Сүйінші


Скачать/Жүктеу

Халқымызда біреу екінші адамға жақсы хабар жеткізіп қуантса, сүйінші кәдесін алатын салт бар. Бұрынғы әдет‑ғұрып заңы бойынша жоғалған қымбат затты тауып, не оның қайда екенін көрсеткен, не ұрыны ұстаған адамдар иесінен сүйінші дәметкен, егер иесі бұны беруден қашқақтаса, биге жүгінуге хақылы болған.

Сүйінші көлемі хабаршының көрсеткен қызметіне және жоғалып табылған заттың бағасына байланысты анықталған. Мәселен, ұрланған малды тауып әкеліп берсе, одан әлгі малдың құнынан жиырмадан бірін, ал ұрыдан тартып алса, бестен бірін, ал ұрының өзін әкелсе, ұрланған малдың жарты құнындай сый алған. Егер хабаршы жоғалған малды көрмей, оның қайда екенің естуі бойынша жеткізсе, құлақ сүйінші алған. Ұры жоғалған малды өзі әкеліп берсе, әрине сүйінші дәметуге хақысы жоқ. Егер жоғалған малды табуға, не ұрының мойнына қойып беруге уәде етіп, сүйінші алған адам, уәдесін орындамаса, алған сүйіншісінің белгілі бір бөлігін қайтаруға тиіс.

Жалпы қазақ халқында сүйінші жақсылықтың нышаны. Беті балбұл жанып сүйінші сұрай келген адамға қалағаныңды ал, деп қолын еш қақпаған. Күні бүгінге дейін бұл дәстүр жалғасын тауып, сүйінші сұрау жақсылықтың, қуаныштың нышаны болып келеді.

Шашу

Шашу – көбінесе жақсы тілектің айғағы түрінде көрінетін сұлу да көңілді дәстүр. Әсіресе қой қырқымы, бие байлар, күйек жұмылдыру үшін шашу шашатын дәстүрді мейлінше құптау керек. Бұл орайда «Қырман майлау», «Сабантой», «Дүкен майлау», «Бие бау», «Жол аяқ» деп аталатын дастарқан жаю жоралғысы шашу шашса, көрер көзді қуантып, жарасып тұрады.

Көрімдік

Халқымыз жақсы сөзді жарты бақытқа балайды. Сонымен бірге адам көңілінің бір атым насыбайдан да қалатынын ескертеді. Өмір тіршілігіміздегі әрбір құбылыс адам сезімнің шежіресі ғой. Жақсы ат мініп, лотореямен «жигули» ұтып, әйелінің ұл табуы, жақсы көйлек киген күні де көңілің өсіп жүреді. Осындайда ішкі мәдениеті кемел, сезім парасаты бай кісілер әлгі қуаныш иесін құптап, одан сайын қуанышқа кенелту үшін көрімдік береді. Бұл игі рәсімнің халықтың дәстүрге айналғаны сонша, қуаныш, иесінің, «көрімдік бермесең, көрсетпеймін» деп бұлдана алатыны бар.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы