Атамды мақтан етемiн


Скачать/Жүктеу

Жеңiс бiзге оңайлықпен келген жоқ. Ел басына қиын-қыстау күн туғанда, азаматтар соғысқа  аттанды. Дәл сол саптың iшiнде менiң нағашы атам да болған. Атам Жолдас Жаңылысов Құрылыс ауылында 1924 жылы дүниеге келген. Әскер қатарына 18 жасында қабылданады. 1943 жылға дейiн жаяу әскер дайындайтын училищеде оқып, әскери ойын түрлерiн үйренедi. 95 дивизияның № 290 атқыштар полкiнде қол пулеметiнiң оқ атушысы болған. Атақты Курс түбiндегi шайқаста Белград, Смоленск қалаларын жаудан азат етуге қатысады. Ұлы жеңiстi Германияның астанасы Берлин қаласында қарсы алады.

Атам  елге жеңiспен оралған соң, Индер ауданы, Жамбыл ауылында қой бағып, мал шаруашылығымен айналысады. 1952-1964 жылдар аралығында трактор айдап, халыққа қызмет етедi. Зайыбы Жапырақ екеуi 10 бала тәрбиелеп өсiрген. Олардың барлығы өмiрден өз орындарын тапты. Атамның қайтыс болғанына да он жылға жуықтады. Жыл сайын Жеңiс күнiнде атамыздың айтқан өсиеттерiн, ақылдарын еске аламыз. Мен батыр атамды мақтан тұтамын.

 

Әсия Хайырқызы,

Бесiктi орта мектебiнiң оқушысы.

Бесiктi ауылы,

Атырау қаласы


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы