Жарапазан


Скачать/Жүктеу

Жарапазан – қазақ ауыз әдебиетіндегі тұрмыс‑салт негізіне байланысты туындап, кең тараған өлең түрінің бірі. Ораза ұсталатын рамазан айында ғана орындалады. Жрапазанды еркектер де, балалар да айта береді. Негізгі шарты ораза басталып, ауыз бекіткеннен кейін кешке қарай ауыз ашып, ел тамақ ішіп көңілдері жадырайды. Сол мезілде жарапазаншылар үй‑үйді немесе ауыл‑ауылды аралап, жарапазан өлеңін әнге қосып айтады.

Жарапазан айту мерзімінің де өзіндік тәртібі бар. Ораза ұсталатын отыз күн бойы үздіксіз айтылмайды. Ең алдымен оразаның бас кезінде үш күн жарапазан айтылады. Жарапазан өлеңдері адамгершілікті, имандылықты, әдәлет пен адалдықты дәріптейді. Өзіндік сарыны бар. Негізінен діни сенім арқау болады.

Жарапазан өлеңі он бір буынды қара өлең ырғағымен келеді. Тек әр шумақ айтылып болған соң: «Бай Мұхаммед үмбетіне жарапазан, Оразаң қабыл болсын ұстаған жан» деген тілек қайталанып айтылып отырады. Жарапазан айтқан үйден ырымен алғаннан кейін міндетті түрде бата та беріледі. Бата жыр түрінде болып келеді де, жақсылық, ізгілік ниет білдіреді.

Жарапазан өлеңдері

Үйің, үйің үй екен,

Үйдің көркі ши екен,

Саба көркі бие екен,

Ақ ордадай көрінген

Қай кісінің үйі екен?

 

Ассалаумағалейкум, ақтан келдік,

Күн шығып, айы туған жақтан келдік.

Біз айтсақ жарапазан ‑ әдет‑ғұрып,

Пайғамбар жолын қуып атқа міндік.

 

Бай Мұхаммет үмбетіне жарапазан,

Оразаң құтты болсын, ұстаған жан.

 

Айтамыз жарапазан еліңізге,

Байланңыз парша орамал беліңізге.

Байланса парша орамал белімізге,

Қайтамыз мақтай‑мақтай елімізге.

 

Мінгені Пайғамбардың сары атан‑ды,

Әр үйге тұрсақ мұндай таң атады.

Әкеліп ықыласыңмен садақанды

Қол жайып, құдай үшін ал батамды.

 

Айтамыз жарапазан ауылыңа

Бақ қонсын бар мұсылман қауымына.

Береке құт әкелсе наурыз көктем,

Жаз жайлау қарқ болсын шуылыңа.

 

Ана уаылға барып едім, тайлақ берді,

Ала жіппен тайлағын байлап берді.

Ойпырмай, сол шіркіннің мырзасын‑ай,

Асырып алты қырдан айдап берді.

 

Ақ тауық, қызыл тауық құрман шашар‑ай,

Осы үйде бір жеңгем бар теңге шашар‑ей.

Теңгені шашпай‑ақ қой қолыма бер,

Жаныңды қу қыздар бар ала қашар ей.

 

Меккеде бір ағаш бар басын иген,

Жайқалып жапырағы жерге тиген.

Береді бәсіресін бізге сақтап,

Осы үйде бір жеңгем бар құдай сүйген.

 

Айтамыз жарапазан есігіңе,

Ұл берсін пайғамбардай бесігіңе.

Наурыз көктемімен ырыс келсін,

Молшылық ала келсін несібіңе.

 

Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,

Намаз бен оразада – үлкен жұмыс.

Ұстасаң оразаны жұмағыңа

Шашылар жемістері уыс‑уыс.

 

Айтқанмен жарапазан тоямыз ба,

Санатын сахабаның қоямыз ба?

Санатын сахабаның қойып кетсек

Барғанда ақыретке оңамыз ба?

Бай Мұхаммет үмбетіне жарапазан,

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.

 

Берген сыйды алған соң берілетін бата:

 

Бұрама темір, сым темір,

Отқа салса жанбасын,

Суға салса батпасын.

Тәңір берген нәсібе

Тепкілесе кетпесін!

Әумин!


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы