Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй

Скачать/Жүктеу

Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй — адамдар қауымының басым көпшілігін қамтитын психологиялық жағдай. Адамдар үшін субъективті сигналды реакция жайлылық пен жайсыздықты, әрі негізгі үш жағдайды білдіреді: біріншіден, жалпы өмірдің әлеуметтік-саяси жағдайларымен көңіл толушылық немесе көңіл толмаушылық деңгейін білдіреді; екіншіден, анықталған жағдайдагы адамдардың әлеуметтік-саяси талаптарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін субъективті бағалау; үшіншіден, талаптарын жүзеге асыру үшін жагдайларды өзгертуге ұмтылу.

Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй «саяси сана», «саяси мәдениет», «саяси мінез-құлық», «саяси жүйе» сияқты ұғымдарга қатысты субкатегория болып табылады. Бұқаралық көңіл-күй кеңестік қоғамтанудағы дәстүрлі «қоғамдық көңіл-күймен» сәйкес емес. Олар тек әлеуметтік-ережелік бөліктерден тұрмайды, оған басқа құрамдас бөліктер кіреді.

Бұқаралық көңіл-күй табиғаты екі фактор арасында айырмашылық туындаған жағдайда көрінеді: адамдар талаптары (белсенді емес түрде — күту) бір жағынан басым көпшілікке ортақ бұқаралық мұқтаждықтар мен мүдделермен, екінші жағынан өмірдің шынайы жағдайларымен байланысты. Уайымдау түріндегі реакция сан алуан түрде болуы мүмкін: жеккөруден қуануға дейін. Белсенді емес көңіл-күй түрлері: селқостық пен апатия.

Жалпы саясаттағы бұқаралық көңіл-күй әлеуметтік-саяси шындықты көптеген адамдардың, бұқараның мүдделері арқылы субъективті бағалау нәтижесі.

Еуропалық парламент:

Бұқаралық көңіл-күйдің пайда болу себептері

Бұқаралық көңіл-күйдің пайда болу себептерінің негізінде екі фактордың өзара әрекеті жатыр. Бір жағынан, объективті фактор, яғни іс-жүзіндегі шындық. Екінші жағынан, субъективті фактор, яғни адамдардың іс-жүзіндегі шындық туралы түсініктері. Қоғамда бұқаралық көңіл-күйді білдіру оның әлеуметтік-саяси құрылымының біртектілігімен байланысты. Жүйе жіктелген, плюралистік болған сайын онда өзіндік мүдделері мен талаптары бар әртүрлі топтар да көбейеді. Олардың әрқайсысының өз көңіл-күйі болады.

Бұқаралық көңіл-күй нақты бір топтар арасында пайда болып, жылдам тарау арқылы бұқараны өзінің субъектісі ретінде дайындайды. Бір жағдайда жиналған немесе жиналмаған топ болса, екінші бір жағдайда ол бұқаралық әлеуметтік-саяси қозғалысқа айналады. Кей жағдайда бүкіл қоғам немесе қоғамның басым бөлігі бұқаралық көңіл-күйдің субъектісіне айналады.

Ұлыбританиялық парламент:

Бұқаралық көңіл-күйдің негізгі қызметтері

Бұқаралық көңіл-күйдің негізгі қызметтері — саяси-психологиялық дайындық, адамдардың үлкен қауымдастығының әлеуметтік-саяси әрекетін қалыптастыру және себебін қамтамасыз ету. Бұқаралық көңіл-күй топты біріктіре отырып бұқаралық әрекетке айналады. Бұқаралық көңіл-күйдің саяси мінез-құлықты реттеу және көрсету қызметтері саяси жүйені модификациялауға әкеледі. Стратегиялық саяси-психологиялық бағалау қызметі саяси шындыққа қатысты, оны түсіну тәсілін, қандай да бір саяси ойды қалыптастырады.

Бұқаралық көңіл-күйдің ықпал ету мүмкіндіктері бар. Олар насихаттық-идеологиялық (талаптарды алдап-арбау) және әлеуметтік-саяси (шынайы өмір деңгейін алдап-арбау). Бұқаралық көңіл-күйді талаптар мен оларға қол жеткізу мүмкіндіктерін теңестіру арқылы тұрақтандыруға болады.

Скачать/Жүктеу

Похожие материалы

  • Похожих материалов нет. Попробуйте найти через Поиск

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Электронный адрес [email protected] / Сайт картасы