Скачать/Жүктеу
Мазмұндық құрылым информатика мұғалімдері үшін келесі деңгейлер бойынша беріледі:
- Іргелі. Бұл ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн мамандық деңгейлерiне сәйкес шешуге мүмкiндiк беретiн бiлiм мен бiлiктiлiктердi және дағдыны қалыптастыру.
- Базалық. Оның мазмұны мұғалiмнiң ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне жан-жақты пайдалана бiлуімен анықталады.
- Арнайы. Бұл “Информатика және ақпараттық технология” пәнiн берудiң әдiстемелiк мәселелерiн шешумен анықталады
Білім беру мекемелерінің басшылары мен пән мұғалімдері үшін мазмұндық құрылым келесі деңгейлер негізінде анықталады:
1. Педагог мамандардың қызметіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану бағытындағы элементарлы-бейімделген деңгейі. Бұл деңгейде келесі мазмұндар қарастырылады: компьютермен және оның құрылғыларымен жұмыс жасау техникасы; компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндіктері; оқу процесіне қолданбалы программалық құралдарды қолдану дағдылары. Сонымен бірге келесі мәселелер де қарастырылады: білім беруді ақпараттандыруды нормативтік-құқықтық жағынан қамтамасыз ету; ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім беру жүйесіне енгізудің тұжырымдамалық негіздері; білім беруді басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар және т.б.
2.Қызметтік-ізденістік деңгей. Мұнда педагог мамандар ақпараттық технологиямен жұмыс жасау негіздерін практикалық түрде меңгереді. Сондықтан мұнда жұмыс орындарын автоматтандыру процесін құру технологиясы (АЖО-директор, АЖО-оқу ісінің меңгерушісі, АЖО-сабақ кестесі, АЖО-кітапхана және т.б. ) және мультимедиялық электрондық оқу құралдарын жасақтау алгоритмі сияқты мәселелер қозғалады. Сонымен бірге келесі сипаттағы мәселелер де қарастырылады:
- білім беруді ақпараттандырудың теориялық негіздері;
- білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің психологиялық-педагогикалық негіздері;
- педагог мамандардың біліктілігін көтеру жүйесіне ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолданудың дидактикалық шарттары;
- ақпараттық технология негіздерін оқытуда жобалау және итерактивтік әдістерді қолдану негіздері;
- басқарудың ақпараттық жүйесін автоматтандыру моделі және оқу процестерін ақпараттандыруды дамыту технологиясы.
3. Жүйелік-шығармашылық деңгей. Мұнда келесі мәселелер қарастырылады: электрондық оқу-әдістемелік құралдарын жасақтау алгоритмі; автоматтандырылған жұмыс орнын жасақтау технологиясы: «АЖО-директор»; «АЖО-оқу ісінің меңгерушісі»; «АЖО-бухгалтер»; «АЖО-сабақ кестесі»және т.б.; әлемдік ақпараттық кеңістікке ену мақсатында web-сайтты жасақтау; оқыту әдістерін жетілдіру және т.б.
Сонымен бірге педагог мамандардың біліктілігін және курстың сапалық өлшемін айқындайтын компьютерлік тест сұрақтарын құрастыру алгоритмі түсіндіріледі.
Оқу процесінде пайдаланылатын мулътимедиялық үйретуші программалардың, тексеру программаларының, электрондық оқулықтардың өскелең өмір талаптарына сай дайындалып, компьютерді окыту кұралы ретінде пайдалана алатындай деңгейде болуы керек. Бұл мәселе өз алдына үлкен ғылыми ізденістерді талап ететін мәселе, сондықтан осы мәселе жөніндегі зерттеулер одан әрі жалғасуда.
Қоғамды ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді:
- Білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;
- өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.
Бағыт беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
методологиясын жетілдірумен стратегиялық мазмұнын таңдау;
әдістерімен формаларын ұйымдастыру;
қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
педагог мамандардың инттелектуалдық потенциялын дамытуға бағыттау;
өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
информациялық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
тестілік, диагностикалық бақылау әдістерімен білім деңгейін бағалау.
Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас коммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекомуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:
v ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;
v жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіләлемдік информациялық кеңістікте интеграциялау;
v біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;
v білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.
Қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру қызметкерлерінің біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналып отыр.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие. Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне пайдалануға жан-жақты дайындық курстарын ұйымдастыруымыз қажет.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше.
Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі тренинг курстар өткізілу қажет. Ол үшін бір жүйеге келтірілген, әрі білім беру қызметкерлерінің категорияларының ерекшелігі ескерілген оқу бағдарламалары жасақталуы қажет. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Аталған мәселені шешу бағытында ғылыми түрде дәлелденген және бір жүйеге бағытталған тұжырымдама жасақталды.
Оку кызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көпуакытты қажет ететін есепгерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз.
Оқу процесіне жана информациялык технологияларды енгізу ісі математикамен де тығыз оайланысты. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компъютерлік негізге ауыстыруға болмайды.
Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылык ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Оқушылардьң пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген кызығушылықты тудыра білуінен басталады.
Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін көтерері сөзсіз. Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.