ЕСЕТ БАТЫР (1667 – 1749)


Скачать/Жүктеу

Есет Көкіұлы – қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі. Шыққан тегі – кіші жүз жетірудың ішіндегі тама руынан. Әбілқайыр хан Ресейге қосылу мәселесін көтергенде соның қасында болып, кіші жүз бен орта жүздің орыс патшасының қол астына өтуіне белсенді атсалысқан атақты кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы.

Есеттің әкесі Базарқұлұлы Көкі де заманында аты шыққан батыр болған. Жауға үнемі тайсалмай тура шабатындықтан «Таймас батыр» атанған. Тарихшылар Салқам Жәңгір хан Жоңғардың батыр қонтайшысының елу мыңдық әскеріне алты жүз жауынгермен қарсы тұрып шайқасып жатқанда жиырма мың әскермен көмекке келетін Жалаңтөс баһадүрдің әскерінің ішінде Көкі батырдың да болғандығын, сол шайқаста оның шеп бұзып, ерекше ерлік көрсеткендігін жазады.

Жауынгерлік заманда туып, күреспен есейіп, ер жеткен тұрғыластары сияқты Есет те ел қорғау жорығына ерте араласады. Жеке ерлігімен көзге түсіп, батыр атанады.

Тәуке ханның тұсындағы жеңісті шайқастардың бірінде  найзагерлігімен көзге түсіп, ерен ерлік көрсеткен Есетке риза болған Тәуке хан кейін шақырып алып: «Айбатың аса түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын» деп бата беріпті деген әңгіме де бар.

Есет батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін де ел болып бірігіп, жоңғарларға қарсы алғашқы алапат соққы берген – Бұланты шайқасына қатысып, езілген елдің еңсесін көтерген Ұлы жеңіске өз үлесін қосады. Ал Аңырақай шайқасында ол Кіші жүз құрамында соғысады.

Есет батырдың кейінгі өмірі Әбілқайыр ханның саясатымен тығыз байланысты болады.

Орыс патшасының қол астына өту кезінде Бөгенбай, Жәнібек сияқты ірі тарихи тұлғалармен бірге ханның басына төнген қауіп бұлтын сейілтуге көмектеседі. Ресеймен қатынасты жақсартудағы сіңірген еңбегі үшін патша үкіметі оған 1743 жылы «тархан» атағын береді.

Есет батыр сексен екі жасында өз атамекенінде дүниеден өтеді.

Л.Серғазы


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы