ҚАЗТУҒАН СҮЙІНІШҰЛЫ (ХV ғ.)


Скачать/Жүктеу

Лекция мақсаты: Қазтуған жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету.

Жоспар:

1.Қазтуған жырау Сүйінішұлы (ХV ғ.) шығармашылығының өзіндік сипаты.

2. Жыраудың шыққан ортасы, өмірінен мәлімет.

3. Жырау мұрасының басылуы, зерттелуі.

Қазтуған жырау шамамен ХV ғасырдың 20-30 жж. Еділ бойында, қазіргі Астрахань облысының Красный Яр қаласының маңында туған. Оны халық Қарға бойлы Қазтуған деп атап кеткен. Жыраудың дәл қай жылы туып, өлгені туралы деректер әзірге белгісіз. Шамамен 75 жасында қайтыс болған. Ол көшпенді шонжарлар әулетінен шыққан. Жаугершілік заманда қолбасы батыр, жорық жыршысы болған.

Қазтуған туралы алғашқы деректерді С.Сейфуллин жинақтаған. Жырау туып-өскен жері — Еділ, Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл өзендері бойын өз еркімен тастап кетпей, оны амалсыз қалдырып бара жатқанын жырларына арқау етеді.

ХІХ ғ. көрнекті ақыны Мұрат Мөңкеұлы Қазтуған туралы көп толғап, оның пікірлерін талмай уағыздап өткен.

Өзіне арнаған мадақ жырында («Бұдырайған екі шекелі…») жырау өзін ең күшті, ең құрметті заттарға балайды. Тарпаң тағыны ұстар ұзын құрық, ақ орданы сүйеп тұрған әшекейлі сырық, жас бураның тал шайнар өткір азуы, қыранның ең қуатты тырнағы. Осы жолдардан Қазтуғанның жорықшы, жауынгер жырау болғандығы көрінеді.

Қазтуған нәр алған әдебиет — көшпенділердің көне поэзиясы. Кет-Бұға, Сыпыра жыраулардың толғаулары.

Қазтуғанның нағыз ақындық қуатын танытатын шығарма – оның туған жермен қоштасу жыры. («Алаң да, алаң, алаң жұрт»). Еділ бойы — Қазтуғанның ата-бабасының ғұмыр кешкен, өзінің туып өскен жері. Сондықтан да Еділді қиып тастап кету мүмкін емес. Жырау қайғы айтып еш түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап, асқақ жыр шертеді. Ескі елдік, бөлінбес бірлік, қайтпас ерлік дәстүрлерін уағыздайды.

ҚР ҒА қолжазба қорында «Қазтуғанның қоныстан ауғанда айтқаны» деген бір толғау бар. Бұдан Қазтуғанның Асан қайғының жер туралы пікірлерімен бағыттас екенін байқап, Асанның баласы Абат екеуінің көзқарасының бір екенін көруге болады. Толғау Асан, Абат, Қазтуған үшеуінің диалогы ретінде беріледі. Ол кезде Асан 120 жасаған қария. Ол ел бастауды екі батырға жүктеп, ақылшы ғана болып отырады.

Кейінгі ақындар, әсіресе Махамбет сияқты батыр ақын оған еліктеген, Қазтуған образдарынан тікелей үлгі алған, сөз саптаулары бірыңғай, әуендес. Себебі, бұлардың алдына қойған мақсаттары ұқсас. (портрет, теңеу, аллитерация қолданудағы ерекшеліктер).

Қазтуған эпостық жырлар да шығарған. Олардың көбі ел аузында сақталмаған. Бізге жеткен санаулы шығармаларының өзінен-ақ өршіл романтикалы жауынгер ақын болғаны байқалады.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Қазтуған жыраудың өзіне арналған мадақ жырын талда.

2. Еділмен қоштасу толғауын жатта.

3. Қазтуған жырларындағы Асан қайғы сарыны қалай көрініс тапқан?

4. Өлең-толғауларының көркемдік сипатын айқында.

5. Қазтуған шығармаларының кейінгі жырауларға әсері қандай?

Әдебиет:

1. Ай, заман-ай, заман-ай. А., 1991.

2. Бектуров Ж.  Художественно-композиционные особенности   поэзии жырау и акынов. (Автореферат дисс.) А., 1990.

3. Бес ғасыр жырлайды. (екі томдық). А., 1989.

4. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., 1973.

5. Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 1968;  Ғасырлар бедері. А., 1991; Қазақ тарихының әліппесі.  А., 1994.

6. Мәдібай Қ. Хандық дәуір әдебиеті.  А., 1996.

7. Сүйіншәлиев Х.  Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А.,1967 Қазақ әдебиетінің тарихы.  А., 1997.

8. М.Мағауин. Қазтуған жырау.-  «Лениншіл жас», 1965, 15 тамыз


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы