адамзаттың ақыл-ойының дамуымен бірге жүруі қажет деп білемін». [20] Нағыз республикашыл Джефферсонның монархияға теріс қатынасына ең алдымен ағылшын монархиясының талқыға түсуі және 1780 жылдары Франциядағы және басқа елдердегі, әсіресе оның өмірінің европалық кезеңдеріндегі, монархияны бақылаудың жеке тәжірибесі ықпал етті. Монархты тәрбиелеу жағдайы, оның пікірінше, әлсіз де ынжық, тояттағы әрі өзімшіл тіршілік иесінің пайда болуына жағдай туғызады.
18 Графский В. Г. Период борьбы за независимость и вырабытки конституции // История политических и прававых учений. ХVІІ-ХVІІІ вв.М., 1989. 259-256 беттер.19/20/Сонда.
ХVІІІ-ғасырдағы Еуропаның көптеген мұрагер монархтарына сайлау науқанына қатысу мүмкіндігі туса, онда олар Американың ең кішкентай қаласының өкілді органдарының бәсекесіне шыдай алмас еді, — деп жазды Джефферсон. Еуропалық монархия оған тарихтың кешегі күні болып көрінді.
Республика тіршілік ете алатын аумақтың көлеміне қатысты мәселеде еуропалық ойшылдарға қарағанда американдық теоретиктер – А. Гамильтон, Дж. Мэдисон, Т. Джеферсон және тағы басқалары республика ірі мемлекетте де тіршілік ете алады деп ұйғарды. Джефферсон, мысалы, республика – аумағы бойынша шағын мемлекеттерге тән басқару нысаны, ал монархия, деспотия – керісінше – ірі елдерге тән деп санайтын Монтескьемен айтысқа түсті. «… Монтескьенің принципіне қарамастан, — деді ол АҚШ-тың мысалы туралы айтқанда, — ол неғұрлым үлкен болса, оның республикалық құрылысы, егер ол басқыншылыққа емес, шарт, келісім және теңдік принциптеріне сүйенетін болса, солғұрлым мықтырақ болатынына бәрінің көзі жететің болады». [21] Мемлекеттің келісім-шартқа құрылған табиғаты және оны іске асыру, Джефферсонның айтуы бойынша, мемлекетті жаңарта түседі, ол жайындағы немқұрайлы түсініктен бас тартуды талап етеді. Ол үкімет пен күш саясатын емес, үкімет пен парасат саясатының тұжырымдамасын жақтап шығуға бейім еді. [22]
Бұдан басқа АҚШ-тың негізін салушы өкілдерінің ойынша ХVІІІ және ХІХ – ғасырдағы республикалық мемлекеттің көлемі қажет болған жағдайда елдің жоғарғы заң шығару органын кезек күтірмейтін мәселелерді шешу үшін қолайлы мерзімде жинап алатындай болуы керек. АҚШ, өздерінің сенімі бойынша, өзінің көлемі бойынша бұл критерийге сай келеді. Томас Джефферсонның призиденттік кезеңінде 1803 жылы Наполеон Франциясының Луизиянаны сатып алғаннан кейін (бір миллионға жуық шаршы миль, 60 млн франк немесе мөлшермен 15 млн долларға түскен) АҚШ өзінің аумағын екі еседей ұлғайтып, жер планетасында Рессейден кейінгі екінші орынды алды. Бұл мәміле, сірә, жылжымайтын мүлік мәмілесінің тарихындағы ең тиімдісі болған шығар. Джефферсон Луизиянаны сатып алуды іске асыру барысында конституцияда көрсетілген Призиденттік өкілдіктен формальды түрде ауытқыды. Алайда ол бұл жағдайда Конституцияның әрпіне емес, рухына, азаматтардың кең қолдауына сүйенеді.
Президент болып тұрғанда, ол мемлекеттік қарызды 80 млн. доллардан 27,5 млн. долларға дейін, сондай-ақ мемлекеттік шығындарды қысқарту жөнінде батыл шаралар қабылдады. Ол армияның санын 4 мыңнан 2500 адамға дейін қысқартуға қол жеткізді. Консулдармен және өкілдіктермен амалдай тұруға болатын жерлерде АҚШ-тың елшілерінің санын қысқартты, [23] азаматтардан алынатын салықты күрт азайтты, азаматтардың алынатын салықты күрт азайтты, демократиялық пен өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған шараларды белсенді түрде қолдады.
21 Графский В. Г. Период борьбы за независимость и вырабытки конституции // История политических и прававых учений. ХVІІ-ХVІІІ вв.М., 1989. 256-269 беттер.22/23Сонда.
Ол – билікті бөлу жағында болды. Алайда концервативті федералистер жетекшілерінен (А. Гамильтон, Дж. Адамс және басқаларынан) артықшылығы, оны орта және ірі жеке меншік иелерін биліктің тепе – теңдік пен тежемелік жүйесінің көмегі мен кедей отандастарының көпшілігінен қорғау, екі палаталы парламентті бекіту, кедейлер үшін жоғарғы палатаның жабық болуы қажет деушілерді және т.б. қорғау мәселесі емес, биліктің барлық тармақтарының халықпен байланысы принципі мәселесі қызықтырды. Сонымен қатар ол былай деп атап көрсетті, егер көпшілікке зорлық-зомбылық жасалмай, азшылық халықтың еркі құрметтелетін, азшылыққа жататын, соның ішінде байлардаң, басқаша ойлайтындардың және тағы басқа да тең құқылығы танынатын болсы, көпшіліктің еркіне бағынатын республикалық табиғи принцип ақылға сыйымды болып қала берді. Ол сондай-ақ Республика үшін оның уақытында ең басты қауіп билікте орын алуы мүмкін озбырлық атқарушы биліктен емес, заң шығарушы биліктен шығады деген федералистерменде келісті. «Заң шығарушылардың зорлық-зомбылығы деп жазды ол, уақытқа және алдағы болашақ жылдарға да нағыз мықты қауіп. Өз кезегінде атқарушы билікте қауіпті жағдай тудырады, бірақ ол — әлі алда болатын іс» [24] – деді.
Баспасөз бостандығы демократияның маңызды бөлігі деп танылды, ол тіпті оған мүмкін болатын асыра пайдалануға қатысты түзету еңгізуіне, баспасөзді қудалау мен сөз бостандығын шектеудің нәтижесі ретіндегі жалған бірауыздылыққа қарамастан, Джефферсонның пікірінше, демократияның баянды болуына көбірек жәрдемдеседі. Джефферсон ант берген соттың және осы демократиялық институттың неғұрлым кеңінен қолданылуының табанды жақтаушысы болды. Ант берген сот – деп жазды ол, бұл жеке құқықты, жекеменшікті және кез-келген адамның кіршіксіздігін қорғайтын ең жақсы қорғаушы. [25]
Джефферсонды бүгінгі күнге дейін, кейбіреулер, соның ішінде қайсы бір американдық судьялар да бар, сот билігінің тәуелсіздігін шектеуге ұмтылғаны үшін кінәлайды. Ол респуликалық басқару нысанына тағайындап қоятын емес, судьялардың импичментке шынайы мүмкіндігі бар, халық кәсіби сот сәйкес келеді деп жорамалдады. Джефферсон американың соттарында демократизмнің жетіспейтіндігін сынға алды, ол жалпы көпшілік үшін неғұрлым ашық болу керек, соттардың қызмет ету мерзімі оларды бақылаусыз, бетімен жібермеу үшін оларды ас үлкен болмауы керек деп санады. Оның пікірі бойынша, сот билігінің жүйелі демократиялық констукциясы, жекелеген кемшіліктеріне қарамастан, тұтастай алғанда азаматтардың энергиясы мен бастамасын, халықтыцң еркі мен мүддесін барынша игере отырып, неғұрлым болып шығады. Ол Президент болып тұрған кездің өзінде, сот жүйесінің ұйымдастырылу принципіне және судьялардың тұрақты құрамына елеулі ықпал ете алмады. АҚШ-тың Жоғарғы Соты, оның төрағасы, федералистік судьялар сот тәуелсіздігін қорғайтын алын,бас қамал болып шықты.
24 Подовер С. Джефферсон, третий президент США. Кітабынан цитата.Көрс. шығ. 275-бет. 25Сонда.
Джефферсон Президент болып тұрғанда »әкімшіліктің атағы мен беделі саясатқа қандай тәуелді болса, оның қызметкеріне одан бір де кемдігі жоқ тәуелді» – деп санап, лауазымды тұлғаларды іріктеуде және орнынан түсіруде өте талғампаз әрі сақ болды. Өзінің Президентік екі мерзімінде, Президент тағайындайтын 433 шенеуніктің бар болғаны 109-ын ғана ауыстырды, оның өзінде де федералистік және республикашылдар партияларының Конгрестегі үлес салмағын ескере отырып жасады.
Джефферсон екі рет 1801 және 1805 жылдары АҚШ Президенті лауазымына клгенде инаугурациялық сөзін сөйледі. Жаңа Президенттің сөзі демократиялық саяси-құқықтық көзқарасты білдірді және оның үкіметінің сайлау алдындағы уәделерін жүзеге асыру жөніндегі іс-әрекеттер бағдарламасы болды. Екінші инаугурациялық кезіндегі сөзі теңдік, бостандық, өзін-өзі басқаруды дамыту және мемлекеттік шығындарды қысқарту, сол арқылы халықтан алынатын салықты азайту идеясын жүзеге асыру туралы есебі ретінде тартымды болды. Төменде беріліп отырған инаугурация кезіндегі сөздері іс басындағы саясаткерлерге де және саяси, құқықтық ой-пікірлер тарихын оқып, зерттеушілерге де өте қызғылықты болмақ.
Адамның бағыт-бағдары мен көзқарасы туралы оның тарихи тұлғаларға баға беруі, тұтас алғанда жалпыға белгілі позициясы көп нәрсені аңғартады. Джефферсон Наполеонның Франция халқын азат ету жолындағы әрекеттердің бірін тұңшықтырғандығын, Европа халқына соғыс арқылы көптеген қайғы-қасірет әкелгендігін мойындап отырып, оған сын көзімен қарады.
Робеспьердің және басқа якобиншілердің «қатігездігі мен жауыздығы» дүниежүзілік қоғамдық пікірде революцияның беделін түсірді деп санап, және Америка француз революционерлерінің қайғылы қателерін қайталамайды деп үміттене отырып, ол Ұлы француз революциясы кезеніңдегі якобиндік террорға да теріс көзқараста болды. Сөйтсе де Джефферсон үшін революция, халық көтерілістері – қоғамдық өмірдің жаңа нысандарына табиғи жолмен түбірлі ауысу, қоғамды «биліктің сұрқиялық шектен тыс пайдалануынан» тазарту. Ол «Тәуелсіздік деклорациясында» былай деп жазды, егер мемлекеттік құрылыс адамның табиғи құқына сәйкес келмесе, оны бұзса, басқарушылардың келісіміне еңгізілмеген болса, онда «халық оны өзгертуге немесе жоюға және жаңа құрылысты орнатуға құқылы. Ол негізінен халықтың қауіпсіздігі мен берекесін ең жақсы түрде қамтамасыз етіп, ұйымдастыра алатын принципке құрылады». [26]
1823 жылы экс-президент Джефферсон, Президент Джеймс Монроның сыртқы саясат доктринасының қалыптасуына шын мәніңде қатысты. Монро өзінің әріптесіне АҚШ-тың Англияға және басқа да европа елдеріне саясаты қандай болмақ деген кеңес сұрады. Президент Монроға жазған хатында Джефферсон былай деп жазды: «…Біздің бірінші негізгі приципіміз, ешқашанда, европалық жанжалдарға араласпауымыз керек. Біздің екінші принципіміз мынаған саяды, Европаны біздің Атлант мұхиты жағындағы қандайда іс болмасын араласуға жібермеу қажет. [27]
1823 жылғы желтоқсанда Джеймс Монроның Конгреске жазбаша түрде жіберген жолдауында сыртқы саясаттың стратегиясы айтылды. Монро доктринасы деп аталған бұл принциптердің мәлімдеулерінде Америкңа мен Европа елінің бірінің ісіне бірі араласпауы, сондай-ақ АҚШ-тың Америкаға үстемдігін айқындайтын басқа да идеялар ресми түрде мәлімелді.
» Біздің еңбегіміз текке кеткен жоқ, — деп жазды Т. Джефферсон Дж. Адамсқа 1821 жылы. Қоғамдық пен еркіндік ісінің алға қарай батыл қадам басқанына қарап мен үмітсіз өлмеймін… 1776 жылғы 4-шілдеде жағылғкан алуан планетаның үлкен бөлігін қамтып отырғандығы сонша, оны қатал әкімшіліктің әлсіз демі сөндіре алмайды». [28]
Тағдырдың бұйрығы болар, Джефферсон «Тәуелсіздік деклорацияссясының» 50 жылдық мерекесі күніне дейін өмір сүрді.
26В. О. Печатновтың Гамильтон и Джефферсон к»табы бойынша цитаталар. 330-бет.
27Сонда.28 15Соргин В.В. Основатели США: исторические портреты. М., 1983.
Томас Джефферсон
Тәуелсіздік декларациясы
1776 жылғы 4-шілдеде
Американың барлық он үш Құрама
штаттары бір ауыздан қабылдаған.
Адамзат тарихының барысында бір халықтың өзін екінші халықпен байланыстыратын саяси байланыстарын үзу қажет болған кезде, табиғаттың және оның Жаратушысының заңына сәйкес әлем державаларының арасында дербес әрі әуелсіз жағдайға ие болуға құқығы болса, онда адамзат баласының пікіріне деген құрмет оның бөлініп шығуға түрткі болған себептерін баяндауды міндеттейді.
Бізге белгілі айқын шындық деп санайтынымыз: барлық адамдар тең жаратылған және Жаратушының үлесімен берілген өмір сүруге, бостандыққа және баққытты болуға ұмтылу құқығы жататын белгілі бір ажыратылмайтын құқық иесі; осы құқықтарын қамтамасыз ету үшін адамдар әділетті билік басқарушылардың келісіміне негізделетін үкімет құрады, егер қандай да бір мемлекеттік құрылыс осы құқықты бұзса, халық оны өзгертуге немесе оны таратып, жаңа құрылысты орнатуға құқылы. Ол негізінен халықтың қауіпсіздігі мен берекесін ең жақсы түрде қамтамасыз етіп, ұйымдастыра алатын принципке құрылады. Әрине, ақылға салып зерделеу, басқарудың бұрынан қалыптасқан нысаны маңызы шамалы әрі өтпелі өтпелі себептердің салдарынан ауыспауын талап етеді, өйткені өткен кезеңдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, өмірдегі үйреншікті нысанын жойып, өзінің құқығын пайдаланудан гөрі адамдар шыдауға болатын болса, зұлымдыққа шыдауға бейім. Зорлық-зомбылық пен қиянатқа созылып кеткен, бірін-бірі өзгеріссіз қудалаған бір қалыптағы мақсат, халықты мүлдем қаталдықтаұстауға талпынады. Мұндай кезде халықтың құқығы мен борышы, ондай үкіметті құлатып, өзінің келешегін қауіпсіз ететін жаңа кепілдікті орнатуға қол жеткізу. Бұл отар елдер әр түрлі қыспақты ұзақ әрі шыдамдылықпен көтерді, тек қажеттілік қана олардың бұрынғы мемлекеттік құрылыстың нысанын өзгертуге мәжбүрлеп отыр. Қазіргі патшалықты құрып отырған Ұлыбритания королінің басқару тарихы – бұл тоқтаусыз зорлық-зомбылық пен қиянат етушіліктің тарихы олардың мақсаты штаттарда абсолютті шексіз әкімшілік құру болып табылады. Осының дәлелі ретінде бүкіл әлемнің талқысына мына фактілерді ұсынамыз:
Король қоғамның игілігі үшін нағыз қажетті, пайдалы заңды бекітуден бас тартып отыр. Ол өзінің губернаторларына, кідіртуге болмайтын маңыздлы заңдарды, егер олардың күшіне енуі корольдің бекітуіне дейін кейінге қалдырмаса ғана, жүргізуге тыйым салды, ал бұл заңдардың қолданысқа енгізілуі осындай жолмен тоқтатылған кезде, оларды ешқандай назарсыз қалдырды. Ол көпшілік халық қоныстанған аудандардың мүддесіне сай келетін, басқа заңдарды қабылдауға рұхсат етпеді, онда да олардың тұрғындары заң шығарушы жиналыстың өкілдігінде өздерінің құқығынан, олар үшін баға жеткісіз, тек тирандар үшін қауіпті құқықтан бас тартуға келіспесе ғана. Ол заң шығарушы жиналыстың сессиясын әдеттен тыс қолайсын және архивтер орналасқан жерден аулақта шықырады, мұндағы мақсат – заңшығарушыларды қажытып, осылайша оларды өз еркіне бағындыру. Ол заң шығарушы палаталарды халықтың тиесілі құқығын бұзуға жасаған әрекетіне ерлікпен қарсы тұрғаны үшін бірнеше рет таратып жіберді. Ол таратылған палатаға ұзақ уақыт бойы жаңа сайлауды тағайындамай қарсылық білдіреді. Соның салдарынан, өздерін құртып жібере алмайтын, заң шығарушы билік бұхара халық арасына оралып отырды. Ал осы уақыттарда ел сыртқы басып кіру қаупіне, ішкі толқу мен күйзеліске тап болды. Ол осы мақсат үшін шетелдіктерді қол астына алу туралы қолданыстағы заңдардың қолданылуына кедергі жасай отырып, иммиграцияны ынталандыруға арналған жаңа заңдарды бекітуден бас тарту және жер үлестерін алуды қиындату арқылы осы штаттардың орналасуына кедергі келтіріп, соттарды құру туралы заңдарды бекітуден бас тартты. Ол қызмет ету мерзімі жағынан болсын, айлық ақшалар жағынан болсын, судьяларды өзіне тәуелді етіп қойып, оларды өзінің еркіне бағындырды. Ол көптеген жаңа лауазымдарды тағайындап, халықты ығыстырып, қайыршылыққа ұшырату үшін сансыз шенеуліктердің тобын бізге жіберді. Ол біздегі заң шығарушы жиналыстын келісімінсіз бейбіт уақытта тұрақты армияны ұстады. Ол әскери билікті тәуелсіз етіп, оны азаматтық биліктен жоғары қоюға тырысты. Ол біздің занымыз мойындамайтын және біздің конституцияға жат билікке бағынышты болу үшін басқалармен бірікті; ол заңсыз биліктің мынадай екі жүзді мақсаты бар актісін бекітті: біздің армиямызға ірі әскери бөлімдерді орналастыру; біздің штаттың тұрғындарын өлтіргені үшін соттың теріс әрекетінің көмегімен әскерилерді жазадан қорғау; жер шарының басқа бөліктерімен біздің сауда-саттығымызды тоқтату; біздің келісімізді алмастан салық салу; көптеген жағдайларға біздерді ант берген сот құқығынан айыру; біздерді мұхит асырып жіберіп, жалған қылмыстар үшін сол жақта сотқа тарту; көрші провинциялардағы ағылшын заңдарының еркін жүйесін жою, ондағы құрылыстың негізгі зорлық-зомбылыққа құрып,оның шеңберін ұлғайтуға соншалықты, ол біздің отарларымызға дейін бір уақытта тарап, қызмет ете, шексіз билік орнату; бізге қатысы бар аса маңызы бар заңдарды бұзып, біздің басқару жүйемізді түбінен өзгерту, біздің заң шығарушы жиналысымызды таратып, біздің орнымызға өздеріне қажетті деген барлық мүмкіндіктердегі заңдарды шығару құқығына ие болу. Король басқарудан бас тартып, енді қорғамайтын болды және бізге қарсы соғыс бастады. Ол біздің теңіздерімізге қарақшылық жасауда, жағалауларымызды ойрандауда, қалаларымызды өртеуде, отандастарымызды өлтіруде. Ол енді бұған дейін дәл осындай қатігездікпен және опасыздықпен басталған құрту, жою ісін аяқтау үшін шетелдік жалдамалылардың тұтас бір армиясын жіберді, бұл ең бір тығылық уақыттың өзінде болып көрмеген және өркениетті ұлттың басшысына мүлде лайықсыз әрекеттер еді. Ол ашық теңізге шыққан біздің азаматтарымызды тұтқынға түсіріп, оларды өзінің отанына қарсы қару көтеруге, не өзінің достары мен бауырларына жендеттік жасауға, немесе солардың қолынан өлуге мәжбурлеуде. Ол біздің арамызда ішкі толқулардың тууына, аяусыз соғыс жүргізіп отырған жасына, жынысына, хал-жағдайына қарамай көзіне көрінгенді шетінен құртып жүрген жабайы үндістерді шекра бойындағы тұрғындарға қарсы қарсы көтеруге шақырып, әрекет етуде.
Барлық көрсетілген осындай қысымға қарамастан, біз одан өзіміздің құқығымыздың қалпына келтірілуін сұрадық. Біздің қайыра жіберген өтінішімізге, қайтарылған жалғыз жауап, әділетсіздіктің жаңа бір түрі болды. Бойында рақымсыз, қатал билеушінің қасиеті көрініп тұрған патша еркін халықтың билеушісі бола алмайды. Біздер, өзіміздің британдық бауырларымызды да назардан тыс қалдырған жоқпыз. Біз олардың заң шығару палаталарының бізді өздерінің юрисдикциясына заңға қайшы түрде бағындырғысы келген әрекетіне ауық-ауық жзол көрсетіп отырдық. Біз оларға бұл жерге қандай жағдайда, қалай келгеніміз бен қоныстанғанымызды ескертіп отырдық. Біз олардағы тумысынан бар әділеттілік пен қайырымдылыққа жалбарынып, олардың бізбен қандас болғандығы үшін жалбарындық та бізге көрсетіліп келе жатқан әділетсіздік арамыздағы байланысты қайтсе де үзіп, тоқтататындығын кінәладық. Бірақ әділеттіліктің үні мен қандас туысқандыққа қарамастан, мұны еститін құлақ болмады. Сондықтан, біз олардан бөлінудің қажеттілігімен келісе отырып, бұдан былай оларға басқа халықтарға қарағанымыздай, соғыс бола қалған кезде жауымыз, бейбітшілік кезінде досымыз деп есептейміз дедік.
Сондықтан, біздер, Бас Конгреске жиналған Америка Құрама Штатының өкілдері, біздің шың ниетімізге куәгер ретінде Жаратушына шақыра отыра, біздің қайырымды отар халқымыздың өкіметі атынан барша жұртқа естірте, салтанатты түрде жариялайтынымыз, біздің құрама отарымыз бүгіннен бастап, заң бойынша еркін және тәуелсіз штаттар болу керек, Британ тағына адалдықтан толығымен азат етіледі және олардың Ұлыбритания мемлекетімен саяси байланысының барлығы толығымен үзіледі. Еркін және тәуелсіз Штаттар ретінде олар соғыс ашуға, бітім жасауға, одаққа кіруге, сауда және басқа актілерді,бастамаларды тәуелсіз мемлекетқұқығында көрсетілгендей жүргізуге өкілетті.
Осы Деклорацияны растау үшін қорғаушы Құдайдың құдіретті күшіне нақты сене отырып, біздер өзіміздің әл-ауқатымызды құрбан етуге, әрі абыройымызды ардақтап таза сақтауға серт береміз.
3. Джеймс Мэдисонның консерваторлық және
либералистік саяси көзқарасы.
Джеймс Мэдисон (1751 – 1836) Филодельфия конвентіне қатысушы, «Федералист» авторларының бірі, «американ конституциясының әкесі» деген құрметті титулдың иегері. Ол АҚШ жағдайындағы республикалық басқару идеясын дайындауға, билік тармақтарының тепе-тең ажыратылу теориясына, фракция концепциясына және тағы басқа қамақты үлес қосты. Оның жүйелі түрдегі философиялық, саяси және заңгерлік тәсілі ерекшклігінің арқасында «Федералист» жинағы жалпы ауқымды комментарийден мемлекеттік биліктің фундаментальды принциптерін шебер талдаған зерттеуге айналды. Ал кейінірек Америка Құрама Штаттарының Жоғарғы соты үшін конституциялық құқықтың қайнар «Федералист» көзі және американдық конституциялық құқықтың тәжірибелерін зерттеушілердің барлығының сілтеме жасайтын негізгі кітабы боп табылды.
Медисонның шығармашылығында ғасырдың көптеген идеялық дәстүрлері қиюласып келеді: қоғамдық шарт және табиғи құқық дәстүрлері, өкіметтік билік салаларын конституциялық реттеу және адам құқықтары туралы заң жобаларына философиялық коментарийлер беру, сондай-ақ шотландық философ – эмпириктердің, ағылшын вигаларының мұрасына ой толғау және ертедегі республикалардың тәжірибесін қайта пайымдау. Өмірінің соныңда ол өзінің федералистік позициясының кейбір тұстарын қайта қарастырып демократиялық республикашылдармен қайта жақындасады.
Республикалық басқаруды сипаттауда Мэдисон мемлекет пен қоғамдағы әлеуметтік әртектілікке үлкен мән береді. Оның пікірінше, бұл әрекетілік ең алдымен экономикалық мүддеге негізделіп, қақтығыстарға әкеледі. Руссомен салыстырғанда Мэдисон республика көлемінің шағынды азамат соғысы күйреуге әкеліп соғады деп есептеді.
Кезінде Аристотель атап көрсеткендей »орта тап» азаматтарының саны басым үлкен мемлекеттер тұрақты және ұзақ өмір сүреді, өйткені бұл басқарудың шектеулі формасын талап етеді. Мұндай жағдайда азаматтардың саяси және құқықтық қарым-қатнастары бай және кедей азаматтардың факцияларына тәуелді бола бермейді.
Факциялар туралы Фукидид, Макиавелли, Юм, Адамс және өзге де саясат әлемінің беделді зерттеушілері жазған еді. Мэдисон осы дәстүрді жалғастырып, факция ұғымын түсіндіруде бірқатар жаңашылдықтар енгізді. Оның № 10 «Федералисте» келтірілген анықтамасы бойынша «факция» қоғамның біріккен мүддесіне және өзге азаматтардың құқықтарына қайшы келетін белгілі бір ортақ пікірге немесе мүддеге біріккен азаматтардың тобы деген ұғымды білдіреді.
Мұндай топтардың зиянының салдары екі тәсілмен түзеуге болады. Оның біріншісі – факцияның пайда болуына әкеліп соқтыратын себептерді жою, екіншісі – оның өмірде болуының салдарын реттеу. Факциялықтың себептері адамның жаратылысында жасырылғандықтан, оның себебін жою мүмкін емес, тек бақылауға алу арқылы факция пайда болуының салдарларын жұмсартуға ғана болады. Жергілікті ой-өрістегі факциялық пиғылдағы адамдар интрига, сатып алу және тағы басқа жолмен республиканың өкілдік жүйесінде дауысқа ие болып, онан кейін халық мүддесінсатып кету мүмкін. Аз көлемді қоғамдардағы факциялық айырмашылықтың екі түрі ғана болуы мүмкін – көпшілік және азшылық, ал үлкен республикаларда қоғам факциялардың алуан түріне бөлінген тұтас ұлтты құрайды.
Фракцияның қалыптасуына адамдардың дінге немесе билік жүесіне деген, теориялық немесе пактикалық сипаттағы көптеген сұрақтарға деген көзқарасы ықпалын тигізеді. Фракциялық ай»ырмашылықтын себебі қоғамдық қалпы мен тағдыры қызығушылық тудыратын әртүрлі саяси жетекшілер мен жеке тұлғаларды жақтаудан да туындауы мүмкін. Алайда фракция пайда болуының ең кең таралған және тұрақты себебі меншіктің әркелкі бөлінуі болып табылады. Басқару билігінің құрылымы үемі меншік иелері мен билікке қауіп төндіретін факциялардың пайда болуына жол бермеуді ескере отырып ұйымдасты.
«Факция» сөзі кейде «әділетсіз коалиция», ал көбінесе «фракция» термині партияның, таптың, әлеуметтік топтың, ұйымның бөлінген оқшау бөлігін білдіреді. Мэдисонда факция онымен салыстырғанда көпқырлы және өзінің негізгі көріністері мен сипаттамаларында айқын анықталы қоймады. Ол көбіне және тіпті эмоцияналдық талар-тілектері мен қасиеттері бойынша біріктірілді.
4. Фридрих Август фон Хайектің саяси көзқарасы мен
идеясы.
Неоконцерватизм идеологиясын австриялық экономист Фридрих Август фон Хайек (1899 – 1992) өзінің «Құлдыққа апаратын жол», «Кркіндік конституциясы» еңбектерінде, «Құқық, заң шығарушылық және еркіндік» трилогиясында негізделді. Он,ың әлеуметтік философиялық доктринасы эконономикалық концепциясымен қатар, қазіргі қоғамды ұйымдастыру, мәдени даму, ғылыми таным методологияларыц мәселелерін де қамтиды.
Хайек өз ілімінде нарықты маемлекеттік реттеудің кез-келген формасын сынай отырып, Кейнстің теориясына да, социализм ілімінде де қарсы шығады. Жалпы игілік үшін меншікті әлеуметтендіру, оның пікіпінше, индивидуалдықеркіндік басып шешіп, тотолитарлық режимді орнатады. Қазіргі плюралистік қоғамға құқық үстемдік ететің мемлекет қана сәйкес келеді. Құқықтық мемлнкет жеке құқықтың жалпы құқықтан, тіпті конституциядан да үстемдігін білдіреді, өйткені «жеке меншік еркіндіктің басты кепілі болып табылады «. Хайектің шығармалары 50 – 60 жылдары Америка Құрама Штаттарында, Англияда және өзге елдерде билік басына келген «концерваторлар оның идеяларын экономикада, мемлекеттік сектордың үлесін азайту бағдарламаларында, сондай-ақ антикоммунистік насихатқа көп қолданды.
ІІІ. Қорытынды.
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында және ХІХ ғасырдың екінші жартысын қамтитын Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында қоғамдық – саяси құрылым және құқық мәселелері бойынша идеялық пікір таластардың өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталатын аңғардық. Көптеген публицистер (Д.Адамс, Т. Джефферсон, А. Гамильтон және тағыда басқалары) өздерінің саяси памфлеттерінде барлық отар иеліктеріндегі қоныстанушылар заң шығарушы жиналыста өз өкілдерінің болуы керектігін, өзін-өзі басқару принципін ұстану қажеттігін айтып, отаршылардың саяси талаптарын табиғи-құқықтық негізбен байланыстырды. Азаматтардың табиғи құқығы мен бостандығы туралы бұл ой тек публицистикада (көсемсөзде) ғана емес саяси және конституциялық құжаттарда да мойындалды: Виргиния штаты құқықтарының Деклорациясы (Дж. Мейсон және Дж. Мэдисон, 12 маусым 1776 жыл) және Тәуелсіздік Деклорациясы (Т. Джефферсон, Б. Франклин, Дж. Адамс, 4 шілде 1776 жыл). Тәуелсіздік Деклорациясын 13 штат бірауыздан қабылдады. Табиғи құқық теориясының идеяларын талдау барысында халықтың саяси таңдауы мен дербес өмір сүру құқығының және халық егеменділігінің конституциялық принциптері жарияланды. Теориялық жаңашылдықтың тағы бір маңызды нәтижесі биліктің бөлінісі принципін нақтылау болды. Тәуелсіздік үшін күрес тұсында (1775-1783) штаттардың Конфедерациясы құрылғанның білдік.
ХVІІІ мен ХІХ ғасырларда қоғамдық өмірдің демократиялануымен әлеуметтік – саяси теориялардың да мазмұны өзгерді. Саясат ұғымы да жаңа маңызға ие, болды: егер бұрын ол мемлекеттік билік қызметінің саласын ғана қамтыса, енді ол қоғамдық қатнастардың кең ауқымын білдірді. Неолиберализм идиологиясына қарсы шығып, еркін кәсіпкерлікті жақтаған қазіргі концерваторлар (Ф. Фон Хайек, И. Кристол, М. Фридман) болды. Бұл бағыттың әлеуметтік негізін финанс олигархиясы, истеблишмент, ауқатты фермерлер және шығармашыл интеллигенцияның бір бөлігі құрайды.
ХІХ ғасырда концерватизм идиологиясымен қатар демократиялық социализм идеялары да өмір сүрді. Бұл ілімнің идеялақ қайнар көзі Э. Бернштейннің, К. Каутскийдің саяси көзқарастарында жатқанымен, оның бастыц теогриялық қағидалары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Г. Ласкидің (Англияда лейбористер партиясы атқару камитетінің мүшесі) «Біздің замандағы революция туралы ойлар», Л. Блюмнің (Франциядағы социалистік партияның мүшесі «Адамзат ауқымында», К. Ренердің (Австралиядағы социал-демократилық партияның төрағасы) «Жаңа әлем және социализм» еңбектерінде негізделді. Осы соңғы елу жылда капитализм өзінің өміршеңдігімен көзге түсіп қана қоймай, қоғамдық дамудың қажеттіліктерін өтеу қабілетінің социализмнен жоғары екендігін де дәлелдеді. Демократиялық социализм теориясының ықпалының бәсендеуі, ондағы негізгі басымдылықтың социализмнен демокркатияға ауысуы осымен байланысты. Алайда бұл әлеуметтік әділеттілік идеалдары қоғам дамуына ықпал етуін тоқтатты деген сөз емес.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Джефферсон. Т.
Автобиография. Заметки о штате Виргиния.
Л., 1990. 21- 22беттер
2. Севостянов Г.Н.,
Уткин А.И.
Т. Джефферсон. М., 1976ж.
3. Деев Н. Н.
Т. Джефферсон // Политические учения: история и современность.
М., 1976. 385-399 беттер.
4. Соргин В.В.
Основатели США.
М., 1983ж.
5. Графский В. Г.
История политических и прававых учений.
Учебник. М., «Проспект» 2005ж.
6. В. О. Печатновтың
Гамильтон и Джефферсон кітабы бойынша цитаталар. 330-бет.
М., 1996ж.
7. Соргин В.В.
Основатели США: исторические портреты.
М., 1983.
8. Н. А. Хорошилова
История политических и прававых учений.
Учебное пособия. М., «ЮНИТИ – ДАНА»
2002ж, 344б.
9. Антология философских мысли.
Европы и Америки.
5Томах. 3 Т.
10. Г. У. Шелдон
Политическая философия Т. Джефферсона.
М., 1996ж. 112б.
11. Американские просветители.
Избранные произведения. 2Т.
М., 1994ж. 118-122б.б.
12. Федералист
Политическое эссе Дж. Мэдисона.
М., 1993ж.
13. М. Мұхаммедов.
Б. Сатеришнов.
Б. Сырымбатұлы.
Саяси – құқықтық ілімдер тарихы.
Алматы, 2002ж. 150-160 б.
[1] Т. Джефферсон. Автобиография. Заметки о штате Виргиния. Л., 1990. 21-бет. 2 Сонда, 22-бет.
3 Т. Джефферсон. Автобиография. Заметки о штате Виргиния. Л., 1990. 22-бет. 4Сонда 25 бет.
5 Севостянов Г.Н., Уткин А.И. Т. Джефферсон. М., 1976ж. 7,8 Сонда