БӨГЕНБАЙ БАТЫР (1678 – 1775)


Скачать/Жүктеу

Бөгенбай батыр Ақшаұлы – Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі жолындағы күрескер, ХVІІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қол бастаған даңқты батыр, көрнекті мемлекет қайраткері, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – орта жүздің арғын тайпасының қанжығалы руы, есімдері елге танымал батырлар әулеті. Атасы Әлдеуік еңсегей бойлы Ер Есімнің, әкесі Ақша Әз-тәуке ханның даңқты қолбасылары болған.

Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан.

Жақын адамдардан әскер құрып, кейін елде «Қанжығалының қырық батыры» атанған. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болып, «Қанжығалы Бөгенбай» атанып, халықтың құрметіне бөленген.

Бөгенбай батырды халықтың ерекше ардақтап, ғасырлар бойы есімін аялап, есте сақтап келуі – оның ерлік, әскербасылық істеріне байланысты. Оның алғашқы ерлік жолы Еділден өтіп, қазақ ауылдарына шабуылдап, мазасын алған казак-орыстармен шайқастан басталады. Жиырма сегіз жасында отыз мың қолды бастап барып, казак-орыстарды дүркіретіп қуып, Еділден әрі асырып салады.

Осы кезден қазақ жері жоңғарлардан азат етілгенше Бөгенбай батыр аттан түспей, Қабанбай, Олжабай, Жәнібек, Малайсары секілді қазақтың атақты батырларымен бірігіп, ел тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға қатысады.

Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналды. 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында болған «Аңырақай шайқасында» Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы береді. Ұлы жеңістен кейін Ордабасы жерінде үш жүздің әскер жасақтарының үлкен жиыны өтіп, қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып Әбілқайыр мен Бөгенбай батыр сайланады. Олардың басшылығымен қалмақ әскерлеріне бірнеше рет соққы берілген.

1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, қалмақ әскерін асқан ерлікпен жеңеді. Бөгенбай батырдың соңғы үлкен жорықтарының бірі – Аягөз өзенінің бойында болған. Қазақ қолынан жеңілгенін мойындаған жоңғарлар келісімге келіп, бұдан әрі жауласпауға ант береді.

Бөгенбай батыр «Қанжығалы қарт Бөгенбай» атанып, 1775 жылы дүние салып, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерленеді.

Л.Серғазы


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы