Скачать/Жүктеу
Табиғи ресурстар таусылмайды дейтін көрінер көзге аңғал ұғымның мәні қалмай барады. Су планетамызда айырықша орын алатын ресурс болып табылады. Жер шарында у мол болғанымен, ол жердің аудандары мен елді мекендері бойынша біркелкі емес. Су тек шөл бау үшін ғана керек емес. Ол өндіріс үшін де қажет. Қазіргі технологияның су сыйымдылығы өте жоғары: 1тн құрышты қорыту үшін 250 м куб у қажет, 1 тн қағаз өндірісіне 900 м куб су, 1 тн капронға 56000 м куб у кетеді екен. Егер жердің бір тұрғынына кететін барлық су шығынын есептесек, ол жылына 1 – 2 тн – дан да көп у тұтынады екен. Су – біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс. Табиғи реуртың бұл түрі мыналарға арналған:
- адамзаттың, хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің өмірлік қажеттіліктерін өтеуге;
- өндірістік – шаруашылық қажеттіліктеріне;
- гидротасымалдау және кемелермен жүкті тасуға;
- өзіндік ерекшелігі бар технологиялық процестерді қамтамасыз етуге.
Су биосфераның барлық қабаттарында болады, дәлірек айтқанда, ол тек су қоймаларында ғана кездеспейді, сонымен қатар, оны ауадан да, топырақтан және бүкіл тірі жан иелерінің бойынан да ұшырастырамыз. Шнитниковке жүгінсек біз бүгінгі таңда өте ылғалды континенталдық фазадан аса құрғақ континенталдық фазаға өту үстінде екенбіз. Бұл құрлықтағы судың 1 бөлігі теңізге ауыатынын білдіреді. Соңғы 80 жылдағы байқау көрсеткендей, теңіз деңгейі жыл айын 1 – 2 мм-ге көтеріледі, бұл құрғақтағы судың қорын жылына 430 км кубке кемітеді. Бұл көреткіш Каспий теңізіне құятын барлық өзендерге де қатысты. Су ұдайы қозғалыс үстінде болады, оның мөлшері мен сапасы уақыт және кеңістік ішінде өзгереді.
Су ресуртары ғасырлар бойы жинақталған қормен және жаңғыртылған ресурстармен сипатталады. Орташа жылдық ағыны бойынша, су ресурстарын бағалау судың пайдаланылуын жоспарлауда және сумен қамтамасыз етілудің деңгейне баға беруде кеңінен қолданылады. Елімізде су ресурстарын үнемдеу үшін, суарудың жаңа әдістерін қолданысқа енгізудің маңызы зор. Орташа есеппен алғанда планетаның 1 тұрғынына күніне 3 мың литр су кетеді екен, алайда жердегі 5 миллиардтың 1 миллиард тұрғыны күніне кем дегенде 2 – 3 литр тұщы суға қолы жетпей отыр екен. Елімізде у ресурстарының қорғалуы әрі ұтымды пайдаланылуы үшін өзен бассейндерін пайдалану процесінің жүйелі басқару тәсілі қолданылады. Аса ірі территорияларды жергілікті су ресурстарымен қамтамаыз ету міндетінде суды ластап, әрі таусып алмауды көздейтін, жер үсті және жер асты суларын бірлесіп реттеуді жүзеге асыратын шаралар кешенді түрде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының жер беті минералдық көздер сулар ретінде таралған климаттың ерекшк жағдайы өзен жүйесінің қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Онда өте сирек гидрогеоографиялық желі байқалады, шаруашылық үшін артезиан бассейндерінің сулары үлкен рөл атқарады. Ірі қалаларды сумен қамтамасыз ету жер асты сулары арқасында жүзеге асады. Қазақстанда минералдық судың қоры да аз емес, минералдық сулар құрамында көптеген химиялық элементтер бар, олар адамның десаулығы үшін қажеттіліктердің бірі. Санаторий мен курорттар танымал. Мысалы, Алма Арасан, Барлық Арасан, Қапал Арасан, Жаркий Арасан, Сарыағаш және т.б.
Барлығымызға белгілі біздің территорияны кесіп өтетін ірі өзендер, өздерінің бастарын көрші территориялардан алады. 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) Хельсинск конференциясында транс-шекаралық өзендер мен мемлекет аралық көлдердің реурстарын рационалды пайдалану және қорғау туралы Конвенция қабылданды. Соның ішінде Каспий мен Арал бар. Су пайдаланудың жыл сайын өсуі тұщы судың азайып, ластануына соқтырып отыр. Сондықтан гидротехникалық қондырғыларды салу немесе жоспарлау кезінде табиғи комплекстің территориялық ерекшелігін ескеру керек.