Табиғи ресурстарды тиіміді пайдалану


Скачать/Жүктеу

Тұрмысқа, тіршілікке қажетті өнімдерді алу үшін, жаратылыста кездесетін табиғи корларды, шикізаттарды өңдеп, олардан өр түрлі бұйымдар немесе азық-түлік өнімдері даярланады. Демек, адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін, зат айналым циклына қатыстырады.

Адамзат баласының табиғи қор көзінен шикізаттың бір немесе бірнеше түрін, өзінің өндеу, пайдалану барысының сатысында тасымалдауы, олардың өзгеріске ұшырауы — қордың айналымы (ресурсный цикл) деп аталады.

Табиғатга зат айналымы түйықталған тізбек бойымен іске асатыны белгілі. Ал, қордың айналымын немесе антропогенді айналымды, тұйықталган тізбек бойымен іске асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден буланған су қайтадан жауын-шашын түрінде қайта оралса, шахтада өндірілген көмір қайтадан көмір түрінде шахтадағы кенге келіп қосылмайды.

Қорлардаш шикізатты ендеу, тасымаддау барысында әр түрлі себептердін салдарынан олардың шығыны орын алады. Мысалы, тас көмірді жандыру нәтижесінде — күл және шлак қалады, өр түрлі газ күйіндегі тотықтар атмосферадағы ауа құрамына қосылады. Ал, тас көмірді химиялықөндеуден соң, одан — фенол, бензол, толуол, кокс жөне т.б. эр түрлі заттар алынған болар еді. Осы қорларды өндеу, тасымалдау барысында, адамзат мол энергия жүмсайды. Алынған өнімдерді пайдалану нәтижесінде, әр түрлі материал-бүйымдар дайындауда түзілетін қалдық заттармен қоршаған ортаны ластайды. Демек, коршаған ортаны ластаудың басты көзі — табиғи қорларды айналымға түсіргенде түзілетін қаддықтар мен зиянды затгар болып табылады.

Мысалы, көмірді, отынды жағу барысында түзілген көмір қышқыл газы, табиғаттағы газ құрамын және олардың күйін өзгертеді. Ал бүл, биосферада фотосинтезге қатысып, көмір қышқыл газын органикалық қосылыстарға айналдыратын көшеттер мен ағаш түрлерінін өзгеруіне, тіпті кейбірінің жойылуына әкеліп соқтырады. Табиғи қорлардан шикізат алу, оларды ендеу — бәрі де сол өзгеріс сатысындағы қиындықты мейлінше азайтуды, өнімділікті жоғарылатуды талап етеді. Ал оны, ғылым-техника саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді пайдаланбай жүзеге асыру мүмкін емес.

Инженерлік шешімдер қатарында, қоршаған орта экологиясын бұзбай, технологиялық жетістіктерді шикізат өндірісі мен өндеуде қолдану үшін,жалпыға бірдей міндетті түрде сақталатын қағидалар мен шаралар болуы тиіс жөне оларға төмендегілер жатады:

1. Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сактау. Жүйе — өзара бір-бірімен қарым-қатынаста, байланысты болатын, қоршаған орта құрамындағы белгілі заттар не дүниеліктер жиыны.

Биологиялык, жүйе — қоршаған ортамен не жүйе бөліктерімен қарым-қатынаста болып, белгілі бір қызмет атқаратын (биохимиялық, физиологиялық және т.б.) кұрылым (жасуша, организм және т.б.).

Қоршаған ортаны пайдалану барысында, жүйелер және биологиялык жүйелер әр түрлі өзгерістерге үшырайды. Міне, осы қарым-қатьшасты, қоршаган ортаға зиян келтірмейтіндей етіп жүргізу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет. Жан-жақты талдау — математика, информация ілімі, кибернетика және т.б. ғыльш салалары арқылы жүзеге асырылады. Ал, жүйелі түрде пайдалану — өнеркосіп өндіріс нәтижесінде туындайтын, қоршағаи ортадағы өзгерістер мен олардың салдарларын кадағалаумен қатар, аддағы уақытга мүмкін болатын өзгерістерді де алдын ала болжауды талап етеді. Мысалы, су қоймаларына фенол қалдықтарының қосылуы — сол су қоймасында тіршіліх ететін жәндіктерге зиянды әсер ететіні белгілі. Бүл мәселеге жүйелі түрде қарау — тек қана жәндіктерді ғана емес, осы су қоймасындағы суды пайдаланатын жүйелерді, сол ауданкөлемінде қарастыруды, жан-жануар, адамзат баласының психофизикалық күйіне әсерін, еңбек сапасы мен өнімділігіне тагізер ықпалын толық ескеруді қажетсінеді.

2. Биосфераны оптимизациялау. Өндіріс орындарының, соңғы кезде, ғылыммен техника саласындағы озық технологияны пайдалануы, зиянды қалдықтар мен қоршаған ортаны ластауды мүмкіндігінше азайтуға, оны табиғи қалпында сақтауға септігін тигізіп отыр. Табиғи қорларды пайдалануда, ғылыми жетістіктерді қолдану, өндіріс қарқынын жоғарылату — бәрі де биосфераның бүлінбеуін қадағалауды, адамзат тіршілігіне қауіп төндірмеуді талап етеді. Сондықтан, табиғи қорлардан шикізат өндіріп, оларды өндегенде, олардың  салдарын, қоршаған ортаға тигізер әсерін, тіршілік иелеріне зияндылық келтірмеуін ескере отырып, жұмыс жүргізу — биосфераны оптимизацилау деп аталады. Демек, оптимизация жасалынатын жүйелерді қадағалап, оларды басқаруды қажет етеді. Коршаған ортаны басқару дсп — бір жүйенің екінші бір жүйеге белгілі мақсатпен оның күйін, қалпын өзгертуге арналған әсері аталады.  Басқарудың мәнісі — қоршаған ортаны өзгертпей, сол қалпында сақтау ғана емес, оны жүйелі түрде белгілі мақсатта өзгертіп   дамыту болып табылады.

3. Табиғатты пайдалануды оптимизациялау. Өнеркәсіп салалары мен шаруашылықтың шикізат өнімдеріне, күңделікті және аддағы белгіленген уақыт бөлігінде қажеттілігін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшін мемлекеттік дәрежелі шешу жолдары — табиғи қорларды пайдалануды оптимизациялау болып саналады. Мұндай шешімдер алуан түрлі болып келеді.  Адамзат тіршілігіне қажеггі табиғи қорлар төмендегідей түрлерге топталады:

1.азык-түліктік;

2.энергетикалық;

3.шикізаттық;

4.экологиялық (өмір сүру ортасының сапалылығы).


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы