АСАНҚАЙҒЫ (ХV ғасыр)


Скачать/Жүктеу

Асанқайғы – көріпкел философ, ақын, жырау. Шын есімі – Хасан. Еділ бойында дүниеге келген. 1445 жылы Алтын Орда ыдыраған кезде қазақ даласына қайта оралып, Қазақ хандығын құрған Жәнібек ханның ақылшысы болған.

Асанқайғының жыр-толғаулары мен нақыл сөздеріне қарағанда, Дешті Қыпшақтың Еділ, Жайық бойынан қазақ руларының ірге көтерулерін қолдамай, Керей мен Жәнібекке қарсылық білдіргені көрінеді. Асанқайғының «Жерұйық» іздеуі туралы айтылған аңыздарынан да халықтың бас құрып, ірге орнықтырып, ел болу  қамын ойлауда оған шешуші міндеттің жүктелгені байқалады.

Ел ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді көздеген Асанқайғы Ордадан бөлінген қазақ руларын Шу, Сарысу бойына, Ұлытау төріне қоныстандырып, халықтың жол бастаушы темірқазығындай  болып өтеді.

Көнекөз қариялардың шежірелерінде Асанқайғы Сарыарқада дүние салып, Ұлытау топырағына жерленеді. Ал Шоқан Уәлиханов: «Асан ата өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп, Ыстықкөлдің жағасында дүние салған» — деп жазады.

Асанқайғы халықтың қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге керемет күйші де болған. Көптеген күйлерінің тарихы әлі күнге дейін айтылып жүр. Алайда бүгінгі ұрпаққа «Ел айрылған», «Асанқайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» тәрізді санаулы күйлері ғана жеткен.

Л.Серғазы

 


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы