ӘЗ ЖӘНІБЕК (ХV ғасыр)


Скачать/Жүктеу

Жәнібек Барақұлы – Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. Оның азан шақырып қойған есімі Әбусаид (кейбір деректерде Бусаит).

ХV ғасырдың 50 жылдарына дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ. Оның есімі үнемі Керей ханмен бірге аталып отырады.

1456 жылы Дешті Қыпшақта шайбани Әбілқайыр билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген оймен қазақ басшыларымен одақтас болды. Шайқастар мен соғыстардан шаршаған екі жүз мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты.

Әбілқайыр хан өлгеннен кейін хан тағы үшін болған өзара шайқастар Дешті Қыпшақта өрши түсті. Оған туған жерге оралмақшы болып жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласты. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері жағынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх Хайдар билік үшін күресте жеңілді. Бұдан кейін Дешті Қыпшақтағы билік Орыс ханның тұқымдары – Жәнібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті. Олар отыз жыл бойы шайбанилықтармен шайқасты.

Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгертпесе де, мемлекет атының Дешті Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарады. Билік үшін күресе келе, Жәнібек хан қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты.

ХV ғасырдың ортасында Жетісу өңіріндегі түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойындағы қазақтарды біріктіруде көп еңбек сіңірді.

Жалпы Жәнібектің аты өзінің жеке істерінен гөрі, батырлығы ел аузына тараған тоғыз көкжал ұлының ерліктерімен әйгілі.

Жәнібек ханның Дешті Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені, өмірінің соңғы жылдары мен қалай өлгені туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет 1473 жылы кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Халық аңыздары мен өлең жырларда Жәнібек ханды Әз Жәнібек атаған.

Л.Серғазы



Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы